301
сақталып, келесі дәуірлерде қайталап келіп, стандарттануы
осы принцип бойынша жүзеге асады. Бұл
белгі ауыз әдеби тілі
мен жеке авторлар тілінің арасында да, әр дәуір ақындарының
өз араларында да сақталған. Сондықтан эпостық жырлардағы
көптеген фразеологизмдер немесе бір жыраудың (ақынның)
толғауында ұшырасатын штамптар екінші бір ақындарда (жы-
рауларда) ұшырасуының бір себебі – жаңа кезеңге дейінгі
қазақ әдеби тілінің осы көрсетілген даму принципінен туған
зандылық болып табылады. Бұл заңдылық әдеби тәсілдерді
шындай түсуде, әдеби нормаларды тұрақтандыруда үлкен рөл
атқарды.
Абай өзіне дейінгі қазақ әдеби тілінің осы екі даму прин-
ципін де қолдады: ол да, бір жағынан, жалпыхалықтық сөйлеу
тәжірибесінен негізін үзбеуді көздесе, екінші жағынан, бұрын-
нан келе жатқан дәстүрлі элементтерді де жоққа шығармай,
барынша пайдалануды мақсат етті. Бірақ Абайдың жаңашыл-
дық әрекеті – бұл дәстүрді бұлжытпай сол күйінде пайдалану
емес, әрі қарай толықтырып, жаңа мазмұнға сай етіп қолдануға
алып барды.
Абайтанушылардың жазғандарына қарағанда, Абай қазақ-
тың бай ауыз әдебиетін, өзіне дейінгі және өзімен тұстас
Арқа, Жетісу ақындарын жақсы білген, тілдеріне зер салған.
«Сөздері бірі – жамау, бірі – құрау» деп, сол әдебиеттің
ең бет-
ке шығар үш өкілі – Бүхар, Шортанбай, Дулатты сынағанымен,
олардан көп үйренген, бұл сөзінде Абай олардың өлең ұй-
қастарын, сөз қиыстырған ақындығын олқысынбаған, үшеуінің
бірдей идеясын, ой
кедейлігін сынаған
200
.
Абайдың тұсында және сәл алдыңда қазақ халқының
мәдени-рухани дүниесіңде ауызша да, жазбаша да түрде
тараған әр алуан әдебиет саласы барлық жағынан екі ұдай
топқа бөлінді. Тақырып жағынан: азаматтық және діни әдебиет;
жанр жағынан: көркем әдебиет және өзге жанрларға жататын
үлгілер; тегі жағынан: төл және аударма әдебиет; тілдік негізі
жағынан: қазақтың халықтық сөйлеу тілге сүйенген және ескі
түркі жазба дәстүріне иек артқан әдебиет түрлері.
Осы екі ұдайылық бір-бірін әрдайым жоққа шығара бер-
200
Әуезов М. Абай Құнанбайұлы // Абай Құнанбаев.
- Алматы, 1967. - 129-130-б.