Мәдениеттану «Мәдениеттану» терминін ғылыми айналымға енгізген ғалым. Жауабы


Жауабы: 1913 жылы 2 ақпанда шыққан. С.Торайғыров пен А.Байтұрсынұлының шығармалары және қозғалған маселелер? Жауабы



бет2/3
Дата26.12.2023
өлшемі50,9 Kb.
#143992
1   2   3
Жауабы: 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.

  • С.Торайғыров пен А.Байтұрсынұлының шығармалары және қозғалған маселелер? Жауабы: С.Торайғыровтың “Шәкірт ойы”, “Алты аяқ”, “Бір адамға”, “Адасқан өмір” шыгармалары бар. Шығармаларында қазақ ауылының өміріндегі өзгерістер сипатталады. А.Байтұрсынұлының “Қазақ салты”, “Қазақ қалпы”, “Жиған-терген” өлеңдері болды.Олар қазақ халқының саяси санасын оятуға арналды. 1900 жылы Петербургте “Қырық мысал” деген кітабы, 1911 жылы Орынборда “Маса” атты жинағы шықты.

  • 20 ғасыр басындағы халық мәдениетіндегі жан-жақты дамыған саласы және оған үлес қосқандар? Жауабы: 20 ғасыр басындағы халық мәдениетіндегі жан-жақты дамыған сала – музыкалық мәдениет. Қазақ музыкасын дамытуға үлес қосқандар: Кенен Әзірбаев, Балуан Шолақ Баймурзин, Дина Нұрпейісова, Үкілі Ыбырай Сандыбаев, Сүгір, қазақтың бұлбұлы Майра Шамсутдинованың музыкалық өнерді дамытудағы орны ерекше. Әншілер Қали Байжанов, Манарбек Ержанов, Әміре Қашаубаевтың орындаулық шеберліктері айрықша. Халық сазгерлері Естайдың “Майдақоңыры”, Үкілі Ыбырайдың “Гәккуі”, Динаның “Көңіл ашары” қазақтың музыкалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер еткен туындылар. Патша үкіметінің отаршыл саясатына қарамастан, қазақ халқының өзіндік мәдениет үлгілері тамаша нәтижелерге жетті.



    1. Қазақтан 20ғ шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі кім және қазақ халқының манифесі қандай өлеңін жариялады? Жауабы; XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады.Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді

    2. Екі ғасыр арасында қазақтың ұлттық санасының оянуына үлкен әсер еткен тұлғаның бірі? Өмір жолы қандай болды? Жауабы: Әлихан Бөкейханов. Ол қазақ хандарының тікелей ұрпағы, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, қазақтың алғашқы саяси партиясының басшысы, қазақтың бірінші ұлттық үкіметі — Алашорданың көсемі еді. Әлихан Бөкейханов сан қырлы қоғамдық қызметтерімен бірге қазақтың рухани мәдениетін алғашқы зерттеушілердің қатарында танымал. Ол Абайдың шығармашылығы туралы түңғыш мақаланы жариялады, қазақ эпосы мен фольклоры жөнінде әлі күнге дейін ғалымдарды өзінің ой тереңдігімен таң қалдыратын еңбектер жазды. Солардың ішіндегі құндысы — 1899 жылы «Түркістан ведомое тыларында» жарияланған «Қырғыздың «Қобыланды» аңызындағы әйел» атты еңбегі еді. Әлиханның бұл жерде көтеріп отырған мәселесі бұрынғы қазақтың рухани мәдениетінің бай мұраларына байланысты. Аталған аңызда мұсылмандық дін мен ежелгі тәңірілік түсініктердің қарым-қатынасы, көшпелілер мәдениетіне тән ана мен әйелді қастерлеу, ел намысын пендешіліктен жоғары қою т.б. мәселелері талқыланады. Шексіз сахара қазақ мәдениетін көптеген жылдар бойы сыртқы жаулардан қорғаштап, өзіндік ерекшеліктерін сақтауға себебін тигізді. Дүлей далада тек жүз бен руға бөлінген тұтас қауым ғана өмір сүре алатын еді. Қысқаша айтқанда, Әлихан мен Міржақып, Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов пенСұлтанмахмұт Торайғыров секілді алаштың арыстары өз күресінде халқының ғасырлық мұрасынан қашанда күш-қуат алып отырды

    3. 21,26 шілдесінде Орынбор қаласында Бірінші бүкіл-қазақтық құрылтай өтті. Оның шешімдері бойынша «Алаш» партиясының бағдарламасы жарияланды. Бағдарламаның кейбір бөліктерінен үзінді келтір? Жауабы: 1. Россия демократиялық Федеративтік Республика болуы керек, оның құрамындағы әрбір мемлекет тәуелсіз әрекет етеді. 2. Қазақтар тұратын аймақтардан құралған автономия Россия Федеративтік Республикасының құрамды бөлігі болып табылады... 3. Россия Республикасында тең праволылық, тұлға, сөз, баспа, ұжымдар еріктілігі болады. 4. Дін мемлекеттен бөлінеді. Барлық діндер тең праволы... қазақтардың өзіндік муфтийлігі болуы керек... 5. Билік пен сот әр халықтың ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы қажетті, би мен сот жергілікті халықтың тілін білуі міндетті... 6. Білім алу — барлығының ортақ игілігі. Бүкіл оқу орындарында білім алу — тегін. Қазақтардың өз тіліндегі орта және жоғары оқу орындары, университеттері де болуы керек.

    4. Жаһандану термині жайлы түсінік және кім еңгізді? Жауабы:

    «Жаһандану» түсінігі ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы жер шары кеңістігінде өріс алған әлеуметтік өзгерістер мен шынайылықты мағыналандырудың өзегі болып табылады. 60-70-ші жылдары пайда болып, жаһандану идеясы 80-ші жылдары академиялық мойындауға ие болды. Жаһандану – жаңа әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген 1983 жылы америкалық экономист Теодор Левитт.

    1. Мәдени жаһандану дегеніміз не? Жауабы: Мәдени жаһандану дегеніміз мәдени байланыстардың дамуы; «жаһандық» сияқты мәдени кеңістікті біріктіретін, жаңа технологиялар мен әдістерді үйрене отырып, шет елдік өнімді қабылдап, идеясына ие болуға деген құштарлық және «әлемдік мәдениетке» қатысу сынды сананың жаңа категорияларының пайда болуы. Мәдени жаһандануға әлемнің әртүрлі елдерінің іскери және тұтынушылық мәдениетін жақындастыру мен халықаралық қарым-қатынасты өрістету тән. Бір жағынан бұл әлемдегі кейбір жеке ұлттық мәдениет түрлерін танымал етеді. Екінші жағынан әйгілі халықаралық мәдени құбылыстар ұлттықты ығыстырып немесе оларды ұлтаралыққа айналдыруы мүмкін.

    2. Қазақ халқының туыстық қатынасқа байланысты басты идеологиясы және оның мәні қандай болды? Жауабы: Бұл жерде туыстық қатынасқа ерекше мән беріледі. Ру, руға бөліну – қазақ халқының идеологиясы. Бұл бірегей құбылыс ежелгі заманда шыққан, дегенмен, руға бөліну бүгінгі замандада қолданылады. Бұл «қиын мәселе» барлық басқа халықтық мәдени институттардың аясында әртүрлі әлеуметтік және саяси жағдайларға бейімделуде. Жалпақ бірлестіктердің жауластық пен «жүзге бөлінуді» жоюына қарамастан, қазақ халқының рулық санасы ғасырлар бойы сақталып келеді. Ол ұзақ уақыт бойы қазақ зияткерлерінің арасында бір мағыналы бағаға ие бола алмады. Біреулері оны ұлттық бірлікке деген қауіп деп түсінді, екінші біреулері «жеті атаны» білу ұлттық мәдениеттің құбылысы деп қарастырды.

    3. Энтелехия терминіне анықтама беріңіз? Жауабы: Энтелехия – белгiлi бiр ұлттың мыңдаған, миллиондаған жылдар үзбей тiрнектеп жинап, тырнақтап жетілдірген аса қымбат – энергиялық өрісі. Этностың өзін-өзі сақтаушы қуат қорғаны, имани иммунитеті, салтдәстүрін ассимиляциядан сақтайтын берік қамалы. Энтелехиялық қуаты әлсіреген халықтың болашағы күмәнді. Жер бетінен жойылып кету қаупі жоғары.

    4. ТҮРКСОЙ ұйымы деген не? Қашан құрылды? Жауабы: 1993 жылдан бері ТҮРКСОЙ ұйымы жұмыс жасайды ТҮРКСОЙ Халықаралық Түрік Мәдениет Ұйымы Түркі әлеміндегі ЮНЕСКО болып табылады Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия Мәдениет министрлерімен құрылтайшылық келісімге қол қойылғаннан бері қызмет етеді Оның құрамында қазіргі таңда Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мен Ресей Федерациясының Татарстан, Башқұртстан, Алтай, Саха, Тува, Хакасия және Гагаузия (Молдова) автономды республикалары бақылаушылар мәртебесінде ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттер қатарына қосылды. ТҮРКСОЙ ұйымы аясында Түркі кеңесі, Түркі академиясы мен Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры келісімді қызметтер атқарады

    5. ТҮРКПА-ның негізгі мақсаттары? Жауабы: Мүше-елдер арасында парламенттік тәжірбиемен алмасу және озат тәжірбиемен алмасу; Әріптестіктің басым салаларында мүше-елдер заңнамаларын үйлестіру мүмкіндіктері; Түркі-тілдес мемлекеттері әріптестік кеңесі шеңберінде істер мен бастамаларды заңнамалық қолдау басталды; Түрік әлемінің әдебиеті мен өнерін, тарих құндылықтары мен мәдени мұраны танып білу; Білім беру, ғылым, технология және қоршаған ортаны қорғау салаларында тиімді аймақтық әріптестікті алға жылжыту; Мүше-елдер арасында кең ақпараттық ағымдарды қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өзара қарым-қатынасына жағдай жасау; Сауда мен инвестицияларға оң жағдай жасау; Аймақтық экономикалық жобаларды, атап айтқанда энергетика және көлік саласында, жүзеге асыру

    6. Тұлға ұғымы Жауабы; Тұлға ұғымы кӛпқырлы. Күнделікті сӛйлеуде «адам», «индивид – нақты адам», «жекедаралық» және «тұлға» ұғымдары кӛбінесе бір мағынада қолданылады. Жеке адам немесе нақты адам адамзаттың жеке дара ӛкілі, оның барлық әлеуметтік және психологиялық белгілерінің, яғни ақыл-ойының, ерікжігерінің, қажеттіліктерінің, мүдделер және т.б. иесі. Тұлға – жеке адам дамуының нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық жүзеге асуы

    7. Мәдениет үш қоспалы бірлік түрінде көрінеді.Оларды атаңыз Жауабы;

    Мәдениет үш қоспалы бірлік түрінде кӛрінеді: бірі, адамның рухани әлеміне тоғытылған ішкі мәдениеті; екіншісі, білімді игеру, сақтау және беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе; үшіншісі, адамдардың қоғамдағы жүрістұрыстары мен әрдайым дамып отыратын адамдық қатынастарды қамтитын мәдениет қызметтері.

    1. Адам тұлғасын зерделегенде оның көріністерін қандай деңгейлерге бөлу қалыптасқан? Жауабы: табиғи деңгей - адамның ӛзінде бар және оған басқа адамдардың ықпалынсыз дамитын деңгей; биологиялық деңгей - шығу тегі бойынша ортақ болуы, бүл орайда адамның жануармен ұқсас болуы міндетті емес; мұрагерлік деңгей - ата-аналарының тектік қорының негізінде тіршілік етіп дамитын деңгей; ол биологиялық (бірақ биологиялықтың бәрі мұрагерлік емес); әлеуметтік деңгей - адамның әлеуметтену, басқа адамдармен араласуы мен ӛзара іс-қимылы барысындағы деңгей

    2. Эстетика ұғымына анықтама беріңіз?– Жауабы: сезіну, сезімдік сӛздерінің мағынасын беретін адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік, сұлулық заңдарын негіз еткен шығармашылық мәні туралы ғылым

    3. Рухани мәдениет түсінігі Жауабы; Рухани мәдениет әрбір жеке дара адамның рухани әлемі және оның рухани дүниелер тудыру барысындағы әрекеті, мысалы ғалымдар, жазушылар, суретшілер, заң шығарушылар және т.б. шығармашылығы, ал рухани әрекеттің жемісіне рухани құндылықтар, ғылыми нәтижелер, кітаптар, заңдар, дәстүрлер және т.б. жатады. Рухани мәдениет саяси, құқықтық, ізгіліктік, эстетикалық, діни, ұлттық, ғылыми және философиялық сынды түрлі қоғамдық сана формалары арқылы кӛрініп отырады да ӛнер, әдебиет, сәулет және басқа да адам іс-әрекеттерінің ескерткіштеріне айналады. Рухани мәдениетке дін, ғылым, ағартушылық, білім, ӛнер, тіл, жазу ӛнері және т.б. жатады.

    4. Қазақ халқының тұрмыстық философиясын жіктеңіз.Жауабы:  Мал шаруашылығы (түліктерге, саулықтарға бӛлу, жайлымдар таңдау, мал бағу стратегиясы, тӛлдету, асылдандыру, азыққа айналдыру, жүні мен терісін пайдалану және т.б.);  Егін шаруашылығы (жерді меңгеру, диханшылық, тұқымдарды түрімен ажырату, мезгілдік егіншілік, жеміс-жидектер егу, оларды баптау, күту, ору, жинау, сақтау, тұқымдықты ажырату және т.б.);  Қол ӛнершілік ( ағаштан бұйымдар жасау, ұсталық, қыштан, саздан құйып жасау, шеберлік, темірді балқыту, жіп иіру, тері илеу, қоғасын құю, ӛрнектеу, кестелеу, киіз басу, алаша тоқу, киім тігу, тоқыма тоқу, құрақ құрау, таспа ӛру, зергерлік бұйымдар, ыдыс-аяқ, ат әбзелдерін, жиһаздар, саз аспабтарын, қару-жарақтар жасау және т.б.);  Аңшылық, саятшылық (аңға шығу, сонарлау, тазыларды, құмай тазыларды дайындау, үйрету, қарулар, қақпандар жасау, аң терілерін игеру, бүркіт, лашын, қаршыға, қыран, сұңқар сынды саятшылық құстарын асырау, құсбегілік, оларды үйрету, жүйрік аттарды баптау, тұлпарлар дайындау және т.б.);  Сауда кәсіпшілігі (сүт, ет, май, құрт, ірімшік сияқты ӛңделген азықтарды сату, айырбас сауда, мал сату, малды бордақылау, жәрмеңкелер, аламан бәйгелер ұйымдастыру және т.б.);  Рухани кәсіпшілік (балгерлік, бақсылық, сынықшылық, кӛріпкелдік, жұлдызшылық, құмалақ ашу, зікір салу, түс жорушылық, жауырынмен бал ашу, жорамал айту, тамыр басу, үшкіру, ұшықтау, аластау, ем-дом жасау, шӛптермен емдеу, қарғыс пен кӛз тиіуді алу, таңдай басу және т.б.).

    5. Құндылық дегеніміз сұлулыққа масаттанып рухтану дегенді кім айтты?

      Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет