11
жазды. Абайдың алдында өткен Шортанбай, Базар, Бұхар
жыраулар жазба әдебиет өкілдері, Абайдың ірі ақын болуы-
на себепкер – осы бай әдебиет дегенді С.Мұқанов та айтты
17
.
Қазақ тілі тарихына назар аударған ғалым – Н.Сауранбаев
қазақтың толық мағынасындағы әдеби тілі Совет заманында
ғана қалыптасты дегенді айта отырып (сірә, ғалым бұл жерде
әбден кемелденген, әлеуметтік қызмет өрісі кеңейген, стильдік
тармақтарға бөлінген, ауызша да, жазбаша да түрлері дамыған
ұлттық әдеби тілді көздей айтқан болар), оның революциядан
бұрын жасалған бірнеше заттық, ұлттық негізі болды дейді.
Олар: «1) XVIII ғасырдың II жартысынан бастап, XIX ғасыр-
дың аяғы, XX ғасырдың басында іргесі қалана бастаған жазба
әдебиет дәстүрі, 2) көп ғасырлар бұрын шығып қалыптасып,
қазақ халқымен бірге келе жатқан ауыз әдебиетінің дәстүрі,
3) қазақ руларының сөйлеу тілі»
18
. Демек, бұл зерттеуші қазақ-
тың жазба әдеби тілінің басын XVIII ғасырдың II жартысы-
нан алады. «XVIII-XIX ғасырларда және XX ғасырдың басын-
дағы қазақтың жазба әдебиеті деп отырғанымыз: 1) ауыз әде-
биетінің арнасынан шығып, жазба әдебиеттің дәстүріне түсе
бастаған, сол замандағы қоғамдық өмір туралы сюжетті бірне-
ше әдеби шығармалар қалдырған Бұхар, Дулат, Нысанбай сияқ-
ты ақындардың шығармалары, 2) шығыс әдебиетінің дәстүрін
қазақ жеріне таратып, оны дәріптеген жазба ақындардың:
Жүсіпбек Шайхысламұлының, Шәдінің, Ақмолданың т.б. шы-
ғармалары, 3) Абай, Алтынсарин бастаған ағартушылық, демо-
кратияшыл бағыттағы жаңашыл ақындардың шығармалары»
19
.
Сөйтіп, әдеби тіл деген категорияны қазақ тіліне қалайша
қатыстыруға болады? Қазақтың жазба әдеби тілінің жаңа кезеңі
(осы күнгі түрі) басталғанға дейін, яғни «XIX ғасырдың екінші
жартысына дейін қазақта әдеби тіл болды ма? Болса – жеке-
дара біреу ғана ма, жоқ, бір қоғамға екі әдеби тіл қатар қызмет
етті ме?» деген сияқты сұрақтарға жауап беру керек.
«Әдеби тіл» деген ұғым – қазақ тілі үшін де тарихи,
құбылмалы түсінік. Қазіргі қазақ тілі үшін оның жазба түрінің
болуы, сан салалы стильдерге тарамдалуы, қоғам өмірінің
17
Достарыңызбен бөлісу: