Мәдениет — көп деңгейлі жүйе. Мәдениет - аса күрделі, көп деңгейлі жүйе, Мәдениет дүниежүзілік және ұлттық болып бөлінеді.
Дүниежүзілік мәдениет - біздің планетамызды мекендеген барлық халықтар мәдениетінің озық үлгілерінің синтезі болып табылады.
Ұлттық мәдениет өз кезегінде белгілі бір коғамның әр түрлі таптары, әлеуметтік топтары мен жіктері мәдениетінің, синтезін алға тартады. Мәдениет материалдық және рухани болып екіге бөлінеді.
Материалдық мәдениет - еңбек және материалдық өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, топостың, ягни тұрған мекеннің, үйдің, ауылдың, қаланың мәдениеті, адамның өз денесіне, дене тәрбиесіне қарым-қатынасының мәдениеті.
Рухани мәдениет көп қырлы құбылыс ретінде таныла отырып, өзінің құрамына танымдық және ақыл-ойдың, философиялық, адамгершілік, көркемөнерлік, құқылық, педагогикалық, діни мәдениетті енгізеді. Бұлар - экономикалық, саяси, экологиялық және эстетикалық мәдениет.
Мәдениет – халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгерщілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеі, оның ерік-бостандығы мен тарихи зейін-ісі, философиялық жүйелері мен рәмізтаңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты- осының бәрі мәдениетпен біте қайнасқан. Мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер оның аксиологиялық, футурологиялық, герменевтикалық тағыда басқа түрлерін атайды. Соның ішінде мәдениеттің негізгі қызметтері: адамды қалыптастыру қызметі, жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі, танымдық қызметі, реттеу қызметі, комуникатифтік, қарым-қатынастық қызметі.

Адамды қалыптастыру қызметі. Бұл-мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын жәнә оның негізі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. Мысалы Маугли-көркем беине. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады.
Адамға ең қиыны – адам болу. Ал оның негізгі шарттарырың бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар-салт-дәстүр,әдет-ғұрып,рәсім-рәміз , діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір ддеңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінде өзіндік санасының жанды буынына айналады. Танымдық қызметі. Мәдениеттің бұл қызмет-міндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе-мәдениет пен білімнің арақатынасы. «Табиғаттан қулығын асырып жіберуге» бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне жатады. «Бүгінгі күнге лайық қарым-қатынас орнату – интилигенцияның басты міндеті... Ал біздің өркениеттілігіміз жаппай компьютерге көшумен сипатталмауы керек, мәдени диалогтың түрін жасап, оны сақтай білу қабілетімізбен көрінуі керек». Яғни білімділік мәдениеттіліктің маңызды
Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық өндірістің, екіншісі-рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері – еңбек құралдары және көркем шиғырмалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі – материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей-ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда. Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам – мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын бойына сіңіруі. Мәдениет – адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды.
Мәдениет формалары. Өнер генезисі. Өнер қызметтері

Өмірдің заңына сәйкес мәдениет үнемі жаңғыруды қажет етіп отырды. Өзен өзінің мөлдірлігін суы ағып жатқан кезде сақтайды, тазалығымен адамды тәнті етеді, әлемділігімен табиғатты құлпыра түседі. Сол сияқты кез келген мәдениет жаңа толқынға, жаңа мағынаға ұмтылады, оған зәрулік танытады. Әрине, бұл дегеніміз ғасырлар сынағынан өткен дәстүрлі құндылықтарды түбегейлі жоққа шығару дегне сөз емес. Өйткені, тарихи сабақтастықтың логикасына сәйкес мәдениеттің ілгері үлгілері болады, онсыз ұлттық мәдениеттің қабырғасы сөгіледі, іргесі шайқалады /1/. Міне, сондықтанжаңа үлгілерге жаппай бетбұрыс жасаудың өз қисыны, өз ырғағы, өзіндік келбеті бар. Сондықтан, өтпелі кезеңнің мәдени өзгерістерінен дәстүрлік пен жаңашылдықтың ерекше синтезін, симбиозын іздеуіміз қажет сияқты. Әрбір жаңа нәрсені ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып қабылдаған абзал.
Мәдениеттің басқа салаларында жіктелген заттық және руханилық, объектілік және идеалдық, рационалдық жәнеэмоционалдық... – осылардың бәрі өнерде жігі бұзылмай, бірлесе, біте қайнасып жатыр.
Өнер – адамның әлемді көркемдік жағынан игеру жөніндегі әрекеті. Өнер арқылы адам өзінің эстетикалық дүниетанымын білдіреді. Өнерге неғұрлым дұрыс анықтама берген Н.Г. Чернышевский: "...Өнердің мазмұны – өмірдегі жалпы қызығушылық... өмірде адамның қызығушылығын тудырғанның бәрін бейнелеу" ("Өнердің шындық болмысқа эстетикалық қатынасы") деп жазған.
Өнер – өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін, қоғамдық сана мен адам іс-әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерімен дараланатын форма. Өнер халықтың өмірін жай сәулелендіріп қана қоймай, ойын жетілдіреді, шығармашылығын дамытады. Өйткені өнер – әсемдіктің ең жоғары түрі.
Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің:
|