Бірақ, қоғамда қандай терең өзгерістер жүзеге асырылса да, жаңа заман мәдениеті өзінің тар шеңберінен толық шыға алмады. Оның үстіне Еуропалық өркениеттің алға басуы дүние жүзінің басқа да халықтарын, соның ішінде көне мәдениеттің ошағы болған ұлы халықтарды (Үндістан, Қытай, Мексика және т.б.) ашықтан-ашық тонау есебімен жүзеге асырылды.

Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVII ғ.)
Бұл дәуірдің ұлы ағартушы-гуманистері: Вольтер мен Руссо, Гете мен Шиллер, Юм, Ломоносов пен Радищев және т.б. адамзат баласының теңдігін батыл қолдап, құлдық пен деспотизмге қарсы бітіспес күреске шақырды.
Реформация кезеңінен басталып, ұзаққа созылған жалпы Еуропалық дамудың тарихи қорытындысы шығарды. Ол қорытынды – қоғамның жаңа түрі – «өнеркәсіп өркениетінің» қалыптасуы болды. Бұл бірақ, қоғамда өз орнын таба алмаушылар санының көбеюіне, халықтың қараңғылығы мен сауатсыздығына, халықтың қайыршылығы мен құқықсыздығына, қала люмпендерге (бишараларға) азғындауына қарсы тұрар күш - мәдениет