Мəдениет жəне өнер факультеті «Театрлік – хореографиялық өнер жəне кітапханатану» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет51/85
Дата27.11.2023
өлшемі0,77 Mb.
#130354
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85
Өзін – өзі тексеретін сұрақтар: 
АК – да карточкаларды орналастыруда 
жүйелеу элементтерін қолдану дегеніміз не?
 
Əдебиеттер тізімін қара 
Дəріс №17 
Тақырып :
ЖК , ұйымдастыру жəне жүргізу. 
Дəрістің мақсаты:
ЖК ұйымдастырудың теоретикалық негізі ұйымдастыру 
жəне жүргізуді үйрену
 
Дəріс мазмұны: 
ЖК ұйымдастырудың теоретикалық негізі. ЖК кітапханада 
16 ғасырдан бастап кең тарады. Бұл каталог жөнінде алғашқы теориялық
жұмыстардың бірі 1664ж. шыққан Хоттенгердің еңбегінде кітаптарды
мазмұндары бойынша бейнелейтін реалдық каталог деген термин
қолданған. 19 ғасырдың басына қарай ЖК əрбір кітапханаға керек
каталог деп есептелінді. Кітапхана жұмысында 35 жылдай қызмет еткен
неміс ақыны Гете Фишер жəне қаладағы кітапхананы басқара отырып 
ЖК өте жоғары бағалады. Оның схемасын жасады, өзі каталог
құрастырды. Кітапхананың ғылыми жағынан құндылығын ЖК-ның
сапасы бойынша айқындауға болады деп есептеді. ЖК жөнінде
сұрақтар Ф.Ибеттің (1829) кітапхана ісі жөніндегі еңбегінде қаралды. 
Бірыңғай жүйе етіп ЖК-ты əзірлеудің қиыншылықтарына байланысты
əр сала бойынша салалық каталог əзірлеуді ұсынды. ЖК теориясы 
көбінесе германия кітапханаларында дамыды. Ол жөнінде мəселелер 
көбінесе 20 -30 жылдары құралды. 
Мысалы: Р.Кайзердің «Реальный каталог» (1933ж) деген еңбегі 
.А.Мейердің еңбектерінде қаралады. Соңғысы каталогтың мазмұны 
бойынша ескеруі болдырмау үшін ондағы материалды хронологиялық 
кезеңдер бойынша ұсынады. Кейіннен ЖК жөнінде И. Форстюрстің, Г. 
Радловтың т.б. авторлардың еңбектері жарияланды. 
Ағылшын кітапханашыларының ішінде ЖК жөнінде Д. Браунның (1912), 
Б. Пальмердің (1951) еңбектерін атауға болады. ЖК сұрақтары Американ 
кітапханашыларының 
еңбектерінде 
аз 
қаралды. 
Себебі 
АҚШ 
кітапханаларында негізінен сөздік каталог кенінен таралды. Шетел 
кітапханатанушыларының 
ішінде 
жаңа 
еңбектер 
ішінде 
Индия 
Рангонатанның еңбектері шықты. Ресей кітапханашыларының ЖК
теориясының сұрақтары жөнінде көптеген еңбектері бар. Кітапхана
қорын мазмұндары бойынша жүйелік ұйымдастыру жəне ЖК
ұйымдастыру сұрақтары Ресей Кітапханаларында ертерек пайда болды. 
Соңғы жылдары 19 ғас. ЖК дамытуда Ресей ғылым академиясының 
кітапханасының енбегі орасан зор. 1742ж. жасалған оның камералық
каталогы ЖК ретінде жасалған. Кейіннен Москваның шетелдер ісі 
коллегиясының архивның Миллердің əзірлеуімен (1776) ЖК жасалды. Орыс
кəсіпкері П.Г.Демидовтың жеке меншік кітапханаларының ЖК-гы болды 
(1806). Ресейде ЖК дамуында СПб бұқаралық кітапхананың (директоры 
Оленин) Москвадағы ғылым академиялық кітапхананың (директоры К. 


Абер) қосқан үлестері зор. Əсіресе Москва дневнигінің кітапханалық 3
томдығы ЖК-да маңызы зор болды. Орыс библиографы В.И.Мехов өзі
əзірлеген көрсеткішін көмекші есімдер пəндік көрсеткіштерін
қамтамасыз етті. Ол көрсеткіштерді жүйелік сипатта əзірледі. 19 ғ. 
Аяғына қарай Ресейдің көптеген кітапханалары (Университет жəне 
бұқаралық кітапханалар) өздерінің баспа ЖК əзірлеп шығарды. Ресей 
кітапханаларды əсіресе бұқаралық кітапхналарда көп жылдар бойы еңбек 
еткен Симеев ЖК жоғары бағалады. Кітапхананың ең басты міндетінің бірі 
каталогтар əзірлеу деп есептелінеді. Бертін келе 20ғ. 20 жылдары Кеңес
үкіметі құрылғаннан кейін Кеңес кітапханаларында ЖК-мен пəндік
каталогты ұйымдастыру жөнінде өткен дискуссияның маңызы зор
болды. 20 – 30 жылдары кеңес кітапханаларына қойылған міндеттеріне 
байланысты 
(жұмысшы 
мамандарын 
əзірлеу, 
техниканы, 
ауыл 
шаруашылығын дамыту) пəндік каталогты жасаудың қажеттілігі күшейді. 
1936ж. кітапханатану мен библиография сұрақтары бойынша теориялық
сұрақтары бойынша теориялық кеңесте ЖК сұрағы талқыланды. Н.К. 
Крупскаяның басшылығымен өткізілген бұл мəжілістің мамандардың айтқан 
пікірлері бойынша кітапхананың типіне қарамастан ЖК құжаттарды 
мазмұндары бойынша бейнелейтін ең қажетті каталог деп есептелді. Ао 
пəндік каталог жеке пəндер мен сұрақтар бойынша құжаттарды бейнелеуші 
ғылыми жəне арнаулы кітапханалар үшін нəрсе ЖК бір салалық тұрғыда 
əртүрлі пəндерді бейнелейді. Ал пəндік каталог болса бір пəн жөнінде, 
əртүрлі пəндер жөнінде көптеген тұрғыда көрсететін каталог. ЖК теориясына
жəне оны дамытуға Ресей кітапханатанушыларының ішінде
Доброженский, Русинов, Шамурин, Троповский т.б үлкен үлес қосты. 
ЖК сұрақтары бұрынғы КСРО-да КБЖ кестесінің дамуымен тығыз
байланысты қаралып отырды. ЖК екі бөлімнен, құрылымнан тұрады. 
1.ЖК-ң өзі білім салалары бойынша жəне оған көмекші құрал
алфавитін, пəндік көрсеткіш, кітапхана қорын əртүрлі білім салалары
бойынша бейнелеп көрсетуіне байланысты ЖК ақпараттық қызмет
атқарады. 
2.ЖК-ң бөлгіштерінің арасында бір-бірімен байланыс көрсетіледі. 
Кітапханаға келген оқырмандар өздеріне керек нақты əдебиеттерді
емес, белгілі бір тақырып бойынша талаппен келген жағдайда ЖК
пайдалану өте пайдалы. ЖК пайдалану арқылы жаңа сұрақтармен, білім 
салаларымен танысып кітапхана қорының байлығын шолып көруге болады.
Сөйтіп кітапхана қоры онымен пайдалана алады. Жаңа бөлім қоршаған орта 
жөнінде қоғам, табиғат жөнінде жаңа мəселелермен танысуға мүмкіндік 
алады. ЖК кітапханаларында баспа кітаптары түрінде жəне электронды
каталог ретінде əзірленеді. Бұлардың ішінде дəстүрлі карточкалардың
ЖК өзінің көрнекті əзірлерімен ерекшеленеді. ЖК кітапхананың ішкі
жұмысында көп пайдаланылады. Мысалы: қор жинақтауда, анықтамалық-
библиографиялық жұмыста, кітап көрмелерін жасағанда, көпшілік
əдебиеттерді насихаттау жұмыстарында т.б. Кітапханалақ есептеу қай 
түрінде болмасын, əдебиеттердің түскен түрлерінен бастап пайдалануға 


берілгенге дейін есептеудің барлыұқ түрінде кітапханалық əдебиеттерді 
жүйелеудің негізінде жүргізеді. Сондықтан да ЖК ұйымдастырудың үлкен
маңызы бар. ЖК ұйымдастыру төмендегі жұмыс операцияларынан
тұрады: 
1.Каталогтау паспортын жасау 
2.Каталогтау бөлімдерін қалыптастыру жəне оларды орналастыру 
3.Каталогтау бөлімдерінің ішінде карточкаларды топтау 
4.Каталогты көріктеу 
5.Каталогқа көмекші аппараттар жасау 
6.Каталогты редакциялау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет