Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны
Мәдениеттану жеке пән ретінде ХЫХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтіқ, саяси, адамгершілік, көркемдік тағы басқалары) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметгік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, төуелділіктерімен зерттейді.
Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын аңықтайды. Демек, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. Өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өміріндегі толып жатқан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдерінің, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің, социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, демографтардың және тағы басқалары ат салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылым саласының айналысатындығын айқын аңғаруға болады. Шындығында да, мәдениеттануға осы уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атап айтқанда, антропология, психология, тарих, педагогика зор ықпал етті. Енді осы аталған ғылым салаларының мәдениеттануға қалайша ықпал ететіндігін қарастырып көрейік. Антропологияның басты бағытының бірі — қоғам мен адамды салыстырмалы тұрғыдан зерттеу. Осы тұрғыдан алып қарағанда, «антропология» мәдениет деген ұғымның мағынасын анықтауда үш жағдайға назар аударады. Олар: 1) Қоғам мен адам-ның мәдени қалыптасуы (ағартушылық); 2) Қоғамдық және адамзаттық салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, қалыптасқан дағдылардың, қоғамдық мекемелердің және тағы басқалары жиынтығы (бірлігі); 3. Белгілі бір қалыптасқан мәдени жүйенің басқа мәдени құндылықтарға қарсылығы. Мәдениетке антропологиялық тұрғыдан берілген бұл анықтаманы мәдениеттану саласындағы көптеген сыншылар «жалпылама» деп есептеп, оның эмперикалық сипатта екендігін баса көрсетеді. Сонымен қатар олар «әлеуметтік антропология» әлеуметтанудың (социологияның) негізгі әдістері мен үлгілерін қабылдап, осы ғылымға мүлде бет бұрып кетті деп пайымдап, ал «мәдени антропология» деп аталатын антропологияның басты саласы — психология мен тарихқа ден қойды деп тұжырым жасайды. Әрине, түрлі пәндерге бағдар жасау өзіміз қарастырып отырған антропология саласында ғана емес, жалпы мәдениетті түрлі мағынада түсіндіруге өкеліп соғары сөзсіз. Осы орайда ерекше атап өтетін бір жәйт, ғасырлар бойғы даму жолынан өткен социология да дәл баяғыдай жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді, әлеуметтік ғылымды әлеуметтік философияға қарсы қояды. Дүние жүзі халықтары мен этникалық топтарының, тайпаларының мәдени және тұрмыстық ерекшеліктерін, олардың шығу тегі мәселелерін, олардың жер жүзіне таралып қоныстануы мен мәдени тарихы қарым-қатынастарын зерттейтін этнография ғылыми адамзат баласының өткен заман мен бүгінгі таңдағы мәдениеттің мол мұрасын игеруде және оны ғылыми тұрғыдан ашып көрсетуде айрықша роль атқарып отыр. Этнография ғылымы белгілі бір халықтың қай этносқа жататындығына қарамастан, олардың қайсысының болсын материалдық және рухани мәдениет саласындағы жетістіктеріне үлкен құрметпен қарауға үйрете отырып, мәдениеттану ғылымының қалыптасуына өзінің қомақты үлесін қоса білді. Егер антропология мен этнография адамның биологиялық белгілеріне сүйене отырып, мәдениетпен «жаратылыстану ғылымдары» ретінде үйлесімділік тапса, қоғамды жүйелі түрде қарастыратын әлеуметтану (социология) ғылымының биологиямен байланысы жоқ. Социология мемлекет, таптар, топтар, сословие және одан да ұсақ қоғамдық топтарды этникалық белгілеріне қарай емес, олардың қоғамда алатын орны мен атқаратын қызметіне қарай зерттейді. Көп уақытқа дейін КСРО-да социология марксизмге жат ғылым ретінде саналып, тарихи материализмге қарама-қарсы қойылды. Шын мәнісінде, социология мәдениеттанушыларға қоғамның әлеуметтік әр тектілігіне байланысты мәдениеттің материалдық және рухани көріністерін дұрыс түсініп, ой елегінен өткізуге көмектеседі. Пролетарлық мәдениет, ақсүйектік мәдениет, сауықтық мәдениет сияқты мәдениеттану пәнінде кездесетін ұғымдар социологиямен тығыз байланысты.
Мәдениеттану саласындағы ғылыми зерттеу жүмыстарында түрлі әлеуметтік топтарға жататын адамдардың қызметі мен іс әрекеті заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтік социологияның мөліметтерінің алатын орыны ерекше, өйткені олардың мәдени іс-өрекет көріністері белгілі бір психологиялық сарынға байланысты болғандықтан, мәдениет саласындағы зерттеу жүмыстарында бұл факторларды ескермеске болмайды. Мысалы: жер мен табиғатқа ерекше сезіммен қарайтын ауыл психологиясының өзіндік ерекшеліктерін білмей және байыбына бармай түрып, — «шаруа мәдениеті» жайында толық түсінік ала алмаймыз.
Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық психологияның мәліметтеріне де тығыз байланысты болып келеді. Нақты тарихи тәжірибе негізінде әрбір нәсілдің, тайпалар мен халықтардың психикалық өмір салтының ерекшеліктерін байқай отырып, «этнопсихология» рухтың не белгілі бір ұлттың қайталанбайтын өзіндік қасиеттері жөніндегі Гегельдің, Гумбольдтың және олардың ізбасарларының философиялық қағидаларына барып тірелді. Ресейде жекелеген халықтардың, олардың ішінде орыс халқының мәдени-психологиялық сипаттамасын Н.А. Бердяев тамаша сипаттап берген болатын. Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, кез келген ұлт мәдениетінің өзіне ғана тән сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп отыр. Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негр музыкасының терең ұлттық мөнін осы тамаша рухани дүниелерді өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік алған болар едік. Халық туралы және қоғамдық факторларға байланысты оның даму заңдылықтары жайындағы демография ғылымының да мәдениеттануға тікелей қатысы бар. Ұлттық мәдениеттің тоқырауы немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға ұшырауы — қоғамдық саяси жағдайларға және тағы басқалары тікелей байланысты екендігін дәлелдеп жатудың қажеті бола қоймас, өйткені мың өліп, мың тірілген қазақ халқының өткен тарихы сөзімізге нақты дәлел бола алса керек. «Азшылық» халықтардың немесе тұтастай өркениеттердің құрып кетуі отаршылдықпен, басып алушылдықпен, шектен тыс қанаушылықпен, табиғи апаттармен, эпидемиялармен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен және тағы басқалары тығыз байланысты болды.
ХХ ғасырда мәдениеттану ғылымының дамып, одан әрі қалыптасуына өзіндік үлес қосқан ғылым салаларына сипаттама беруді аяқтай отырып, тағы бір ғылым саласын ерекше атап өтуді жөн кәрдік. Ол — белгілер мен таңба жүйесін зерттейтін семиотика ғылымы. Бұл жас, өрі қажетті ғылым саласы аз уақыт шеңберінде мәдениеттану ғылымымен біте қайнасып кетті десек қателеспеген болар едік. Семиотикалық тәсіл лингвистика, әдебиет, кино, театр теориясында, қоғамдық ғылымдарды және басқа да ғылым салаларында кеңінен қолданылуда, онымен тіпті информатика мен кибернетика да тамаша үндестік табуда. Демек, мәдениеттанудың басқа ғылым салаларымен өзара сабақтастықта дамуына және «мәдениет» мәселесімен барлық ғылымдардың айналысатындығына қарап, «мәдениеттану жеке пән ретінде бар ма?» деген ой да туып қалуы ғажап емес. Біздің айтарымыз, мәдениеттану — ғылымның жеке саласы ретінде өзінің алғашқы қадамын жасауда, сондықтан оның болашағы да зор болмақ.
Әрине, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, мәдениеттану ғылымының дамуына көптеген ғылымдар ат салысуда, соған қарамастан бұл пәннің өзіндік бағыт-бағдары, бет-бейнесі бар. Мәдениетке өзіндік баға берушілік сол бір ғылыми ізденістің басты белгісі болса керек, сондықтан да бол ар мәдениеттанушылар «мәдениет» мәселесімен тығыз айналысуда. Кейде мәдениеттану саласында қанша теория болса, соншама мәдениеттанушылар бар деген пікір де айтылып қалады. Шындығында да, теориялар санының көп болуы, мәдениетке де көзқарастардың саналуан болуымен оның әр тұрғыдан қарастырылуына әкеліп соқты. Мысалы: Мәдениетті «семиотикалық» тұрғыдан қарастыру бар. Бұл ағымның басты өкілі Ю. Лотман және мәдениетті «әдебиеттік» (С.С. Аверинцев), «тарихи» (Л.Н. Баткин), «методологиялық» (А. Кробер, К. Клохкон), «антропологиялық» (М. Мид) және тағы басқа тұрғыдан пайымдаулар бар. Әрине, олардың «мәдениет» мәселесіне байланысты пікірлерінің, түсініктерінің айырмашылықтары бар екендігі даусыз және оны ешкім жоққа да шығара алмайды, бірақ олар бірін-бірі жақсы түсінеді, мәдениеттануға тікелей байланысты ортақ мәселелер көтереді. Ендеше, бұл пәнді терең зерттеуге құлшынушылық, мәдениетке байланысты түрлі көзқарастар жүйесінің қалыптасуы сөзсіз қуантарлық жағдай, ол гуманитарлық ғылыми пәннің туып келе жатқандығының белгісі деп санауымыз керек. Шындығына келсек, әрбір ғылым салаларының өкілдері мәдениетті өз мамандықтары тұрғысынан қарастырады. Бірақ бұл ғылымдар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Олай болса әдебиетші тек таза әдебиетші болып қалмайды, өйткені ол мәдениеттануды, тарихты, психологияны игергенде ғана нағыз әдебиетші бола алады. Өз кезегінде тарихшы да, психолог та, социолог та сол сияқты. Мәдениеттің әртүрлі тұрғыдан қарастырылуы, мәдениет мәселесіне деген үлкен қызығушылықтан туса керек. Оған дәлел ретінде 1964 жылына қарай батыс әдебиетінде мәдениетке 257 анықтама берілгендігі жөніңде Американ мәдениеттанушылары А. Кребер мен К. Клохконның мәліметтерін келтірсек те жеткілікті сияқты. Ал одан кейін қаншама уақыт өткендігін және дүниедегі болып жатқан мәдени өзгерістерді есепке алсақ, мәдениет ұғымының шеңбері бұрынғыдан да кеңейе түседі. Әрине, әкімшілдік-әміршілдік жүйе жағдайында мәдениеттану пәні біздің елімізде жүйелі түрде оқытылмады. Гуманитарлық ғылымдар саласында да өзінің нақты орнын таба алмады. Осы орайда көптеген ғалымдар ұлттық мәдениеттің тоқырауын Ұлы Қазан революциясымен де байланыстырады. Шындығында да экономикалық және саяси берекесіздіктің басты себебі — мәдениетсіз саясаттың салдары болып саналады. Ендеше тәуелсіздікке енді ғана қолы жеткен Қазақстан Республикасының алдында тұрған басты мақсат — 18 халықтың рухани байлығы — мәдениетті қалпына келтіру, ал мәдени өркендеусіз еліміз өркениетті елдердің қатарына еш уақытта қосыла алмайтыны ақиқат. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мәдениеттану пәнінің қосар үлесі қомақты болмақ. Әрине; мәдениеттану гуманитарлық ғылымдардың ықпалымен дамуда, бірақ соған қарамастан ол жеке пән болып қалыптасу процесін бастан кешіруде. Оған дәлел ретінде қазіргі мәдениеттанудың біртіндеп философияның әкелік қамқорлығынан шығып, өзіндік бағыт алуын айтсақ та жеткілікті сияқты. Мәдениеттанушы ең бірінші кезекте мәдени қызметтің нәтижелерімен (мәдени шығармашылықтың нәтижелері, музыка, кескіндеме туындылары және тағы басқалары) санасса да, оның басты мақсаты — теренде жатыр, дәлірек айтқанда, мәдениеттің рухын игеру болып табылады. Бұл жағдайда мәдениетті игерудің екінші — «коммуникативтік» жағы келіп шығады. Ол білім беру мен тәрбиенің, адамның адамгершілік тұрғыдағы қарым-қатынастарының дәрежесіне байланысты болып келеді. Ең соңында мәдениеттің негізі, оның түйіні мен маңызы туралы мәселе келіп туындайды. Ғалымдар оны тілмен де, рәміздік жүйесін қабылдаған ұлттың психологиялық түрмен және акрализация тәсілімен және тағы басқалары байланыстырады. Қалай болғанда да дүниенің тұтастығы, қоғамның интеграциялық негізі және этностың рухани кеңістік — мәдени дәстүрлердің дамуында ең басты факторлар болып қала береді. Мәдениеттану ғылыми пән дәрежесіне жету мақсатында, сөзсіз мәдениет археологиясына сүйенеді, оның генезисін, өмір сүруі мен дамуының құпияларын ашып, мәдени мұрагерліктің тәсілдерін жетілдіреді. Бұл жүмыс үш дәрежеде жүзеге асырылады:
Мәдениетті, оның базистік негіздерін сақтау;
Мәдениетті жаңғырту, мәдениеттің дамуына жаңаша ықпал ету;
Мәдениетті трансляциялау немесе мәдениет әлемін халықтың игілігіне айналдыру. Бұл үш дәреженің арқасында мәдениеттің сандық-салалық (ғылым, техника, өнер, философия, экономика тағы басқалары) сапалық сипатын тереңірек ашып көрсетумен қатар, мәдениеттің құрылымын, тұтастығын, даму заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік аламыз. Осы айтылғандар ғылыми пән ретінде мәдениеттану пәні жөнінде және оның алдында тұрған міндеттер жайында кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Біздің ойымызша, мәдениеттану пәнінің басты мәселесі — адамзаттың ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Мәдениеттанушылардың бұл орайдағы басты мақсаты дүниежүзілік және ұлттық денгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіріп қана қоймай, оларды болжай, әрі басқара білу. Ең бастысы мәдениеттану ғылыми мәдениеттің қайнар бұлағынан сусындай білуі қажет. Адамзат баласы өз шешімін таппаған көптеген мәселелерге белшесінен батуы қазіргі заманғы мәдениеттің көп жағдайларда өз бастауын ұмыта бастағандығынан да болуы керек. Ендеше адамзаттың мәдени жаңғыруына бұл мәдениеттану пәнінің қосар үлесі де қомақты екендігін ескерсек, әлі де болса буыны бекімеген бұл жас ғылым саласының болашағы зор болатындығына күмән келтіруге болмас.