Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет89/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

салу, жағасы сөгілу, қара қазан, сары бала, кең дүние, жалған 
дүние сияқты тұрақты тіркестер ортақ қор болса, осылардың 
қатарынан образды эпитеттермен келген тіркестерді де молы-
нан көреміз.
Дулат та өзінің алдындағылар сияқты қару-жарақ, сауыт- 
сайман, жауға мінер аттардың атауларын эпитетпен қолда- 
нады, тек айырмашылық – Дулаттың көбінесе дайын анықта- 
уыштардан гөрі, мағыналары соларға жуық, солар типтес 
өзге баламаларын беретіндігінде. Мысалы, Дулатта: айбар-
лы ақ орда (салыстыр, Қазтуғандарда: еңсесі биік боз орда, 
қалайылаған қасты орда), шаншулы найза (алдыңғыларда: 
толғамалы найза) т.б. Бұл – қазақ поэзиясының ұзақ уақыт 
дәстүрлі болып келген көркемдеуіш амалдарының бірі.
Сонымен қатар Дулатта жаңа сапалық өзгерістердің эле- 
менттері де айқын сезіледі. Фразеология әлемінде ақын екі 
түрлі жаңалықты енгізген: бірі – жаңа перифрастикалық 
тіркестер жасауы, екіншісі – жаңа фразеологизмдер ұсынуы.
Перифраз (немесе перифраза) дегеніміз – бір нәрсені немесе 
құбылысты сол нәрсенің (құбылыстың) бір белгісін, қасиетін 
көрсетіп, суреттеп атау
158
. Бұл – тіл-тілдің қай-қайсысында 
да бар амал. Қазақ тілінде де (біз ілгеріде талдаған өлең-
толғауларда) дүние, әлем дегенді «сегіз қиыр, шартарап» деп 
атау, өмірді «жалған дүние» деп суреттеген атаулар кездесіп 
отыратын. Бірақ бұрынғы ақын-жыраулар бұл тәсілді жаңа 
фразеологизмдер тудыруда өнімді түрде қолданбайтын.
158
 Ахманова О. С. Словарь лингвистических терминов. - М., 1966. - С. 312.


201
Дулат болса – перифрастика амалын едәуір жандандырған 
ақын. Ол өз заманын «толқынды теңіз» деп суреттеп атай-
ды: қазақ қоғамының өз тұсындағы саяси-әлеуметтік күй-
жағдайын ой-пікірде, іс-әрекетте, саясатта, талап-талғамда 
жел қайық сияқты жеңіл дүниелерді бетінде қалқытпайтын 
«толқынды теңізге» балап атайды. Жекпе-жекке шыққан екі 
батырдың біреуінің жеңіліп, қаза табуын «тіршілік пен өлімнің 
ұзақ дауы шешілген» деп суреттеуі де – соны перифраз: адам 
өмірінің өзі – «тіршілік пен өлімнің дауы, ұзақ дауы», өлім – 
сол даудың шешілуі, дауласушы жақтардың біреуінің жеңуі. 
Немесе арман- аңсағанына жете алмай, тірлікте тапқан рухани 
олжасынан гөрі, өкініші басым болып өткен өмірді «құмар ой-
нап ұтылған саудагер сарт» деп атауы да – дәл айтылған, тың 
перифраз. Заманындағы әр алуан қайшылықтарды шеше алмай 
қиналған, ел басшысы – пысықтарға разы емес ойшылдың об-
разын беруге «саулы иіп Дулат жүр, місе тұтып тұлыпты» де-
ген перифразды ұсынады. Міне, осы типтес образдар Дулатта 
едәуір мол және тұңғыш рет бой көрсеткен.
Дулаттан өзіне дейінгі көркем әдебиетте көп кездеспейтін 
және бір тәсіл басталады. Ол – мағыналары жағынан бір-біріне 
жанаспайтын сөздерді тіркестіру. Мысалы, «Әкеңнің айтқан 
аз сөзін, Құтысына көңліңнің, Төгіп алма, дәлдеп құй» деген 
жолдарында ақын көңілдің құтысы, сөзді құю деген сияқты 
тіркестер жасайды. Мағыналары жагынан көңіл мен құты 
сөздері – түйіспейтін, «ауылдары алшақ қонған» дүниелер: 
көңілдің құтысы шындыққа сай емес: құты – сауыт, ол нақты 
бір затқа ғана телінеді: оқ-дәрінің құтысы, насыбай сала-
тын құты, ал көңіл деген – қолға ұстап, көзбен көріп, құтыға 
салуға болатын нақты зат емес, дерексіз ұғым. Сондай-ақ сөз 
деген де – зат емес, оны да құтыға суша, сүтше құюға бол-
майды. Бірақ икемі күшейген, әдісі көбейген әдеби тіл мұндай 
қабыспайтын дүниеліктерді қабыстырып, жаңа ассоциация 
беретін (шендестіріп жаңаша қабылдайтын) образ жасай ала-
ды. Бұл тәсіл қазақ әдеби тілінде ХIX ғасырдың орта шенінен 
бастап жиі көріне бастады деуге болады.
Дулаттың жоғарғы тіркестерінен басқа: жырдан алқа тағу, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет