178
былай деп көрсетті: «Хандардың хаттарын жазғандар қазақтан
емес, татар молдалары – патша үкіметінің агенттері болатын,
сондықтан да еңбекшілердің көтерілістерін «оңбаған халықтың
бүліктері» немесе тіпті «кәдімгі ел тонау» деп сипаттаған. Тіл
жағынан алғанда, қазақ феодалдары атынан жазылған бұл до-
кументтер арнаулы кеңсе тілінің үлгілеріне жатады. Мұнда та-
тар элементтері басым, қазақ тіліне тән элементер әлдеқайда
аз. Орта Азия тілдеріне тән архаизмдер мен арабизмдер
араласқан татар тілі хандар канцеляриясы практикасында
ұзақ уақыт берік сақталып, ресми хат-хабарлардың барлығында
қолданылды. Бұл тіл қазақ халқының көпшілік бұқарасына
мүлде түсініксіз болды»
148
. XVIII-ХIX ғасырларда қазақ
дүниесінде қолданылған ресми қағаздардың тілі туралы қазақ
зерттеушілері де осындай баға береді: «Абай дәуіріне дейінгі
хан-сұлтандардың түрліше грамота-хаттарына келсек, олар
– сол кездегі мода болтан ресми- эпистолярлық стильдің
бөліктері еді. Мұнда шағатай, татар, араб-парсы элементтері
басым болды»
149
.
Келтірілген пікірлерда қуаттай отырып, бұл стильдің
тілін қолда бар материалдар бойынша жүйелі түрде былай-
ша сипаттаута болады. Ең алдымен, талдауға негіз болған
материалдар: 1785 жылы II Екатеринаға Кіші жүз старшина-
ларының Әбілхайыр ханның балаларын хандықтан аласта-
туды сұрап жазған «ғарызнамасы» (прошение); 1785 жылы
Кіші жүздің ханы – Нұралының генерал- поручик О.А.Игель-
стромға жазған хаты; 1787 жылы Ералы сұлтанның полков-
ник Д.А.Гранкин дегенге Нұралы хан мен Айшуақ сұлтанды
босатып жіберуін талап етіп жазған «мағлұмнамасы» (уведом-
ление); 1790 жылы Қара Көбек би және Шұбар билердің Россия
Сыртқы істер коллегиясының мүшесі – граф А.А.Безбородко-
ға жазған хаты; 1790 жылы Сырым Датовтың II Екатеринаға
жазған «ғарызнамасы» (донесение); 1793 жылы Жетісудың бас
старшинасы – Тіленшінің Шерғазы сұлтанта жазған «ағлам-
намасы» (донесение): 1794 жылы қазақ сұлтандары мен
старшиналарының II Екатеринаға жаңа хан тағайындауды
148
Материалы из
истории Казахской ССР. - Т. IV. - М.–Л., 1940. - С.41-43.
149
Кеңесбаев С. Абай – основоположник казахского литературного языка //
Советский Казахстан. - 1955. - № 9. - С. 124.
179
өтініп жазған «ғарызнамасы» (прошение); 1803 жылы Айшуақ
ханның Россия Сыртқы істер министрі – В.П.Кочубейге жазған
хаты; 1821 жылы Шерғазы ханның граф К.В.Нессельродқа
жазған «ғарыз халі» (прошение); 1825 жылы Қаратай
сұлтанның Орынбор әскери губернаторы – П.К.Эссенге жазған
донесениесі.
Достарыңызбен бөлісу: