Мәдениеттану жүйесіндегі «Қазақ МӘдениеті тарихының»



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата20.02.2023
өлшемі22,12 Mb.
#69477
1   2
Қазақ мәдениеті - Әлемдік мәдениет
ырғақтарын анықтаған соң, қазақ
мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар —
Қазақстан Республикасының негізгі
тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 
миллионнан асады, исламдық
суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын
мекендейді, діні жағынан ханифиттік
мағынадағы мұсылман суниттер, Алтай тіл
бірлестігінің түрік тобының қыпшақ
топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну
мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен 
уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ
мәдениетінің типтік ерекшеліктерін
айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық
Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып
табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті
талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет
ерекшеліктерінен бастайық.


Көшпенділер
өркениеті
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте
емес, адамдандырылған қоршаған
ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік
оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол
тарихи ағынның өрісі болып табылады. 
Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті —
оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата
қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, 
ол өз жерінің тұтастығының кепілі және
көршілес жатқан мекендерге де қол
сұғуға болмайтындығын мойындайды. 
Қауымдық қатынас мекендер
егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір
жағрафиялық белгілері халық санасында
киелі жерлер деп есептелінеді, яғни
қоршаған орта киелі таулардан, өзен-
көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, 
аруақтар жататын молалардан т.б. 
тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-
әпсаналарда, жырлар мен 
көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға
мұра ретінде қалдырылған.


Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, 
интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар
қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке
үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың
арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. 
Керісінше, мәдениет олардың арасындағы
нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер
қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде
экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі
обал және сауап деген ұғымдармен тікелей
байланыстырылды.
Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-сеніп
қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де 
әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы 
мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін
аңғармаудан туады. Шексіз далада бір
орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке
сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық
заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен
шықпайды. Әрине бүл қозғалыс негізінен
қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң
даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта
оның ажырамас бір бөлігіне айналуға
бағытталған. Яғни, адам табиғат
құбылыстарына тәуелді болып қалады.


Қазақ мәдениеті – көне Түркі
өркениетінің жалғасы
Қазақ мәдениеті – Түркі
өркениетінің жалғасы, ең
тұнық халі. Қазақстан
Республикасының тәуелсіз ел 
ретінде халықаралық
аренада өз орнын алуы – бұл
мәдениеттің мәңгіге
сақталатындығының кепілдігі.


Қазақ халқының мәдениеті – қазақ жерінде
өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен 
тайпалардың материалдық мәдениеті мен 
рухани мәдениетінің заңды жалғасы, өзіндік
сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ
халқының қалыптасуына байланысты, қазақ
халқына тән материалдық және рухани
мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл
қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата
– бабаларының мәдени қазыналарын
қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының
мифтік аңыздары, салт-дәстүрлері, аспан
әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ
күнтізбесі, бай әдеби мұралар, 
көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік
шығармалар, халық емшілігі және
материалдық мәдениет мұралары т.б. 
ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан
көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық
бұқарасы материалдық мәдениет, рухани
мәдениет жетістіктерінің жасаушылары
болды. Соның ішінде кейбір салт-дәстүрлер, 
ғұрыптар жайлы айта кетсек.


Қазақ халқының аспан әлеміндегі түсініктері де тұрмыста маңызды рөл атқарды.Түнгі
аспанды ежелден қадағалап келген қазақтар басқаларынан ерекше белгілерімен
айырықшаланатын көптеген аспан денелерін білді,олар бойынша түн кезінде уақыт
жағынан да,түнгі жол бағдары жағынан да нақты дерек ала білді. Көшпелі тұрмыс ар 
айдың ерекшелігіне, онда туатын жұлдыздарға байланысты ауа райының құбылуына
айрықша ман беріп, аспан шырақтарына көшпелі ел өміріне байланысты ат таққан. 
Ұлан — байтақ кең далада мал бағып, күндерін кең табиғат құшағында мал өрісінде, 
түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, табиғат
құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелерін қорытып, 
жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен ілімдер жинаған. 
Қазақтардың жұлдыздарға қойған аттары да көшпелі шаруашылыққа байланысты
қойылған. Түнгі ашық аспанға зейін қойып қарағанда кез -келген адам — Сүмбіле
(Үлкен Төбет шоқжұлдызы), Таразы — Шідер — Үшарқар (Орён), Үркер (Торпақ
шоқжұлдызы), Аққу, Бүркіт, Жылан, Мерген және Бұйы шоқжұлдыздарының бойымен
қоса қабаттаса ұзыннан — ұзақ түйенің ақ шудасындай созылып жатқан тұмандықты
байқар еді. Бұл ақ тұмандықты халқымыз ежелден құс жолы деп атаған. Себебі, 
көктемде жыл құстары осы ақ тұмандық бойымен жерімізге ұшып келіп, күзде осы 
жолмен кері қайтады. Қазақтар үшін көк аспанның тәңірлік маңызы ерекше болатын
.»Аспан өз әрекеттерінде еркін болды»,-деп жазады Ш.Уалиханов,-ол әрі
жарылқады,әрі жазалады.Адамдар мен халықтардың есен-саулығы соның
ықтиярына байланысты болды.


Кеңпейіл қазақ халқының ата-бабасынан қан
арқылы ұрпағына беріліп, бар ұлттың ерекше
сый-құрметіне бөленіп келе жатқан ізгі
дәстүрі, асыл қасиеті – қонақжайлылық. Оны 
кейбір дінтанушы адамдар әулие
адамдардың алтыншы қасиетіне де 
балайды. «Құдайым, би қылмасаң да би 
түсетін үй қыл», — деп бабаларымыздың
Жаратқан Иемізге жалбарынуы сірә, сол
себепті де шығар. Және де халқымыздың
қонақжайлылықты қатты қастерлегені
соншалықты, ауылға келген бейтаныс
қонақтар кез келген үйге түспей, дастарханы
мол, пейілі кең, үйі таза, көргенді ұл-қызы бар 
үйлерге ғана қонақ болған. Оған үй иесі
қатты қуанып, ақ батасын берген. Әйтеуір, 
қазақ халқының салт-дәстүрінде қонақ
шақырмау, қонақты үйге түсірмеу – үлкен
айып болып саналады. Қазақтарда
меймандостыққа байланысты салттар: 
қонақ кірген кезде киіз үйдің есігін –
қожайын,ал қонақ шыққан кезде қонақтың өзі
ашады.


Сырттан үйге кіргенде ауызды малжаңдатып
бірдемені шайнай кіру әбестік саналған,ал
керісінше үйден дәм татып шығу
дастарханды сыйлағандықтың белгісі
болған. Қазақ өзі ашықса да,ең дәмдісін
құдайы қонаққа сақтаған. Егер үй иесі
мейманды жақсы
қабылдамаса,мейманның билер сотына
жүгінуге де құқығы болған. Әдет бойынша
мейман өзі кеткенге дейін үй иесінің толық
қорғауында болған.Бұл құқық мейман ошақ
иесінің жауы болған жағдайда да 
қолданылды.Үй иесі мейман өз үйінде
болған кезде одан кек қайтара алмады.


Қазақ халқы мәдениеті бай халық. Бұған куә қазақ
халқының кең даласынан шыққан ғұламалар, 
ақындар мен би, шешендер. Тіпті бұған куә шет ел 
саяхатшылары мен жазушыларының сөздері. 
Мысалға польшалық этнограф Адольф 
Янушковиячтің сөздерін келтіруге болады: «Мейрам
кезінде мен алғаш үленшіні естуге мүмкіндігім туды. 
Осы қазақ сал-серілері,дала жыршылары, ұлы
ақындарының қазақтарға тән суырыпсалма өнері
мен орындаушылық қабілеті, бұл халықтың ақыл-ой 
қабілеттілігінің жоғарылығының дәлелі болып
табылады. Және де мен, осының барлығын әлем
жабайы деп санайтын дала халықтарынан естіп
тұрмын ғой деп таңғалдым. Мен екі тайпа
арасындағы дау-жанжалдардың куәсі болдым және
ешқашан Демосфен мен Цицерон жайлы
естімеген ділмарларға таңдана қошемет
көрсеттім.Ал бүгін менің алдымда хат танымайтын, 
бірақ мені өз өнерлерімен таңдандырып отырған
ақындар өнер көрсетуде, олардың өлеңдері, әндері
менің жүрегімді билеп алды. Осындай халыққа
болашағы жоқ малшы болу ғана жазылғанба? О, 
жоқ! Шынымен-ақ! Құдай бұндай қабілет берген
халық өркениеттен тыс қалуы мүмкін емес: өркениет
қашан да болсын қазақ далаларына келіп, білім
шам-шырағын жағады.


Уақыты келгенде бүгінгі көшпелі қазақ қазір оның төбесінен қарап отырғандармен
тең дәрежеде болып, солардың қатарында отырары анық». Ия, расымен-ақ қазіргі
заманда қазақ сол дәрежеге жеткендей-ақ. Бұның барлығы ұлы халықтың мәдениеті
мен таланты, ақыл-ойының ұшқырлығының арқасы. Сөзімді еліміздің Президенті Н.Ә. 
Назарбаевтың сөзімен қорытындылағым келеді. Олар қазақ «Салынған жол, 
тұрғызылған ғимарат, тіпті ең озық ғылыми жаңалық саналатын жаңа технологияның өзі
жыл сайын тозады, ескіреді. Ал бабаларымыз айтқандай, ешқашан азбайтын, 
тозбайтын, керісінше уақыт өткен сайын сан қырынан жарқырап, ұрпақ санасына
шұғыла шашатын мәңгі өлмейтін құдіретті күштің аты – ғылым мен мәдениет. Ендеше
сол ата – бабаларымыздың тарихи – мәдени мұрасын бірлесіп түлетейік».Бүгінде
мұндай тоқтамға, яғни өз тамыры мен өткеніне, ана тіліне, ата дініне, діліне әлемнің
біраз мемлекеті бет бұра бастады. Оның жолын әркім өзінше танып, өзінше
бағамдауда. Солардың қатарында әлемдік қауымдастықтың назарына ілігіп, 
бірқатар беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып үлгерген Қазақстан орта 
мерзімді мемлекеттік 2004-2006, 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» 
бағдарламасын қабылдаған тұңғыш ел.


Қорытынды
Әр елдің мәдениеті мәдениеттану 
жүйелерінде маңызды рөл атқарады. 
Сонымен қатар, Қазақстан мәдениеті 
мәдениеттану тарихына орасан зор 
үлес қосты.
Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның
мәдени мұраға деген көзқарасына
қарай танып-бағамдауға болады. Өз
еліңнің мәдени мұрасына ұқыпты қарау
мен басқа мәдениеттің құнды
элементтерін қабылдау – адамзат
өркениеті дамуының сара жолы.


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет