Түркілер тарих сахнасында тез арада пайда болып, өз аттарын көптеген халықтарға қалдырып, ғайып болды. Түркі қағанаты батыстағы шекарасы VI ғасырдың аяғында Византиямен, онтүстікте Персия және Үндістанмен, ал шығыста Қытаймен іргелес жатты.
Түркілер жазда арба үстінде қондырылған үй мен киіз үйде тұрды. Ал қысқы мекені соқпа үйлер болды.
Киімдерінде мал, аң терілерін көбірек пайдаланды. Сонымен қатар, бата, боз, тор, шыт деп аталатын мата-мақта тоқымалар да киім қажетін өтеді. Жібек маталардың ішінен: торқа, жолақ, баршын, мақпал, т.б. сән-салтанат киімі болды.
Арабтың IX ғ. географы Әл-Жакуби түріктерді “киіз басуға ең шебер халық” деп бағалайды. Әйелдер үстінде теринджек – жібек жамылғысын оранды, қайқы тұмсық, жұмсақ теріден тігілген етік киді. Еркектер киіз байпақты саптама етіе киді.
Араб тархшысы Ибн-Фадланның жазба дерек мағлұматтарына қарағанда, түркі халықтарының мал өсіруге, егін малуға, қол өнерге, сауда-саттыққа байланысты ұғым-түсінігі жан-жақты болған көрінеді. Осы мағынада қарастырғанда, түркілердің жазғы, қысқы үй түрлері, темір қару-жарақтар жасауды меңгеру техникасы, қола, темір, тас, асыл тас, ағаш, тері жүн, шыны, қыш, балшық материалдарын ұқсату өнерін игеруі ерте орта ғасырлар мәдениеті тарихындағы елеулі оқиға деп айтуға болады.