еңбектердің жазылғандығы, өзін әділетті деп жариялаған патшалардың,
диктаторлардың, көсемдердің болғаны тарихтан белгілі.
Алайда ХХ ғ. аяғына таман адамды бағалау мен оның әрекетінің жемісін
тұтынудың нарықтан басқа әділетті тетігін адамзат әлі ойлап тапқан жоқ
деген қорытындыға келдік. Нарықтың негізгі принципі – жеке адамның өзі
үшін белсенді әрекетін қоғамдық байлықты арттыруға бағыттау. «Егер мен
өзім үшін болмасам, кім онда мен үшін», – дейді нарық адамы. Нарықтың
төрешісі – ұсыныс пен сұраныстың арасалмағы.
Нарықтық адам өзін тауар, ал өзінің құндылығын айырбас өлшемі деп
бағалайды. Тұлғалар базарында табысқа жету үшін адам өтімді, модаға
сәйкес, құны жоғары болуы тиіс. «Қанша – бағалансам, соншама-
бақыттымын» – дейді нарық адамы. Нарықтың тағы бір негізі – меншік. Ал
меншіксіз адам әлеуметтік жағдайларға тым тәуелді екен. Көріп
отырғанымыздай, нарықты дінге айналдырып, оған табынауға болмайды. Ол-
қажеттілік. Қажетілікті меңгеру үшін, оны танып біліп, оны адам ырқына
пайдаланған жөн. Нарықтық адамның жағымдылық құндылықтарына
белсенділік,
жауапкершілік,
іскерлік,
жағымпаздық,
нақытылық,
мақсаткерлік ж.т.б. жатады. Оның теріс жақтарында қатыгездік, өзімшілдік,
тік мінезділік, әсіресе рационалдық, есепшілдік, тұрақсыздық, дәйексіздік,
принципсіздік, құрал таңдамау, дәстүр сыйламау сияқты қылықтарды
көреміз.
Нарықтың тегіс жақтарын жақсы түсінген өркениетті елдерден кәсіпкерлікті
тек технологиялық әрекетпен шектелмей, оны әдеп жүйесімен
толықтырады. Сондықтан «бизнес этикасы» қазіргі жоғары дамыған
елдердегі алдыңғы қатардағы пәндерге жатады. Бұл сипатта, өркениетті
нарық деген ұғым қалыптасады.
Нарық рухани мәдениетке әзірше онша қолайлы болмай тұр. Өркениетті
елдерде мәдениет әр уақытта қоғам мен мемлекет тарапынан көмекке
сүйенеді. Мәдениетке қаржы мынандай көздерден түседі: 1) мемлекет
бюджеті; 2) халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер; 3) ұжымдар мен жеке
азаматтардың жәрдемдері. Міне, осы іс бізге жетіспейді. Қаржы
тапшылығына қарамай мемлекет пен азаматтық қоғам мәдениетке қарай
бетбұрыс жасау өте қажет. Бұған қосымша мынандай шаралар ұсынамыз: а)
халықтың, оның әртүрлі әлеуметтік және демографиялық нақтылы әрі
шынайы мәдени талап мұқтаждарын зерттеу және анықтау керек. Мұны тек
ғылыми зерттеу Мәдениет институты жүзеге асыра алады; ә) мәдениет
саласыы қызметкерлерінің материалдық және рухани ахуалын түбегейлі
жақсарту; б) балалар мен жасөспірмдердің мәдени қалыптасуын арзанқолды
бұқаралық мәдениеттің зиянды үлгілерінен арашалап, оларды дүниежүзілік
өркениеттің, соның ішінде ғасрлар бойы қалыптасқан өзіміздің төл ұлттық
мәдениетіміздің асыл қазынасымен таныстыра отырып, өнерге баулу.
Достарыңызбен бөлісу: