«Инвектива» ұғымына анықтама Жауабы; «Инвектива» – ағылшынның «әшкерелеу», «сӛгіс», «жеку» сӛздерінің аудармасына баланған мәдениет феномені. Субъекттің тікелей оған бағытталған әлеуметтік беделін түсіретін немесе кемістететін мәтін, сонымен бірге ӛзіңе, ӛзіндік мәдени дәстүрге қатысты тұрақты тілдік қатынастағы балағат сӛздер қатары
Инвективаның бағыттау мақсатындағы жіктелімі Жауабы: Инвективаның бағыттау мақсатындағы жіктелімі: 1) инвектирленген субъектке тікелей бағыттау, яғни есі ауысқан делқұлыға дәл оның жүріс-тұрысын үлгілеу; 2) инвективаның нағыз сол адамға емес, оның туған-туыстарына, яғни әрбір мәдениеттегі басымдылыққа сәйкес статусқа бағытталуы (мысалы, азиялық мәдениеттегі инвектива бағытталған адамның әйелін балағаттау, оның әйелін қорғап қалуға қабілетінің жоқтығын немесе сексуалды қалыпсыздығын білдіреді); 3) белгілі бір дәстүрдегі максималды түрде қасиетке ие болған мифологиялық субъектке бағыттау (антикадағы Зевстен бастап котоликтік мәдениеттегі Мадоннаға дейінгі балағат). Бұл жағдайдағы инвектива ӛзіне немесе ӛз тағдырына лағынет айту (немісше «Donnerwetter» - «найзағайлы ауарайы» орысша «разари меня гром» сӛзімен сәйкес).
Антика дәуірінің ойшылдары кімдер және мақсаттары қандай болды?Жауабы: Антика дәуірінің ойшылдары Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон т.б. мемлекеттік билік пен құқықтық мемлекеттің байланысы мен ӛзара тигізер ықпалын кӛрсетуге тырысты және егер заң азаматтар мен мемлекетке бірдей болса, сонда ғана адамдар тұрағының саяси фомасы әділ мемлекет бола алады деп санады.
Азаматтық қоғам жөніндегі тұғырнамаларды қашан кім қалыптастырды? Жауабы: Азаматтық қоғам жӛніндегі тұғырнамалар жүйесі ХҮІІ ғасырдан бастап теоретикалық түрде қалыптаса бастады. Т. Гообс, Б. Спиноза, Ж.Ж. Руссо, Ш.Л. Монтеське, И. Кант, Г.Гегель, Т. Пейн осы теорияның негізін қалаушылар болып есептелінеді. Азаматтық қоғам жайлы тұғырнаманың қалыптасуы жеке еркіндік идеясымен, әрбір жеке тұлғаның ӛзіндік құндылықтарының қалыптасуымен тығыз байланысты.
Азаматтық қоғам не үшін құрылған? Жауабы: Азаматтық қоғам, мемлекет және оларды құратын күрделі институттар, әр түрлі әлеуметтік күштер мен кӛзқарастардың арасындағы үйлесімділікке жету үшін құрылған.
Мәдениет пен өркениет ұғымдары Жауабы:Мәдениет пен ӛркениет күрделі динамикалық құбылыс. Олар тарихи дамудың адамзат жеткен белгілі бір рухани және материалдық, практикалық және теориялық, экономикалық, адамдардың идеологиялық әлеуметтік әрекеттерін, сонымен қатар, саяси, құқықтық, ӛнегелік, эстетикалық қатынастарда пайда болатын адам күші мен мүмкіндіктерінің даму деңгейін тіркеп отырады
Өркениет термині кең мағынада? Жауабы: Оркениет кең мағынада - әлеуметтік прогрестің ӛзі, яғни жаратылысты-табиғи дамуға қарама-қайшы процесс. Ӛркениет - бұл негіз, әлеуметтік процестің ядросы және оны әлемдік тарихи процестегі барлық адамзаттың жеткен әлеуметтік прогресінің магистралі ретінде сипаттауға болады. Ӛркениет – бұл қоғамдық болмыс элементтерінің ӛзара әрекет ету тәсілі, оның негізін мәдениеттің ғасырлар бойы жинақтаған ӛзіндік тұрмыстық қасиеттері мен принциптері, материалдық ӛндірістері мен рухани құндылықтары құрайды.
Жаһандануды жаһандық модернистік жобаның бір бөлігі деп кімдер тұжырымдады және оның басты үш ерекшелігін атаңыз Жауабы: Э.Гидденс, Р.Робертсон секілді ғалымдар жаһандануды жаһандық модернистік жобаның бір бӛлігі деп тұжырымдап, оның басты үш ерекшелігін бӛліп кӛрсетеді: 1) жаһандық коммуникация; 2) қарама-қайшылықты процесс; 3) тәжірибелік білім
Жаһанданудың ең танымал теорияларының бірі? Жауабы: Жаһанданудың ең танымал теорияларының бірі американдық Рональд Робертсонның мәдени центристік тұжырымдамасы болып табылады. Робертсон әлеуметтанушылар арасында алғашқылардың бірі болып “жаһандану” терминін қолдана бастады. Робертсон теориясының мәдени центристігі мемлекеттер ықпалдасуының басты бағытын мәдени жүйеленудің орнығуы деп есептеуінен кӛрінеді
Интернет жүйесінің ерекшелігі. Жауабы; Интернет тарихы ақысыз жүйе болудан басталғанымен, қазір ол қыруар қаржы, әлемдік дәрежедегі электронды бизнес кӛзі болып отыр. Жүйенің бірінші әрі басты ерекшелігі оның ақпараттарды тасмалдаудағы тек тиімді әрі әмбебапты құрал болуы ғана емес, сонымен қатар оның шексіз сақтау қабілеттілігі. Болашақта ақпараттарды электронды жүйеде тасмалдау уақыт ӛте «қағаздық» тасмалды толығымен ығыстырып тастау мүмкіндігі күмәнсіз.
ХХІ ғасырдың еңбек нарығы ұсынып отырған жаңа мамандықтар Жауабы: Мерчендайзер – жеке саудадағы ӛнімдердің қозғалысы бойынша маман. Ол тауарлардың сӛрелерде қалай қойылуын бақылау, тауар имиджін кӛтеру, жарнаманы бақылау, тауар бағасын қадағалу жұмыстарына тікелей жауапты; Логистик - ӛндіріс құралдарын, тауарларын, шикізаттарын тасмалдау және жеткізу процесінің белсенділігімен айналысатын маман. Логистиктің міндеті – тауар қозғалысының сызбасын ӛңдеу, жеткізу, экономикалық жолдарды есептеу, негізгі бӛлімдерді координациялау; Девелопер – жылжымайтын мүлік сатып алу, оның операцияларымен айналысу, құрлыс ғимараты секілді жобаларды ӛңдеу және оны ары қарай сату немесе жалға беру сияқты істерді тындыратын маман; Копирайтер – жарнама жобасын ӛңдеуші адам. Копирайтер міндетіне жарнамалық кампанияның концепциясын құру, жарнамалық мәтіндерді, сӛздері, пресс-релиздерді және т.б. дайындау кіреді; Джоббер – қор биржасының делдал маманы. Негізгі міндеті акцияларды сату және сатып алу; Коучер – компания жұмысшыларының тұлғалық потенциалын ашу мәселесімен айналысушы маман. Ол жұмысшылардың ӛндірістілігі мен тиімділігін артырады, керек жылдамдықта және бағытта қозғалу қабілетін жүзеге асыруды дамытуға кӛмектеседі, адамның дағдылық жүйесін қозғалысқа алып келеді
Әлеуметтанушы Р.Робертсонның мәдени центристік теориясы неше кезеңнен тұрады? 5 кезен «А» кезеңі немесе жаңадан пайда болу кезеңі (XV-XVІІІ ғғ.) Жаһандық әлемнің пайда болуына Еуропада діни тұтастықтың бұзылуы, бүкіл планеталық әлем картасының пайда болуы, астрономиядағы гелиоцентристік жүйе және адамзат туралы алғашқы мәліметтер ықпал етті. «Б» кезеңінде жаһандық жүйе пайда болды (1750-1850 жж.). Бұл кезеңде халықаралық дипломатия жүйесі орнығып, азаматтық ұғымы түпкілікті қалыптасады, мәдени салыстырмалылық жүреді: халықаралық кӛрмелер пайда болады, еуропалық емес елдерге енген халықаралық коммуникация жүйесі дүниеге келеді. «В» кезеңі жаһандық әлемнің шарықтау сатысы ретінде түсіндіріледі (1875- 1925 жж.). Бұл кезеңде әлемді: экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени жүйелену ретінде тӛрт тармақта ұғыну айқындала түседі, сонымен бірге, ортақ күнтізбе қабылдау іске асады, алғашқы халықаралық сайыстар (Олимпиадалар) мен мәдени фестивальдер заңды түрде бекітіледі. «Г» кезеңі гегемония үшін күрес кезеңі (1925-1969 жж.). Бұл екінші дүниежүзілік және “қырғи-қабақ” соғыстар, әлемдік саяси-құқықтық жүйенің қалыптасу кезеңі. Робертсон адам құқықтарын қорғау саясатының қалыптасу мәселесіне зор кӛңіл бӛледі. Бұл кезең сонымен бірге “үшінші әлем” тақырыбының пайда болуымен маңызды. «Д» кезеңі - белгісіздік кезеңі (1969 жылдан осы кезге дейін). Сыртқы кеңістікті зерттеу кезеңі. Мұнда ғарыштық зерттеулер, адам құқықтары туралы халықаралық пікірталастардың шығуы және кейінгі материалистік құндылықтарды насихаттайтын пайымдаулардың таралуы туралы сӛз болады.
Жаһанданудың ең басты техникалық құралы? Жауабы: - Әлемдік Ақпараттар Жүйесі немесе қысқаша Интернет. Жүйенің алғашқы даму баспалдағының ӛзі адамзаттың ақпараттық потенциалы айтарлықтай дамытып, әлемнің барлық бұрышындағы миллиардтаған адамдардың тең әрі оңай бірігуінің басты себебі болды. Интернет 1969 жылы АҚШ-тағы ARP Anet компьютерлік жүйесінде қорғаныс министрлігінің компьютерлік орталығын біріктіруші және академиялық ұйымдар қатарында құрылды
«Экологиялық мәдениет»деген не? Терминді алғаш кім еңгізді? Жауабы: «Экологиялық мәдениет» қоғамның экологиялық сферасын, демек, экологиялық қабілеттер, әрекеттер, қатынастар және институттарды ӛзіне қосып алады. Экологиялық сфераның функционалды ӛзегі болып «табиғатты қорғау – табиғатты қайта қалпына келтіру – табиғатты жетілдіру – табиғаттың апатты жағдайларынан адамдарды қорғау» атты тӛрт жүйеден тұратын экологиялық әрекет табылады. Экологиялық сфера мен экологиялық әрекет сӛздері табиғат пен қоғамның ӛзара ықпалы сӛздерімен мағыналас байланыста. Экологиялық сфера мәдениетінің сапасы мен деңгейін қоғамдағы мемлекеттік және қоғамдық экологиялық институттар жұмыстарының тиімділігі мен экологиялық білім, тәрбие мен ӛнегеліліктің шамасына сәйкес нақты адамдардың әрекеттері арқылы анықтауға болады. «Экология мәдениеті» терминін алғаш енгізгендердің бірі орыс жазушысы, академик Д.С. Лихачев болды. Ол мәдени ортаны яғни мәдени мұраны табиғат ортасын қорғағандай қорғаштау қажеттігін баса айтты.
«Экология» терминіне анықтама беріңіз. Жауабы: «Экология» термині гректің «oikos – тірішілік ететін жер» және «logos – ілім, сӛз» аудармасын беретін, ағзалардың бір-бірімен ӛзара қатынасын және қоршаған ортаны зерттейтін биология бӛлімі. Бұл терминді 1866 жылы неміс жаратылыстанушысы Э. Геккель енгізіп, «экология» терминінің мағынасын «экономия, жануарлық ағзалардың үй жағдайындағы тұрмысы, жануарлардың органикалық және органикалық емес ортаға деген қатынасы туралы ғылым» деп түсінді.
Экологиялық мәдени сана қазақ халқында жақсы дамығандығына мысал келтіріңіз Жауабы: Мәселен қазақтар малдың жүнінен киіз басып, үй жабдықтарын жасаса, терісін илеп ыдыс-аяқтар, жүнін түтіп, иіру арқылы киімдер тіккен, малдың сүйектерінен сабын жасаған. Демек, қалдықсыз ӛндіріс орын алған, ал бұл дегеніңіз экологиялық қалыпты бұзбай сақтау, табиғаттың ластануына жол бермеу деген сӛз.
Этика деген не? Қашан қалыптасты? Атқаратын қызметі қандай? Жауабы: Этика – гректің ӛнеге, дәстүр, әдет мағыналарын беретін, оқыту нысаны мораль мен ізгілік болып табылатын философияның мәселелі аймағы. Этика мазмұнды және формалды ерекшеліктері үш константпен анықталынады: мораль мәні зерттеудің объектісі, оның теоретикалық ойлау тәсілі және әлеуметтік-мәдени контексттегі сипаттау. Этика шығыстық рухани мәдениетте б.э.д. бірінші мыңжылдықтың бірінші жартысында қалыптасса, батыстық философияда – б.э.д. 4 ғасырда орнықты Этика мәдениет ықпалымен енген моралдың рационалды пайымдалған сипаты, қоғамдағы реттеушілік қызметті атқаратын әдептілік қағидалары туралы кӛзқарастар жиынтығы, адамның ар-ұят, адамгершілік, сыпайылық, ізеттілік сынды адами қасиеттерінің қосындысы, белгілі бір зерттеу нысаны бар ғылым
Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? Алып жатқан аумағы қандай? Жауабы: Қазақстан 1991 ж 16 желтоқсанда тәуелсіздік алды. Ел аумағы 2 724 900 шаршы километрді құрайды: батыстағы Еділдің тӛменгі ағысынан шығыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан оңтүстіктегі Тянь-Шань тау жоталарына дейін созылып жатыр. Қазақстан кӛлемі жағынан әлемде Ресейден, Қытайдан, АҚШ-тан, Аргентинадан, Бразилиядан, Канададан, Үндістаннан, Австралиядан кейін 9-шы орынды иеленеді және Еуропалық Одақтың 12 елінің аумағынан асып түседі
«Қазақстан» атауы алғаш рет қай жерде кездеседі? Жауабы: «Қазақстан» атауы алғаш рет ХҮІ ғасырдың бірінші жартысында, Зейнаддин Әбді-аль Джани Васифидің «Бадал ал-Вакай», яғни «Ғажайып оқиғалар» атты шығармасында кездеседі. «Қазақстан» – термині белгілі бір дәрежеде ХҮ-ХҮІ ғғ. ӛзінде-ақ этногеографиялық ұғымда қолданылған
Қазақ ғалымы Ахмет Байтұрсынов өркениетті жіктеудегі басты мәселе не деп санады? Жауабы; Географиялық факторлар, яғни климат, жердің топырағы, суы, кені, жанжануары, демографиясы деп түсінген.
Ортағасырлық қалалар экономикасын қолөнер мен сауда анықтады.Қала қолөнерінің жетекші түрлерін атаңыз? Жауабы: - қыш құмыра ӛндірісі; - шыны бұйымы; - металл оңдеумен байланысты қолӛнер /ұсталық, зергерлік/; - ауыл шаруашылығы шикізаттарын оңдеумен байланысты қолӛнер /тігіншілік, тері ӛңдеу ісі, сүйек және ағаш ӛңдеу.
Жетісу жерінде 6-7 ғасырларда қалалар саны және олардың тез қалыптасуына қандай себептер ықпал етті: Жауабы: Жетісу жерінде 6-7 ғасырларда қалалар мен қалашықтардың тез қалыптасуына мынандай себептер ықпал етті: - ыңғайлы климаттық жағдай; - ӛзендердің кӛптігі; - Жетісу, Қытай, Иран және басқа араб елдері Үндістан мен Византия арасындағы байланыстырушы буын болды. VI ғасырда Жетісуда 56 қала болса, Х-ХІ ғасырларда олардың саны 200-ге жетті. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қалалар дала мен отырықшыегіншілік аймақтар қиылысында орналасқан бұл жерде кӛшпелілер, қала тұрғындары мен егіншілер арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстар байқалып отырды
Т.Х. Ғабитов қазақ өркениеті жайлы ғылыми пайымдауына анықтама беріңіз Жауабы: Ежелгі кошпелі оркениеттерден бастау алатын (сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, ортағасырлық түркілік дала империялары, Алтын Орда, Ақ Орда, т.т.), кейін қазақ хандығы уақытында қалыптасқан, түркі-соғды, түркі-араб синтездері нәтижесінде исламдық суперӛркениеттің құрамына енетін этномәдени бірлестік деп қазақ ӛркениетінің мәдени-тарихи болмысын талдай келе, қазақ ӛркениеті православиялық, исламдық, конфуцийлік атты үш үлкен ӛркениеттердің тоғысқан жерінде тұр деген ғылыми пайымдау жасайды.