§ 2. ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақтың ауызша
дамыған төл әдебиетінің нұсқалары және
олардың тілін зерттеудегі қиындықтар
Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Мағауин, Х.Сүйінішәлиев,
Қ.Өмірәлиев, Ә.Дербісалин сияқты ғалымдардың жүргізген
зерттеулері бойынша, XV-ХVII ғасырлардағы қазақ көркем
әдебиетін танытатын едәуір үлгілердің бар екендігі анықтал-
ды. Бұлардың иелері: XV ғасырдан Асанқайғы мен Қазтуған,
XVІ ғасырдан Шалкиіз (Шәлгез), Доспамбет, Шобан, XVII ға-
сырдан Жиембет пен Марғасқа. Бұлардан басқа да бірер өлең-
дерімен аты қалғандар да аталады. Мысалы, Қодан тайшы (кей
деректерде «Қотан» деп те беріледі), ол – арғын Дайырқожаның
әкесі. Бұлардың өздері де – қазақтың ауызша тараған поэзия
дәстүрінің дәл бастамасы емес. Олардың алдында – Кетбұға, ол
зерттеуші А.Сейдімбековтің шамалауынша, XII-ХIII ғасыр-
ларда (1150-1230) жасап өткен Ұлы жыршы, «Шыңғыс ханға
баласы Жошының өлімін естірткенде айтқаны» деген өлең
жолдарының авторы (ол өлең XV ғасырларда хатқа түсіп
қалған), ал акад. Ә.Марғұлан ибн Батутаның Ұлы жыршы деп
отырғаны – Сыпыра жырау болар деп топшылайды. Демек, аты
аңызға айналып, эпостарда ғана аталатын Сыпыра жырау та-
рихта болған адам болса, ол да – XV ғасырларға дейінгі қазақ
жырауларының алдында тұрған сөз иелерінің бірі.
Бұл кезең (ХV-ХҮІІ ғасырлар) ескерткіштерінің тілін әңгіме
етуге келгенде, мына жайттарды ескеру қажет. Бұлардың текс-
72
тологиялық жай-күйлері бірдей емес. Мысалы, «XV-ХVII
ғасырлардағы қазақ поэзиясы» («Ғылым» баспасы, 1982) де-
ген кітаптағы өлең-толғаулардың ішінде ең әрідегі дәуір – ХV
ғасырдың өкілі Асанқайғының толғаулары тілі, стилі жағынан
әлдеқайда жаңа, біздің заманымызға жуықтау тұрғаны
байқалады. Сірә, бұл факт Асанқайғы атының өзі аңызға ай-
налуымен қатар, толғауларының да көп ұрпақтан өтіп, за-
ман сайын өзгеріп жеткенін танытады. Соңғы жеткізушілер
Асанқайғының ауызша тіпті біздің заманымызда, әрі кетсе
XIX ғасырларда ғана қолданыла бастаған кейбір сөздер мен
тіркестерді салады. Мысалы, оның «Ақ тонынды жаман-
дап, Атлас қайдан табарсың» дегеніндегі атлас сөзі – соңғы
дәуірлердің элементі болса керек. Асанның аз ғана мұрасының
мәтінінде өзгелермен салыстырғанда, араб-парсы сөздері де
көбірек кездеседі. Бұл да – біздіңше, соңғы кезеңдер қоспасы-
ның жемісі тәрізді. Мысалы, мұнда халық, ақы, айып, ғаріп,
жұмлә, әкім, әділ, әділдік, әзиз, насихат, ғылым, ауыл, қабір,
қадір, мурид, хатим ету, мақсұт, ғалым, қызыр, ақырет,
мәрмәр, нәлет, қызмет, бейнет, дұшпан, жұпар, бақыт,
дәулет, пейіл, дос, залым, бейбіт, надан, пір, Хақ тәрізді араб
|ен парсы сөздері бар. Әрине, бұлардың бірқатары (дос, дұш-
пан, надан, ақы, ақыл, қызмет, бейнет т.б.) – мүмкін XV ғасыр-
дағы жалпы халықтың сөйлеу тіліне де еніп үлгерген сөздер
болуы. Бірақ қайткенде де Асанқайғы толғауларының тілі үшін,
яғни оның кезіндегі ауызша әдеби тіл үшін олар – көптеу.
Асанның замандасы Қазтуғанның, одан сәл кейінгі Шал-
киіздің, XVI ғасырдағы Доспамбет пен Шобанның текстері
лексика-грамматикалық және көркемдік-композициялық құ-
рылымы жағынан өз дәуірлеріне сай элементтерді көбірек
сақтағанға ұқсайды. Ал XVII ғасыр жырауларының тілі соңғы
ғасырларға өте жуық. Бұларда тіпті қазіргі кез тұрғысынан
алғанда да бейтаныс тұлға-тәсілдер де, лексика-фразеология-
лық элементтер де өте аз. Дегенмен бұлардың қай-қайсысыңда
да түсінуге қиын, мағынасы күңгірт жолдар немесе жеке
сөздер мен фразалар бар. Мысалы, тілі кейінгі кездердің нор-
масына сәйкестендірілген деп тауып отырған Асанқайғы тол-
ғауларының ішінде мына жолдарды контекс бойынша да, кон-
текстен тыс та ұғу өте қиын (олар курсивпен теріліп көрсетілді):
73
Ойыл деген ойынды,
Отын тапсаң тойыңды.
Ойыл – көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың.
Кеңестің түбі – нараду...
Мұндай жолдар мен жеке элементтер Қазтуған, Шалкиіз,
Доспамбет жырларында едәуір. Мысалы, Қазтуғанның «Қара
Достарыңызбен бөлісу: |