Мәдениетаралық Қарым-қатынас – ТҮрлі мәдениет өкілдері арасындағы тілдік қатынас қҰралы



бет1/2
Дата23.11.2022
өлшемі26,72 Kb.
#51980
  1   2
Байланысты:
МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС – ТҮРЛІ МӘДЕНИЕТ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ТІЛДІК ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ


МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС – ТҮРЛІ МӘДЕНИЕТ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ТІЛДІК ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Филология факультеті, шет тілі: екі шет тілі мамандығының 4 курс студенті
Уразова Д. Г.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті аға оқытушы, магистр, ғылыми жетекші
Шамгонова Р. Г.
Аңдатпа
Бұл мақалада мәдениетаралық қарым-қатынас адам білімінің тек ағартушы тәрбиелік компоненті ретінде ғана қарастырылып қоймай, адамның кәсіби және жеке тұлғалық тұрғыдан қоғамда лайықты орын алуға ұмтылысын да қарастырады. Өзге елдің мәдениетін тану үшін жәй ғана тілін меңгеру жеткіліксіз, ал бұл мақалада мәдениетаралық қарым-қатынастың ғылым ретінде қалыптасуы түрлі мәдениет өкілдерінің өзара қатынасы проблемаларын өзектендіру салдарынан маңызды мәнге ие болатындығы ашып айтылады.
Адамзаттың мәдени және этникалық сан алуандығы пайда болғанына қанша уақыт өтсе, содан бері бөтен мәдениет пен оның өкілдерін түсінуге, мәдени айырмашылықтар мен ұқсастықтарды ажыратуға талпыныс жасалуда. Қазіргі адам баласының мәдени көп алаундылығы өсуде. Адамдар бір - бірінен елеулі айырмашылықтары бар басқа мәдениет өкілдерімен араласып, құраласады. Тілдегі, ұлттық тағамдағы, киім киюдегі, әдет ғұрыптағы, атқарылған жұмысқа көзқарастағы айырмашылықтар бұл байланыстарды қиындатып, тіпті мүмкін еместей қылады. Бүгінгі өмір қайшылықтары әртүрлі халықтар мен мәдениеттердің араласуы мен өзара түсінісу проблемасын барынша ыждаһатпен қарауды талап етуде.
Мемлекет аралық байланыстардың кеңеюі, жаhандану процесінің күшеюі мәдениетаралық қарым-қатынас сияқты қоғамдық феномен әкелді. Әр мәдениеттің өзіндік тілдік жүйесі бар, сөйлеушілер соның көмегімен бір-бірімен қатынасады. Мұнда тіл адам өмірінің түрлі салаларында - өндірістік, қоғамдық, рухани салаларындағы қызметінің нәтижелерінің жиынтығы ретінде анықталатын мәдениеттің құрамдас бөлігі.
Мәдениетаралық қарым - қатынас мәселелері ХХ ғасырдың 70-жылдары әлеуметтік мәдениеттану салаларында өзекті бола бастады. Мәдениетаралық қарым-қатынас ұғымына көптеген анықтамалар берілген. Н. И. Халееваның айтуынша мәдениетаралық қатысым - коммуниканттар арасындағы вербальді және вербальді емес қарым-қатынас үрдісі. Ал Е.М. Верещагин, В.Г. Костомаровтар «мәдениетаралық қарым-қатынас - ол түрлі ұлттық мәдениетке жататын қатысымдық актіге қатысушылардың бірін-бірі дұрыс түсінуі» дейді. Бұл ұғымның соңғы нәтижесі мәдениетаралық қатысым субъектісін қалыптастыру. Мәдениетаралық қатысым теориясының негізгі зерттеу объектісі - әр түрлі ұлт, халықтардың мәдениет ерекшеліктеріндегі айырмашылықтар болып табылады. Мәдениетаралық қарым-қатынас екі құрамдастастан – тіл мен мәдениеттен тұрады. Қазіргі коммуникативтік кеңістік күрделі жүйеден тұрады, онда негізгі орындардың бірі қарым-қатынастың әр түрлеріне тиесілі. Себебі адам өзін әр түрлі жағдайларда түрліше ұстайды, сөйтіп әрбір жеке жағдайда басқа адамдармен ерекше қатынас орнатады. Сонымен қатар қарым-қатынастың сипаты мен ерекшеліктері ақпарат беру құралдарымен, тәсілдерімен, коммуникация субъектілерімен, мақсаттарымен және басқа көптеген себептермен анықталады. Қарым-қатынастың төмендегі түрлерін атап көрсетуге болады: этника аралық, іскерлік, әлеуметтік, халықаралық, тұлғааралық, бұқаралық, мәдениетаралық және басқалары.
Мәдениетаралық қарым-қатынастағы маңызды айырмашылықтардың қатарына тіл, вербальды емес кодтар, дүниетаным, рольдік өзара қатынастар, ойлау моделі секілді параметрлер кіреді. Мәдениетаралық қарым -қатынас өзара түсінушілік пен қарым-қатынастың, кейбір сөйлеу амалдарының (жөнсіз, орынсыз, кешірілмейтін) қиындықтарының себептері мен факторларын, аудармашылардың тіл ерекшеліктерін, сондай-ақ қарым-қатынастың вербальды және вербальды емес құралдарына дейінгі меселелерді де қамтиды.
Вербалды коммуникация адам өміріндегі қызметтiң кез келген облысында басшылық ететiн сипатын алады. Сөзді дұрыс қолдану әр бір мамандықта жетiстiкке жетуінің айырылмас бір бөлігі болса, вербалды емес сөйлесу, дене күйі және дене қимылы тілі болып саналады, өзіне сөздерге тіреспейтін адамның өздік айту белгілерін қосады. Психологтар ауызша емес сигналдардың оқуы тиiмдi қарым-қатынастың ең маңызды шарты болып табылғанын санайды. Неліктен вербалды емес сигналдар қарым-қатынаста сондай маңызды болады?
• адам 70% мәлiметтерді (визуалды) көру каналы бойынша қабылдайды;
• вербалды емес сигналдар шын сезiмдерді және әңгiмелесушi ойын түсiнуге мүмкiндiк бередi;
• әңгiмелесушiге деген бiздiң пікіріміз бiрiншi көрініс ықпалымен жиi қалыптасады, ол, өз кезегiнде, вербалды емес факторлар әсерінің нәтижесi болып саналады - жүрiс, бет әлпетi, көзқарас, киiмнiң стилi және тағы басқалар. Осыған орай әр түрлі халықтардағы вербалды емес ым-ишара айырмашылықтарына бірнеше мысал келтіре кетейік. Мәселен, италяндық пен француз бір идеяны ақымақтық деп санаса, айналасындағыларға анық қылып басын тоқылдатады екен; неміс шапалақпен өз маңдайын ұру арқылы: «Сен есіңнен адасқаннан саумысың»,- дегенді ишарат етеді екен; ал британдық немесе испандық дәл осы ымды көрсету арқылы өз-өзіне қаншалықты риза екенін білдіретіні көрінеді. Неміс таң қалғандығын білдіру үшін қабағын көтерсе, дәл осы ишарат ағылшындарда шүбәланып қарауды көрсетсе керек. Ал француз бір нәрсеге қайран қалғанда, үш саусағының ұшын түйістіріп, оны ерніне тигізе, иегін сәл көтеріп, назды сүйісті ауаға ұшырып жібереді екен. Егер де ол сұқ саусағымен мұрнын уқаласа, демек сізге «бұл жерде шикілік бар», «абай болыңыз», «бұл адамдарға сенуге болмайды» деген белгі беріп жатыр деп біліңіз.
Е. М. Верещагин мен В. Г. Костомаров көзқарасы бойынша екі ұлт өкілінің қарым-қатынас жасау барысында өзара түсінісуі мәдениетаралық қарым-қатынас болып табылады. Түрлі халық өкілдерімен қарым-қатынаста пайда болатын тілдік қиындықтардың сан алуан себептері кездеседі. Соның ішінде көп таралғандары: сол елге тән реалиден хабарсыз болу, бейвербалды түрде сөйлеу (мимикамен, дене қимылымен); сол мәдениетінің қабылданған белгілі бір нормалары мен этикет ережелерін қабылдамау; сол мәдениеттің терең құндылықтарын жан-жақты білімнің жетіспеушілігінен түсінбеу. Мәселен, екі мәдениет өкілі арасында белгілі бір дәрежеде қиындықтар туындауы мүмкін. Ол әрине тілдегі ерекшеліктер ғана емес мәдениетке де байланысты болып келеді. Мысалы: Италяндық жанұя чернобылдық баланы асырап алады. Түнде Римдегі Украина елшілігіне телефон соғылады. Телефондағы әйел көмек сұрайды. Ол баланың ұйықтамай жатқанын, айқайлап көршілердің мазасын алып жатқанын айтып, тезірек келіп көмектесулерін сұрайды. Оқиға орнына аудармашымен елшілік машинасы келеді. Аудармашыға байғұс бала ұйқысының келіп тұрғанын және олар оған көйлек кигізіп қойғанын айтады. Ұйқыға жату бала үшін «шешіну» дегенді білдіреді. Себебі оның мәдениетінде «ұйқыға жатарда киетін көйлек» деген болмаған. Осындай мәдениетаралық сәйкессіздік екі ұлт өкілінің арасындағы түсініспеушілікке әкеледі. «Тіпті адамдар бір тілде сөйлесіп жүріп, әрқашан бір-бірін дұрыс түсіне бермейді, оған себеп мәдениет сәйкессідігі» деп көрсетеді Е.М. Верещагин. Дәл осындай мәселелердің салдарынан қарым-қатынасқа түсетін әртүрлі мәдениет иелері арасында немесе кейбір жағдайларда серіктестің іс-әрекеті салдарынан пайда болатын түсініспеушілік, қақтығыстық жағдайға дейін алып келуі ғажап емес.
«Мәдениет» терминінің жаңа түсіндермесіне XVII ғасырда неміс заңгері Самуель Пуфендорфтің ролі ерекше, ол «О праве естественном» еңбегінде цицерондық қолданыстан алшақтап, тұңғыш рет мәдениетті адамды мерейлендіретін жаңа мінездерінің жиынтығы, сыртқы және ішкі табиғатын байытатын адамның өз қызметінің нәтижесі ретінде сипаттады. Мәдениет ұғымы барлық еуропа, соның ішінде қазақ тілінде осы мәнінде қолданылады. Ғылым қазiргi мәдениет терминінiң көп анықтауларының негiзгiлерін атап өтуге мүмкiндiк бередi. Мәдениет бұл – адамның қоршаған ортаны өзгерту қабілетімен байланысып, осы өзгертулер барысында пайда болатын заттардың жасанды әлемі, символдар, адам арасындағы қарым-қатынас адамның тағдыр характеристикасы болып табылады. Адам арқылы жасалынған және оған байланысты болатын барлық заттар мәдениетке тікелей қатысты болып келеді. Мәдениетаралық қарым – қатынас тұжырымдамасы ғылыми әдебиеттерде бірнеше синонимдерге ие: мәдениетаралық қарым-қатынас, этносаралық қарым-қатынас, мәдениетаралық интеракция. Мамандардың көп қауымы мәдениетаралық коммуникация туралы талқылауды, адамдар әртүрлі мәдениет өкілдерін өз мәдениетіне мүлде жат екендігін қабылдағанда ғана жүзеге асыруға болады дейді. Қазіргі коммуникативтік кеңістік күрделі жүйеден тұрады, онда негізгі орындардың бірі коммуникацияның әр түрлеріне тиесілі. Себебі адам өзін әр түрлі жағдайларда түрліше ұстайды, нәтижесінде әрбір жеке жағдайда басқа адамдармен ерекше қатынас орнатады. Сонымен қатар коммуникацияның сипаты мен ерекшеліктері ақпарат беру құралдарымен, тәсілдерімен, коммуникация субъектілерімен, мақсаттарымен және басқа көптеген себептермен анықталады. Мұның өзі коммуникацияның мынадай түрлерін ажыратуға мүмкіндік береді: этникааралық, іскерлік, әлеуметтік, халықаралық, тұлғааралық, бұқаралық, мәдениетаралық және тағыда басқалары.
Бір де бір мәдениет оқшауланған түрде өмір сүрмейді. Өзінің өмір тәртібіне сәйкес ол әрқашан да өзінің бірде өткен тәжірибесіне бірде басқа мәдениеттердің тәжірибесіне бет бұрады. Басқа мәдениеттердің тәжірибесіне қарау қылығы «мәдениеттердің қарым-қатынасы» деп аталады. Халықаралық қатынастардың ұлғаюынан және әр түрлі мәдениеттердің қарым-қатынасынан, олардың зерттеулері өздеріне көп назар аударады.
«Мәдениетаралық қарым-қатынас - әртүрлі ұлттар мен мәдениет өкілдері арасындағы өзара түсінушілік». Толық анықтаманы атақты лингвист ғалым И. И. Халеева береді: «мәдениетаралық қарым-қатынас - әртүрлі тілдер мен мәдениетке жататын адамдар іс-әрекетінің ерекше жемісі. Бұл тек қана әртүрлі мәдениет пен тілге жататын адамдар арасындағы іс-әрекет емес, сонымен қатар олардың бір-бірін «жат» ретінде қабылдайтындықтарынан да байқалады».
Қорыта айтқанда, мәдениетаралық қарым-қатынас дегеніміз қажырлы еңбек пен үйренуге деген нақты дайындықты қажет ететін қиын да қызықты процесс. Басты назар мәдениетке аударылады. Тіл арқылы жат мәдениет оқытыла бастайды, соның негізінде адамның әлемді қабылдауы мен сезінуі өзгеріске ұшырайды. Тілдік білік пен дағды жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ете алмайды: адам көп нәрсені біліп, жасай алуы мүмкін, бірақ қоғам сұранысы мен қажеттігіне сай келуі күмән тудырарлық жайт. Сондықтан да оқып үйреніп жүрген тілдің, сол тілде сөйлейтін елдің мәдениетін білмей, оны меңгермей тұрып, сол тілде біліктілікке қол жеткізу мүмкін емес. Басқа тілді қоғамда дұрыс жөн таба білу үшін сол елдің тілін білу аз, сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін де меңгеру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет