Мәдениеттану және психология Кредит саны: 4 кредит “Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер” кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі


Дәріс №2. Мәдениет семиотикасы. Мәдениет анатомиясы



бет5/8
Дата14.09.2023
өлшемі34,69 Kb.
#107222
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мәдениеттану және психология Кредит саны 4 кредит “Әлеуметтік-г-em

Дәріс №2. Мәдениет семиотикасы. Мәдениет анатомиясы

Дәріс тезистері:

Мәдениетті зерттеулерге құрылымдық, семиотикалық ыңғайлар. Мәдениеттің мәтіндік концециялары: Р. Барт, Ю. Кристева. Мәдениеттің семиотикалық концепциялары: Ф. Соссюр, Ю.Лотман, Э. Кассирер, О. Сулейменов. Мәдени код. Мәдени код түсінігі. Ұлттық мәдениеттің мәдени кодының қайталанбайтындығы. Мәдениет этосы. Этос және мәдениет коды. Жаһандық мәдени код типтері: жазуға дейінгі (дәстүрлі), жазбаша (кітаптық) және экрандық, сандық. Бұқаралық мәдениет коды. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінің коды. Қазақстандық мәдениет коды. Конвенционалды белгілер. Мәдениет рәмізі түсінігі. Мәдениеттің негізгі рәміздері. Мәдениеттің рәміздері мен архетиптері.

Мәдениет кеңістігі. Мәдениеттің үшөлшемді моделі. Мәдени формалар. Мәдени кеңістік құрылымы: парадигмалар, мәдениеттің бет-бейнесі, мәдени сценарийлер. Белдеулік мәдени формалар: когнитивті парадигмалар, құндылықтық парадигмалар, реттеуші парадигмалар. Мәдениет формалары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, техника. Рухани мәдениет. Рухани мәдениет типтері. Мифология: мифтердің мәні мен типтері, мифтердің сипатты белгілері, мифологиялық ойлау логикасы, мифтің қызметтері, заманауи мифология. Дін мәдениеттің қасиетті формасы ретінде. Дін. Діннің негізгі бөлшектері. Діннің қызметтері. Діни наным-сенімдердің алғашқы формалары: анимизм, фетишизм, тотемизм, пантеизм, деизм, монотеизм. Буддизм. Христиандық. Ислам. Діннің қоғамдағы мәдени өмір формаларына әсері. Қасиетті (сакральды) мәдениет. Қазақ халқының қасиетті (сакральды) мәдениеті.

Дәріс №3. Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті. Арғытүркілердің мәдени мұрасы

Дәріс тезистері:

Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет: материалдық мәдениет ескерткіштері. Материалдық ("технологиялық") мәдениеттің негізгі жетістіктері. Ежелгі әлемнің техникалық жетістіктерінің негізгі ескерткіштері. Көшпелілік (номадизм) мәдениет типі ретінде. Көшпелілік (номадизм) концепциялары. Көшпелілік мәдениет типологиясы. Көшпелілік түрлері мен жіктеу (көшпелілер мәдениеті). Еуразиялық кеңістік көшпелілері мәдениетінің негізгі белгілері. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті: салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері. Сақ, скифтердің ұлы көшпелілік өркениеттері. Сақ, скиф, массагет, ғұндардың көшпелілік мәдениеті. Салт-дәстүрлері. Аңызға айналған кейіпкерлердің бейнелері. Сақ, массагет, скиф, сарматтар өнері: қару-жарақтық, сәндік-қолданбалы, мүсін, сәулет өнері. Сақ, массагет, скифтердің жауынгерлік өнері. "Шу-батыр" поэмасы. Жазуы. Сақтар мен массагеттердің мәдени құндылықтары. Көшпелілік мәдениеттегі кеңістік пен уақыт. Табиғат ескерткіштері мен сақ, массагет, скиф, сармат, ғұндардың материалдық мәдениет ескерткіштері. Орталық Азия (Қазақстан) көшпелілерінің негізгі мәдени және техникалық жетістіктері. Сақ ойшылдары (Токсарид, Анахарсис). Сақ өркениетінің ежелгі грек, ежелгі үнділік және ежелгі қытайлық өркениетпен мәдени өзара әрекеті. Сақ, массагет, сарматтардың көне қалалары. Сақ, массагет, скиф, ғұн, сарматтардың қасиетті (сакральды) мәдениеті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет