Мәдениет рәміздері және олардың мәдени коммуникациядағы рөлі мен маңызы


Мәдениетаралық коммуникация және конфликт Мәдениаралық коммуникация



бет2/4
Дата23.09.2023
өлшемі2,46 Mb.
#110028
1   2   3   4
Байланысты:
Презентация (копия)

Мәдениетаралық коммуникация және конфликт Мәдениаралық коммуникация - мәдениаралық өзара ықпалдасу негізінде субъектілер(жеке тұлғалар,әлеуметтік топтар, қауымдастықтар, мәдениеттер, өркениеттер) арасындағы байланыстарнегізінде пайда болған құндылықтармен және құндылықты ұстанымдармен өзара алмасу процесі. Кейде мәдениаралық коммуникация жайлы сөз еткенде "мәдениеттер диалоги" және "өркениеттер диалогы" ұғымдарын қолданады. 1990- шы жылдардамәдениаралық коммуникация мәселелері индивидуалистік, ұжымдық және коммунитарлық мәдени бағдарлар аясында қарастырыла бастады. Мәдениаралық коммуникация барысында әртүрлі мәдениет өкілдері осы мәдениетке тән ерекшеліктерді ескере отырып, әлеуметтік қарым-қатынастарда түсініспеушілік пен ыңғайсыздық жағдайларын төмендетуге көп септігін тигізеді. Кейбір әлеуметтанушылар ұжымдық және индивидуалистік құндылықтардан ең жақсыларын біріктіруге үміттене отырып, жеке тұлғаның шексізеркіндігі мәдениеттің әлеуметтік бұйымын бүлдірмеуі үшін қоғам игілігіне индивиду алдылық құқық пен ұжымдық құқықты тепе-теңдестіруге тиісті коммунитаризм тұжырымдамасын жасауға тырысады. Осылайша, мәдениеттер өзара ықпалдасуы мен диалогы идеяларынан туындаған мәдениаралық коммуникация мәселесі уақыт өте келетұлғааралық мәдени коммуникация деңгейіне өтті. Мәдениаралық коммуникация мәселесі жаһанданудың өзара әріптестік пен өзара түсіністік аспектісінде бүгінгі таңда аса өзекті болып отыр. Ықпалдастық процестер әлемді өзара байланысты, біртұтас етуде. Мәдениаралық коммуникация дағдыларын халықаралық менеджмент және маркетинг саласында, БАҚ қызметінде, трансұлттық корпорациялар және трансұлттық саясат, сондай-ақ мәдениаралық коммуникация зерттеулеріне түрткі болған - мәдениет саласында қолдануға болады. Мәдениеттер диалогы, өркениеттер диалогынегізінде жатқан мәдениаралық коммуникация идеяларын халықаралық ұйымдар, саясикөшбасшылар, мемлекет басшылары, үкіметтік емесұйымдар көп қолданады.

Конфликт – (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы. Кез-келген конфликтінің астарында қандай да бірмәселеге байланысты қарама-қарсы позициялардан, мақсаттардан тұратын ситуация жатады. Яғни конфликтілі ситуация конфликт субъектілері мен объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді. Дегенмен де конфликт ары қарай даму үшін инцидент болу керек. Егер қарама-қарсы жақ тура солай жауап қайтарса, онда конфликт болашақта тікелей және жанама, деструктивті және структивтіболып дамуы мүмкін. Конфликті анықтамасының бір варианты оның философиялық мағынасына негізделген, осыған сәйкес ол «қарама-қайшылықтардың асқынуының шарықтау шегі» деп сипатталады. Онда әлеуметтік конфликт «қызығушылықтарының, мақсаттарының, даму тенденцияларының қарама-қайшылықтарына немесе арасындағы айырмашылықтарына байланысты әр түрлі әлеуметтік бірліктердің – кластар, ұлттар, мемлекеттер, әлеуметтік топтар мен әлеуметтік институттардың қақтығыстарынан көрініс беретін әлеуметтік қайшылықтардың асқынуының шарықтау шегі». Әлеуметтік конфликті мәселесіне байланысты фундаментальді отандық монографияның авторы А.Г.Здравомыслов «конфликт – қоғамдағы адамдардың өзара әрекеттерінің маңызды жағы, әлеуметтік тұрмыстың клеткасы», - деп жазған. Бұл әлеуметтік іс-әрекеттің потенциалдыжәне актуалды субъектілерінің арасындағы қатынастардың формасы, қарама-қайшы құндылықтар және нормалар, қызығушылықтар мен қажеттіліктерге негізделген мотивация. Осы пікірденкелесідей сұрақ туындайды: бұл қарама –қайшылық объективті ме, немесе қатысушы жақтардың бағалауларынан туындаған субъективті болыптабылады ма? Әлеуметтік конфликтіні зерттеуші, танымал, батыстық Р.Дарендорф оған «объективті(«латентті») немесе субъективті («айқын») қарама-қайшылықтар арқылы сипаттауға болатынэлементтер арасындаға кез келген қатынас» дегенанықтама береді. Яғни, қарама-қайшылықтардың объективті-субъективтілігі, саналы-санасыздығы маңызды емес, дегенмен де «кез келген қатынас» деген түсініксіздеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет