«мәдениеттану пәнінен» «0103000 Дене тәрбиесі және спорт»



бет15/37
Дата31.12.2021
өлшемі174,75 Kb.
#23727
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
Байланысты:
ДТжС-мәдениеттану-

Бақылау сұрақтары:
1. Сұлулық, өлшем, үйлесім дегенді қалай түсінесің?

2. Нешінші ғасырда «Теогониясы» жарыққа шықты?

3. Олимпиада ойындарын өткізу қандай белгілі, үлгісі ретінде болды?

4. Діни мейрамдар салтынан, мүсін, сәулет өнері дамиды, олар қандай театрға жатады?


6 тақырып

Араб-парсы мәдениеті.

Жоспар:

Араб мәдениеті

Исламның көтерілуі

Құран. Исламның үрдістері

Араб-мұсылман мәдениетінің негізі ретінде Ислам.\

Араб-мұсылман алуан бірлігі ретінде мәдениет, оның потенциал мен кемшіліктерді бар, мәдени сәйкестілік, әлемде лайықты орын ала отырып, өркениеті. араб-мұсылман мәдениеті - анықталған Мәдениет, VII олардың тән ерекшелігі - XIII ғғ. және оның бастапқы алды араб түрлі халықтар байтақ Таяу Шығыстағы дамыту, Халифат және Біріккен теократиялық Мемлекеттілік, мұсылман Дін және араб тілі, ғылым тілі басты, философия және әдебиет. Өзі термин «Араб мәдениеті», өйткені орнына сөзбе-сөз таңба қарағанда ұжымдық болып табылады аббаси әулетінің (750 - 1055), тіпті оны құру ғана емес болды Арабтар, бірақ Халифат басқа пәндер және т.б. ирандар, гректер, түріктер, еврейлер, испандықтар, содан кейін араб мәдениетінің терең өзара іс-қимыл өзі бар және басқа халықтардың Исламға дейінгі мәдени дәстүрлері.

Атап айтқанда, бұл көрінеді «Шығыс ирандықтар» (тәжіктер) және «Батыс ирандықтар» арасында (парсылар) бойынша тәуелсіз Араб халифатының қалыптастыру қолайлы жағдай Бұхара оның астанасы - Шығыс Иран Самани мемлекеттік (999 887) онда, парсы парсы-тәжік әдебиеті қалыптасты XII ғасырдың. классикалық жасайды Поэзия және проза Шығыс дәстүр.

Барлық ажырамас, әлеуметтік және мәдени құбылыс ретінде араб-мұсылман мәдениеті оның құрылымы, негізгі және шеткерi - әрқашан күні зерттеулер дейін міндеті, отандық және шетелдік қарқынды қызығушылық тудыратын тарихшылар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, ғалымдар мен философтар мәдени.

Араб мәдениеті — исламның әлемдік дінге айналуы негізінде қалыптасып, араб тілін ғылыми және әдеби тілге айналдырған араб және көне басқа да мұсылман халықтарының мәдениеті. Араб мәдениеті негізінде афроазиялық және еуроазиялық даланың көп аумағын қамтыған және қазіргі әлемдегі 8 супер өркениеттердің бірі — Ислам Өркениеті қалыптасты (жалпы тұрғындарының саны 1,5 млрд. адам). Араб мәдениетінің қалыптасуына Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймағыңда өмір сүрген ежелгі Шығыстағы өркениеттердің (Мысыр, Финикия, Вавилон, Шумер, Ассирия, т.б.) ықпалы мол болды.

Араб ренесансы Араб мәдениеті – Таяу және Орта Шығыстың, Солт Африка мен Оңт.-Бат. Европада орта ғасырларда арабтар мен басқа да халықтар жасаған есебінде ғылымда қолданылатын термин. Бұл мәдениеттің сырттай негізгі белгісі – Араб тілі. А. мәдениеті деп тарихи дамудың өн бойында араб халқы ғана жасаған мәдениетті де айтады. А. мәдениеті алғаш Бат., Орт. Және Солт. Арабияда туды. Мұның алдында сабей тілінде сөлейтін Оңт. Арабия халқының көне мәдениеті болған, ол өзіндік жазу түрін шығарған. Сирия, Ливан, ПалестинаИрактағы арамей халықтарының мәдениеті сияқты бұл мәдениет те жаңа туып келе жатқан Арабмәдениетінде елеулі әсерін тигізеді. 4 ғ. шамасында Арабтарда жазу шықты; ол арамей жазуының дамытылған түрі сияқты еді. 7 ғ-да Арабтың тоекратиялық мемлекеті құрылды. 8 ғ-дың ортасында жаулау нәтижесінде Арабия ұлан байтақ феод. империяға – Халифатқа айналды. Оның құрамында Арабтық Шығ., Солт. Африка, Иран, Ауғанстан, Пириней түбегінің басым көпшілігі, Закавказье мен Солт.-Бат. Үндістан кірді. Халифаттағы қатынас құралы араб тілі болды. Халифаттың қол астындағы халықтардың мәдениетің бойына сіңіріп, көне грек, эллин – рим, арамей, иран, үнді мәдениетінің зор жетістіктеріне сүйене отырып, арабтар Халифат құрамындағы өзге халықтармен игілікті қарым-қатынастар жасау арқылы мейлінше дамыған мәдениет жасады. Бұл мәдениет басқа халықтарға, атап айтқанда Бат. Европа халықтарына игі әсерін тигізді және дүние жүз. мәдениетке орасан зор үлес боп қосылды. А. мәдениетінің қалыптасып дамуында сириялықтар, парсылар, Орта Азия мен Кавказ халықтары үлекен дәуірлеп гүлденген шағы 8 – 11 ғ. болды.

Феод. Халифаттағы өндірістің даму қарқыны табиғат ғылымдары мен дәл ғылымдардың даумына талап етті. Көне грек, эллин ғалымдарының, оның ішінде Эвклит Птоломей еңбектері үнді математиктерінің еңбектерімен қатар араб тіліне аударылды; олардың жетістігі жер өлшеу, теңізде жүзу, жердіқолдан сүрау ісіне тығыз байланысты дамыған араб геометриясы мен астрономиясының негізіне алынды. Астрономияның одан әрі дамуна араб ғалымдарының жақсы жабдықталған обсерваторияларда жүргізген бақылау жұмыстары зор роль атқарды. Бақылаулардың дені астрологияға байланысты болды. 827 ж. араб ғалымдары меридиан шеңберін өлшеп, жердің көлемін аңықтады. Негізін үндіден алып, арабтар санаудың ондық жүйесін, оның сәйкесті цифрлары мен нөлді пайдалану жолын тауып, математиканың дамуына жол ашты. Арабтар (әл-Баттани, 858 – 929) тригонометриялық функцияны енгізді. 1- және 2-дәрежелі алгебр. теңдікті шығарудың бірнеше жолын тапты. Бұл салада Хиуалық әл-Хорезми (9ғ.) зерттеулерінің айрықша мәні болды. Әдетте жан-жақты энциклопедиялық білім иесі болған араб оқымыстылары негізінен теориялық медицинамен, дәрігерлік тәжірибе жұмыстарымен көп шұғылданды. Галленнің, Гипократтың еңбектеріне негізделген мед. ғылымына арабтар елеулі үлес қосты. Офтальмология айрықша дамуды; көздің құрлысы жөнідегі арабтардың түсінігі қазіргі замандағы ұғымға жақын келді. Геом. оптиканың жетістіктері офтальмологияға байланысты туды. Бұл салада Хайсамның (965 – 1035) еңбегі аса маңызды еді. Мед. Білімнің жиынтығы ар-Рази (864 – 925) еңбегінде берілді. Медицинаның және оған байланысты фармакологияның мұқтаждығы химияның дамуына жағдай жасады. Сода. Селитра. Т.б. хим. Заттар өндіру саласы табысқа жетті.алхимия кең тарды. Кристалдандыру, сүзу, қатты денені буға, буды қатты денеге айналдыру тәсілдері де арабтан шықса керек. Жабир ибн-һайям (Гербер, 712 – 815) араб алхимиясының атасы атанды. Шығыста туған компос, қағаз, оқ-дәрі т.б. арабтар арқылы Европаға тарады. Дәл ғылымдар мен табиғат ғылымдары Орта Азияның ұлы ғалымдары Әбу Әли ибн Сина мен Бирунидің араб тілінде жазылған еңбектерінде одан әрі дамытылды.

Саудаға, алым-салыққа байланысты дамыған шолу сипатындағын географиямен қатар Птоломей еңбектеріне негізделген ғылми география өркендеді. Бұл салада парсы Ибн Хордадбех (820 – 912 ж.ш.), арабтар әл-Маъсуди (10ғ.), әл-Муқаддаси (10ғ.) еңбектерінің даңқы шықты. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік қайшылықтар мен тап күресін едәуір жақсы бейнеледі. Халифаттағы үстем идеология – ислам діні (суннизм) теология ғылымының идеологиялық негізі болып қана қойған жоқ, сондай-ақ тарих, филос. ғылымдарының да ірге тасын қалады. Араб тарихнамасы Мұхаммед пен оның әріптестерінің өмірі жайындағы аңыздардан туып дамыды да, құбылыстардың себеп-салдары туралы мәселеге терең үңілмеді, оларды алла тағаланың құдіретінен деп түсіндірді. Аздаған ғана тарихшылар (Белазури, 892 ж. ө.) экономикалық-әлеуметтік құбылыстарға назар аударды. 10 ғ-дың басында Табаридің (923 ж. ө.) «Пайғамбарлар мен патшалар тарихы» жазылып бітті. Кейініректе ол араб мұсылмандардың жалпы тарихының жасалуына үлгі болды. Араб философиясы алланың өзі мен оның жазмышы жайындағы мұсылмандық діни айтыстар төңірегінде туды. Исслам өкілдері (Мутакаллимшілер) 7–8 ғ-да шектен шыққан идеолизм позиция сында тұрды. Жаңашыл раббылнамашылар мен еркін ойлы ақыл иелері консерваторларға қарсы алғаш рет ежелгі грек, эллин философиясының кейбір қағидаларын пайдаланды. 9 ғ-да неоплатонизмге, Аристотель мен Платонның іліміне негізделген дүниелік философияға қарама-қарсы раббылнамалық-филос. жүйе-кәләм шықты. Аристотелизмнің арабтағы жақтаушылары араб философиясындағы прогресшіл бағыттың өкілдері болды. Олардың ішінде Отырарда туып өскен, Шығыста екінші Аристотель атанған Әбу Наср әл-Фараби мен араб философы әл-Кинди бар. Раббылнаманың философияға қарсы ұзақ күресі исламға суфизмнің едәуір элементтерін енгізген әл-Ғазали еңбегінде айқын көрінеді.

Арабта екі түрлі мәдениет болды: феодалдар, бай саудагерлер, дін иелері жасаған мәдениет пен халық бұқарасы жасаған мәдениет. Еңбек шілердің антифеодалдық күресі әртүрлі мұсылман секталарының ілімінде бой көрсетіп отырды. Кейбір прогресшіл ақындар философтар, секталармен байланысты болды. әдебиетте исламға дейінгі 6-7 ғ-дағы поэзия дәстүрі басым еді; оны араб филосовтары 9-10 ғ-да жазып алып жинастырған. Олардың ең әйгілісі - Әбу Таммам құрастырған «хамаса» (9 ғ) мен Әбу-л-Фараж Исфаһани жинаған «Китап әл-Ағани» (10 ғ.). Омейя әулеті мен Аббас әулетінен болған алғашқы халифтар тұсындағы сарай поэзиясы дүниелік тіршілікті жырлау сипатында болды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет