109
Ал «Заманыңды жамандап» деп басталатын толғауында
жа-
мандап деген сөзді және (пәленді)
қайдан табарсың, (түгенді)
қайдан табарсың деген сұрауды қайталап келтіреді:
Арғымағың
жамандап,
Тұлпар қайдан табарсың?
Тұйғыныңды
жамандап,
Сұңқар қайдан табарсың?
Қайталаулар мен параллельдер – тек дидактикалық толғау-
ларда ғана емес, жалпы XV-ХVII ғасырлардағы көркемсөз иеле-
рінің шығармашылығына тән тәсіл. Мұны арнау толғаулардан
да, портрет өлеңдерден де табамыз. Қазтуғанның «Алаң да
алаң, алаң жұрт» деп басталатын толғауы
жұрт сөзін қайталау
арқылы, ұқсас және антитезалы сөйлем-хабарларды келтіру
арқылы құрылған:
Атамыз бізің бұ Сүйініш
Күйеу
болып барған жұрт.
Анамыз
біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен
жұрт.
Мұнда
атамыз ~
анамыз, күйеу ~
келіншек деген антитеза-
лар қатысқан әрі бірдей құрылған ұқсас, әрі ішінде
жұрт сөзі
қайталаған параллельдер екені көрінеді.
Доспамбет жырау өзі туралы толғаған өлеңінде
өкінбен
сөзін сан рет қайталап келтіреді: «Тоғай қондым –
өкінбен»
...
Жиембет еңсегей бойлы ер Есімге арнаған толғауында
ерлігімді
сұрасаң... өрлігімді сұрасаң деген қайталауларды ұсынады. Бұл
қайталамалардың баршасы стильдік мақсат көздегендіктен
туған: алдымен, осы тәсіл арқылы автор аналогияға барады,
ал аналогия – жыраулар шығармашылығының басты белгісі,
екінші, параллельдер құрайды, бұл да – осы дәуірлердегі по-
эзия тілі үшін бірден-бір қажет амал. Параллельдер арқылы не
ұқсастық, не қарама-қарсылық идеясы ұсынылады. Үшіншіден,
белгілі бір сөз-образға логикалық екпін түсіреді (мысалы,
ол,
жер, жұрт сөздерінің тармақ соңдарында қайталамаларына
назар аударыңыз).
Қайталамалардың және бір түрі бір сипаттас сөйлемдер
арқылы жүзеге асады. Мысалы, көптеген толғаулар бір текті
сұраулы сөйлемдердің немесе қаратпа сөйлемдердің қайталап
отыруымен құрылған. Бір сипаттас тармақ-сөйлемдердің
110
көпшілігі
-ар (-мас) жұрнақты есімше баяндауышты немесе
«алай ет, бұлай ет» деген сияқты бұйрық райлы баяндауышты
болып келеді:
Жолдасыңа
жау тисе,
Жаныңды аяп
тұрыспа.
Аса
кеш те қоя бер,
Бұрынғыны
қуыспа... (Асанқайғы).
Қайталама элементтерді қолданудың және бір түрі – тол-
ғауды қатарынан бірнеше рет қайталаған бір сөзден бастау:
«
Сіреу, сіреу, сіреу қар...», «
Тоғай, тоғай, тоғай су...», «
Азау,
Достарыңызбен бөлісу: