тан/- тен/- нан/- нен түрінде (-дын, -дін түрі өте аз); есімшенің
өткен шағы негізінен -ған жұрнақты (-мыш аффиксті тұлғасы
бірен-саран, онда да бірер хатта ғана) түрінде, бұйрық райдың
II жақ анайы, сыпайы түрлері қазақша: хауп қылмаңыз, түзік
жазыңыз, іздеп қараңыз, іздеңіз (хауп қылмаң, түзік йазың,
йахшы йүргін, сақ болғын түрлерінде емес).
285
Бір байқалған нәрсе – эпистолярлық жазбаларда етістіктің
сыпайы түрі жиірек кездеседі. Шыңғыс Шоқанмен көбінесе
сыпайы түрде «сөйлеседі»: жазыңыз, жіберіңіз, іздеңіз (ал
Шоқанның әкесіне немесе Садуақас Шормановтың Потанин-
ге, Ладыженскийдің Шыңғысқа сыпайы сөйлеуі – заңды),
тіпті Шоқанның өзі інісі – Жақыпқа «сіз» деп жазады (жау-
ап беріңіз, қайтарыңыз, кеіиікпеңіз). Құнанбай да баласына
«Сіз» деп қояды (...сол жазудан хабардар болұңыз... жазып
жіберіңіз), тіпті Абай да інісіне сыпайы түрде «тіл қатады» (...
Хамритдин молдаға көптен-көп сәлем дегейсіз). Сірә, бұл да –
хат жазу стилінің бір ерекшелігі (белгісі) болар: сыпайы аспект
– ресмиліктің көрінісі тәрізді, ал өткен ғасырда қазақша хат жа-
зысу күнделікті сөйлеу актісінен жоғары тұрған, біршама рес-
ми реңкі бар құбылыс ретінде танылуы әбден мүмкін.
Сөйтіп, XIX ғасырдың II жартысында қазақ тілінің эписто-
лярлық стилі болды. Оның басты белгілері:
1) таза стильдік (құрылымдық) сипаты болды. Ол – хаттың
стандарт эпиттермен келген қаратпа сөзден басталатындығы:
хурматлу, ғизатлу, сүйүклу пәленше. Одан соң (немесе оған
жалғастырыла) «дуғаи сәлем» жолданатындығы. Мәтін ішінде
алхамдилла, иншалла, ма бағда (содан кейін), уа филь-ахир (ең
ақырында) сияқты арабша қыстырмалардың болатындығы.
Хат соңында «язғучы пәленше» деп аяқталатындығы.
2) Түркі жазба элементтері орын алды. Олар лексика са-
ласында да (ошбу, нечүк, һәр нечүк, сөзләштім, ерді, сағ, уғул
сияқты сөздер мен ләкин, уа, һәм, уа ғайри, аның үчүн, білән,
бірлән терізді шылаулар және араб сөздері араласып жасалған
күрделі етістіктер: тасниф қылынды, ерсал айладық, итти-
факта болу т.б.), морфология саласында да (-мыш жұрнақты
есімше, -гу жүрнақты қимыл есімі, есімдіктің мәңә, алар
сияқты түрлері), әсіресе орфография саласында (ж-ның орны-
на сөз басында й жазу, с-ның орнына ш әрпін жазу т.б.) болды.
Бірақ бұл белгі барлық хаттарда қатаң түрде сақталмады, яғни
«түркілік» элементтер кейбіреулерінде, әсіресе Ильминский,
Шоқан, Ладыженский, Садуақас Шормановтардың хаттарында
өте аз. Шоқан, Ильминскийлер тіпті «түркілік» орфография-
ны да көп қабылдамайды, олардың хаттарында қазақ сөздері
286
қазақша жазылған: сөз басында й емес, ж әрпі келеді, с дыбысы
келетін сөздерді с әрпімен жазады, олар кейбір орыс сөздерінің
өзін қазақшалап жібереді (жанарал, поштабай, ыштаб, жа).
Бұл – араб жазуын пайдаланған қазақша жазба дүниелердің
белгілі бір кезеңдегі күй-қалпын тануда принципті мәні бар
құбылыс. Осы тенденцияны өткен ғасырда жарық көрген қазақ
кітаптары мен алғашқы баспасөзі де ұстай бастайды. Демек,
бұл – әдебиет жанрында «шағатайлық» элементтердің қатысуы
норма болудан гөрі, дәстүрліктен қол үзе алмаудың нәтижесі
тәрізді.
3) Эпистолярлық дүниелер тілінің лексикалық және грам-
матикалық негізі қазақ тілінде екендігі. Бұл – ХIX ғасырдағы
қазақ тілінің эпистолярлық стилінің негізі қазақтың сөйлеу
тілі мен сол түстағы ұлттық жазба тілі болғандығын таныта-
ды. Бұл белгіні қазақ авторларының хаттарын Хұсайын Файз-
хановтың Шоқанға татарша («түркіше») жазған хатының
мәтінімен салыстырғанда өте айқын көруге болады. Файз-
хановтағы: тағу барып болмас, мин факир кіші, ақша алурға
йол болмады, баруға деп тұрамын, анда болайым деймін...
сөзлер жиярға, сізнің йаққа баруны бек тіләгән едім, машғул
болурға тіләймін, көп йахшы емес, мың йарумдай болур ми,
бек ару қазақ тілінде йазсаңыз еді... тарих хикаятлары бол-
са, әлбәттә, йахшыдүр, ... мәңә бергәні йоқ, бірісін сізге
йібәрүрмін, білмәймін, аны берүрлер ми? бағышлаңыз, мені
адресім бу илә
190
деген сияқты татарша-түркіше сөз, сөйлем
түрлері қазақ хаттарында жоқ.
4) Эпистолярлық жазбалар тілінің лексикасында орыс
тілі арқылы келген сөздердің молдығы, яғни қазақша бала-
масы жоқ тың ұғымдардың атауларын орыс тілінен алып
жұмсау – осы стильдің де, ұлттық жазба тілдің де басты даму
принциптерінің бірі екендігі.
190
Марғұлан Ә. Хұсайын Файзхановтың Шоқанға екі хаты //Қазақ әдебиеті. - 1965,
29 январь (хаттардың мәтіндері, осы нөмірде).
287
Достарыңызбен бөлісу: |