Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет58/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

ЖІТІМ:  ӨЛІМ-ЖІТІМ.  Көне  түркі  жазба  ескерткіштерінің 

тілінде йіт- етістігі «жоғалу, жоқ болу» деген мағынаны білдірген, 

мұнда  да  өл-йіт-  деп  қосарынан  қолдану  бары  көрсетілген  (ДС, 

263). Демек, өлім сөзі бүгінгі қазақтарға түсінікті, ал жітім – «бір 

нәрсенің жоқ болуы», яғни жоқ іздеп жүрмін дегендегі жоқ сөзінің 

мағынасын  беретін  тұлға.  Көне  түркілерде  «жоғалған  зат  («мал») 

ұғымында  йітүк  (жітік)  тұлғасы  болған:  ер  йітүк  сурды  –  «кісі 

жоралған нәрсе (жоқ) туралы сұрады (сұрастырды)».

Демек,  өлім-жітім  тікелей  беретін  «өлген,  өшкен,  жоқ  болған, 

жоғалған» деген мағынадан шығып, «шығын, қаза» деген жинақтау 

мәнді білдіретін қос сөзге айналған. Бұл көбінесе малға қатысты ай-

тылады: мал тек өліп қоймайды, сонымен қатар өзгеше түрде де «жоқ 

болады»  ғой:  ұрланады,  ит-құсқа  жем  болады,  тұралап  қалады  т.т. 

Осы соңғы жоқ болушылықты қос сөздің жітім сыңары білдіретін 

сияқты немесе бұл компонент алдыңғы «жоқ болушылық» – өлім де-

ген ұғымды күшейте түсуге келген «көмекші күш» болып танылуы 

мүмкін.

Біздің  байқауымызша,  «өлтірді»  мағынасындағы  басына 



жетті  деген  тіркестің  о  бастағы  көне  түркілік  қолданысы  басы 

йітті (жітті) болса керек. Демек, ол «басы жоқ болды, өлді» де-

ген ұғымдағы тіркес болып шығады. Соған қарағанда, қазіргі қазақ 

тіліндегі «көзін құрту, жоғалту, тығу, жасыру» мағынасындағы жы-

тыру етістігінің фонетикалық варианты деп қарауға болады. Жуан ва-

рианты жеке қолданылатын сөз болып сақталған да жіңішке нұсқасы 

тек сөз тіркесінде «сіріленіп» қалған сияқты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет