304
қосу – ұлы ақынның тіл дамуында айрықша қызмет еткен
каламгердің еңбегі.
Бұл жерде Абай өзіне дейінгі дамыған, халықтың эстети-
калық-рухани сұранысын сан ғасыр бойы өтеп келген қазақ
поэзиясы тілінің жалпы заңдылықтарын сақтай отырып, қазақ
өлең сөзіне орасан көп өзгеріс-жаңалықтар енгізді деп кесіп
айтуға болады.
Абайдың қазақ поэзиясы тіліне қосқан үлесі, істеген еңбегі,
енгізген жаңалықтары ретінде мына тақырыптарды көрсетіп,
оларды жеке-жеке талдаған жөн:
1) поэзия тіліне қаламгер қолтаңбасын салу дәстүрі, яғни
шығармашылық (творчестволық) контекстдегеннің Абайда
айқын көрінуі;
2) өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер;
3) айқындық пен дәлдік;
4) фразеология саласындағы жаңалықтар мен өзгерістер;
5) жеке сөздерді тандап, талғап жұмсау, оларды поэтизмге
айналдыру;
6) өлеңнің синтаксистік-композициялық құрылысына енген
өзгерістер.
Бірінші. Абайда өз қолтаңбасының (шығармашылық кон-
текстің) айқын көрінуі. Абай, Пушкин сияқты, әдебиеттің,
яғни өлеңнің іші «поэтикалық ойға»–«идеяға» толы болуы-
на күш салды. Ойға, мазмұнға құрылған өлең сол ойды дәл,
әсерлі етіп беретін амал-тәсілдерді іздеттірді. Сондықтан да
Абайда өлең мазмұнын, ақынның айтпақ идеясын білдіретін
элементтердің айқындала, көріне түсуі басым, яғни Абайдан
«шығармашылық контексті» көре аламыз. Шығармашылық
контекс дегеніміз – жазушының көркемдік-бейнелеуші түр-
тұрпатын тікелей көрсететін тілдік фактілер жүйесі
204
болса,
бұл тұрғыдан келгенде, Абайдың тілі өзіне дейінгі, өзімен
тұстас қазақ көркемсөзі тілінен ерекшеленіп тұрады.
Абайдың өз қолтаңбасын сипаттайтын мынадай тілдік
фактілерді көрсетуге болады:
204
Достарыңызбен бөлісу: