7 тақырып: Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті.
Жібекжолы: Қазақстан – Шығыс пен Батысты байланыстырушы ретінде. Орталық Азия аймағындағы мәдениеттер байланысы. Түркі және қазақ мәдениеті архетипіндегі ирандық компоненттер. Үнді және Орталық Азия мәдениеті сұхбаты. Үнді мәдениеті мен түркі өркениетінің өзара ықпалы. Түркі және ислам мәдениеттерінің өзара әсері мен өзара әрекеті. Ортағасырдағы түркі мәдениеті. Философия мен ортағасырлық ғылымның дамуы. Әл-Фараби: философиялық, әлеуметтік-этникалық және эстетикалық көзқарастары. Ортағасыр мәдениеті мен ғылымының қалыптасуындағы әл-Фарабидің үлесі. Математиканың дамуы. Өнер, әдебиет, сәулет өнері, техниканың дамуы. Ортағасырлардағы Қазақстан мен Орталық Азиядағы білім.
Ғылым мен медицина дамуы. Хорезми ұлы ортағасырлық ғалым-математик. Әбу Рейхан Бируни және Ғалам. Әбу Рейхан Бируни математик және мәдениет тарихшысы ретінде. Әбу Әли ибн Сина және оның «Емдеу ғылымдары каноны» еңбегі. Орталық Азиядағы қоғамдық және жаратылыстанулық ғылымдар. Университеттердің дамуы. Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар: Исфиджаб (Сайрам), Баласагұн, Отрар, Суяб, Тараз, Шаш (Ташкент), Шымкент. Олардың ортағасырлық Қазақстандағы мәдени өмірдің дамуындағы рөлі. Орталық Азиядағы қалалық мәдениеттің гүлденуі. Нишапур, Хорасан, Систан, Термез, Самарқан, Бұхара, Хорезм ғылым, білім, сәулет өнері және өнер орталықтары ретінде. Орталық Азия қалалары діни (буддизм, зороастризм, несториандылық, манихейлілік және т.б.) білім беру орталығы ретінде. Орталық Азия қалаларының сәулет өнері. Орталық Азияның сарайлық мәдениеті.
8 тақырып: Түркілердің мәдени мұрасы.
Қарахан кезеңіндегі мәдениет. Қарахандар кезеңінің материалдық, қалалық мәдениеті. Түркі кезеңіндегі техниканың дамуы. Материалдық мәдениет ескерткіштері. Әл-Қашқари және оның түркі әдебиеті мен тілінің қалыптасуындағы рөлі. Әл-Қашқари – түркі әлемінің ақыны. Әл-Қашқаридің «Түркі сөздерінің жинағы» еңбегі. Жүсіп Баласағұн және оның «Құтты білік» еңбегі. Ахмед Үйгінеки, Сулеймен Бақырғани және олардың түркі мәдениетіне қосқан үлестері. Ахмед Үйгінеки – «Хибат ал(ул)-хакайык» поэмасының авторы («Ақиқат сыйы»). Қазақстанда исламның таралуы. Ортағасырлық түркі мәдениетінің ерекшелігі: ислам және номадизм. Моңғолдық кезең және ортағасырлық Қазақстандағы түркі халықтары мәдениетінің дамуына ықпалы. Хорезмшах билігі кезіндегі ғылымның дамуы
Медицина: Зайн әл-Дин Горганидің (Джурджани) «Хорезмшах қазынасы» кітабы. Хорезмшах кезеңіндегі әдебиет. ХІІ ғасыр ақыны Рашид ад Дин Умари (1114-1177). Жазушы Низами Арузи Самарканди және оның «Сирек кездесетіндердің жинағы, немесе Төрт сұхбат» кітабы. Хорезмшах тұсындағы мәдени өмір (сәулет өнері, керамика).
Сопылық Қайта Өрлеу. Ахмет Яссауидің тұлғасы мен қызметі (1093-1166). «Диуани Хикмет» кітабы. Наджм ад Дин Кубра (1145-1220) және оның рухани өмір жобасы. «Құдай халқының жолы» трактаты. Сопылық ақын Нишапурлік Фарид ад-Дин Аттар (1145-1221) және оның «Құстардың әңгімесі» аллегориялық поэмасы. Самұрық құс бейнесі. Суфизм моңғол шапқыншылығына дейінгі Орталық Азиядағы қуатты діни қозғалыс ретінде. Түркілердің мәдени құндылықтары мен дүниетанымына суфизмнің әсері. Ағартушылық жетістіктерінің жоғалуы.
Моңғол шапқыншылығы мәдени апат ретінде. Моңғол билігі кезіндегі суфизмнің дамуы. Бахауддин Накшбанд (1318-1389) жаңа діни қозғалыстың негізін салушы ретінде. Суфизмнің накшбандия орденінің ислам әлемінің рухани өміріне әсері. Суфизм музыкасы мен поэзиясы.
Алтын Орда кезеңінің мәдениеті. Материалдық және рухани мәдениет. Рухани құндылықтар. Өнер. Діни наным-сенімдер. Салт-дәстүрлер. Алтын Орданың негізгі технологиялық жетістіктері.
Ақсақ Темір кезеңіндегі мәдениет. Ақсақ Темірдің (1336-1405) билігі кезіндегі Орта Азиядағы мәдени және ғылыми өмірдің қайта жандануы. Сәулет өнері. Шахрисабздағы Ақсарай. Самарқан орталығындағы Бибі-Ханым мешіті. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.
Мұхаммед Тарағай билігі кезіндегі сарайлық мәдениеттің гүлденуі. Мешіт пен медресе құрылысы. «Ислам бақтарының» жасалуы. Байсунгуренің кітап сақтау қоймасы және өнерлер орталығы. Өнер және сәулет өнері. Миниатюра. Фреска өнері.
Ұлықбек (Мұхаммед Тарағай) астрономия ғылымының дамуы.
Математиканың дамуы. Джамшид әл-Каши (1380-1429) және Әли Кушчи (1402-1474): астрономия мен математиканың дамуына қосқан үлестері. Ұлықбек обсерваториясы. «Гургандық зидж» («Астрономиялық таблицалар жинағы») жинағы – XV ғ. аспан денелері туралы беделді нұсқаулық. Ақсақ Темір кезеңіндегі білім мен ғылым. Ақсақ Темір кезеңіндегі техниканың дамуы. Сопылық поэзияның дамуы. Нуриддин Джами (1414-1492) накшбандия орденінің ұлы сопылық ақыны. «Әулиелердің салтанатты ұлылығынан достықтың жарылуы» жинағы сопы прозасының көрсеткіші ретінде.
Әлішер Науаи (1441-1501) – ұлы түркі ақыны. Шағатай тілінің дамуы. Камолиддин Бехзад (1450-1537) және мұсылман әлеміндегі көркем сурет стандарттарының жасалуы. 15 ғ. сәулет өнері. Тимуридтер әулетінің эстетикасы және оның Ұлы Моғол империясының мәдениетіне әсері. Ұлы Моғолдар мәдениеті. Үнді-түркі Ренессансы. Сәулет өнері, ғылым, математика, астрономияның дамуы және моғол мәдениетінің технологиялық жетістіктері.
«Сакральды (қасиетті) Қазақстан» бағдарламасы. Түркі кезеңінің мәдени ескерткіштерін қалпына келтіру мен сақтау. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Көне қала Тараз және өзге де мәдени объектілер қазақ халқының мәдени бірегейлік пен қазақтардың мәдени мұрасының құраушысы ретінде.