Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақстандық мәдениеттің дамуы.Ұлттық мемлекеттіліктің қайта өрлеуі ұлттық мәдениеттің қайта жандануы-мен және дамуымен қатар жүрді. Бұл саладағы мемлекеттің басымдықтары: ұлттық мәдениет пен Қазақстанның басқа этностарының мәдениеттерін сақтау және дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау, қазақ мәдениетінің үздік жетістіктерін насихаттау болды.
Қазақ тілін сақтау және дамыту жөніндегі іс-шаралар.Ұлттық мәдениеттің қайта өрлеуі үшін қазақ тілін сақтау және дамыту жөніндегі іс-шаралардың маңызы зор. 1989 жылдан бастап қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанда мектептерде қазақ тілін оқыту айтарлықтай ұлғайтылды, көптеген қазақ мектептері мен балабақшалар ашылды. Қазақ тіліндегі теле-радиохабарлар тарату арттырылды. Қазақ тіліне орыс тілінен енген сөздер байырғы қазақ сөздерімен алмастырылды.
Қазақстандағы байыпты тіл саясаты.Заң бойынша азаматтарды тілдік белгісі бойынша қысым жасауға тыйым салынған. Бірақ жоғарғы мемлекеттік лауазымдарды, сондай-ақ кейбір кәсіптерді иелену үшін мемлекеттік тілді білу міндетті болып табылады. 2010 жылдан бастап Қазақстанда ресми құжаттама екі тілде жүргізіледі.
2007 жылы «үштұғырлы тіл» мемлекеттік жобасы басталды. Жоба бойынша болашақта әрбір қазақстандықтың үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруін көздейді. Алайда қазақ тілі қазақстандық көпэтносты тілдік ортаның негізі болып қалады. Болашақта қазақ мектептерінің арқасында елдің барлық азаматтары қазақ тілін меңге-ретін болады. Қазақ тілін жаңғырту бойынша маңызды іс-шараның бірі – 2025 жылға қарай қазақ жазуын латын жазуына көшіру.
Дінге және адамдардың діни ізденістеріне құрмет.Тәуелсіз Қазақстан –зайырлы мемлекет, яғни дін мемлекеттен бөлінген. Алайда атеизм мемлекеттік идеология болудан қалды. Қазақстанда адамдардың діни көзқарасына, сеніміне және дін қызметшілеріне құрметпен қарайды. Тәуелсіздік жылдары көптеген мешіттер мен ғибадатханалар салынып, қалпына келтірілді. Басты діни мерекелер атап өтіле бастады және діни әдебиеттер жарыққа шықты (экстремистік әдебиет қосылмайды). Дінге байланысты халықтық дәстүрлер сақталды. Бұған қоса, қасиетті жер-лерге тауап ету аса маңызды ұлттық дәстүрлердің бірі болып танылды.
Кеңестік кезеңнен кейінгі Қазақстанда білім берудің дамуы.Тәуелсіз Қазақстанда жалпыға ортақ міндетті және тегін орта білім сақталды. Жоғары білім барлық қабілетті жастар үшін қолжетімді. Заман талабы-на сай оқу бағдарламалары қайта даярланып, жаңа оқулықтар басылып шықты. Жоғары оқу орындарына грантқа түсу үшін қазақстандық мектеп бітірушілер 2004 жылдан бастап ҰБТ түрінде сынақтар тапсырады. Талапкерлердің ішіндегі үздіктері «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға жіберілді. Жоғары білім реформаларының ішінен бесжылдық жоғары білім беру жүйесін алмастыратын Болонья жүйесін (бакалавриаттың төрт жылы мен магистратураның екі жылы) енгізуді атауға болады.
2004 жылдан бері «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Оның мақсаты – мәдени мұраның көмегімен ұлттық сана-сезімді нығайту. Тарих және археология ескерткіштерін сақтау және қалпына келтіруге елеулі қаражат бөлінді. 25 мың ескерткіштен
жүздегені қазірдің өзінде толықтай қалпына келтірілді. Еліміз өзінің белгілі ескерткіштерін (Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Тамғалы шатқалындағы петроглифтер) дүниежүзілік деңгейде танытуға белсенді түрде қатысты. «Қазақстанның сакральді картасы» жобасына байланысты рухани мәдениет ескерткіштерін қорғауға және сақтауға бұрынғыдан да көп көңіл бөлінуде.
Жаңа мәдени мекемелердің ашылуы.Елорда Астанаға көшірілгеннен кейін, ол елдің жаңа мәдени орталығына айналды. 1998 жылы Аста-нада Ұлттық музыкалық академия құрылды (қазір Қазақ Ұлттық өнер университеті). Өз архитектурасы бойынша бірегей «Қазақстан» концерт залы, «Астана» опера және балет театры, «Астана-Балет» театры, Хореография академиясы ашылды.
2000 жылы Алматыда Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік (2001 жылдан Ұлттық) өнер академиясы құрылды. Музей және галерея қозғалысының дамуы жалғасуда: кеңестік кезеңде құрылған көрме залдары мен музейлермен қатар жаңа галереялар – «Тәңірі Ұмай», «Ұлар», «Арт нават», «Құланшы» заманауи өнер орталықтары және т.б. бар.
Музыка – қазақ өнерінің маңызды саласы.Қазақстанда өнердің ең сұранысқа ие түрі – музыка. Бұл музыкалық дәстүрдің ежелден келе жатқандығы мен өміршеңдігіне және жас дарындылардың жаңа толқынының артуына байланысты. Қазіргі Қазақстанда дәстүрлі халық музыкасы, сондай-ақ Батыс мәдениеті дәстүрлерінен шығатын симфониялық және камералық музыка да дамуда. Бүкіл республи-ка бойынша концерттік алаңдарда музыкалық ұжымдардың, оның ішінде симфониялық оркестрлер мен халық аспаптар оркестрлерінің қойылымдары өтуде. Эстрадалық музыка да дамып, жаңа жұлдыздар қалыптаса бастады (Д.Құдайберген және т.б.).
Фестивальдар мен конкурстар өткізу.Тәуелсіз Қазақстанда көптеген музыкалық, театрлық және өзге де фестивальдар, конкурстар мен жүлделер, оның ішінде халықаралық жүлделер пайда болды. Оларға түркі дәстүрлі музыкасының «Астана-арқау» фестивалі, Алматыдағы пианиношылар конкурсы, «AstanaPianoPassion» мен «Опералия» фестивальдары, «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі, Орталық Азия елдерінің театр фестивалі, «Тарлан», «Дарын» жүлделері және т.б. жа-тады. Фестивальдар мен конкурстар қазіргі Қазақстанның мәдени өмі-рін жарқын және әралуан етеді. Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» шығармашылық конкурсы жаңа өнер туындыларына арналған және отандық суретшілер мен шеберлерге қолдау көрсетуге, өнердің ұлттық нысандарын дамытуға бағытталған.
Қазақстандық кино.«Қазақфильм» киностудиясында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, компания әртүрлі форматтағы фильмдер түсіру үшін заманауи жабдықтармен жабдықталды. Қазақстандық кинолар халықаралық кинофестивальдарға қатыса бастады.
Заманауи қазақ әдебиетіне социалистік реализмнің бұлжымас ереже-лерінен толықтай бас тарту, идеологиясыздандыру, өмір құбылыстарына тарихи тәсілді тереңдету, алдыңғы қатарға ұлт мүдделерін шығару тән. Сонымен бірге көптеген қазақ жазушылары стиль мен эксперимент еркіндігі үшін күресуде.
Өнердегі жаңа бағыттар мен жанрлар.КСРО ыдырағаннан кейін «темір шымылдықтың» құлауы арқасында Қазақстан өнері Батыс өнеріндегі заманауи үдерістер туралы ақпарат ала бастады. Ақпараттық ағынның молдығы өзіндік бір сілкініске және суретшілердің толықтай өзекті салаларға кетуіне соқтырды. Суретшілер социалистік реализмді жоққа шығарып, жаңа жанрлар, стильдер мен тәсілдерді іздестіре бастады.
Екінші жағынан, ұлттық қайта өрлеу дәстүр мен халық өнеріне, қазақ ауыз әдебиеті мен тарихына орасан қызығушылықты оятты. Көптеген қазақ суретшілері қазақтардың дәстүрлі ұғымдарына сүйеніп, ата-бабалардың ежелгі өнерінің құндылықтарына қайта оралуда. Оның үстіне, ұлттық идея алдыңғы қатарлы өнер туындыларынан да орын алуда.
Халықаралық мәдени кеңістікке кірігу.Қазақстан мәдениеті халықаралық деңгейде алға жылжуда. Халықаралық конкурстар-дан бөлек, қазақстандық шығармашылық ұжымдар мен артистердің шетелдегі, сондай-ақ шетелдік орындаушылардың біздің елдегі іссапарларының маңызы орасан. 2012 жылы А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсын Оңтүстік Тюрингия (Германия) опера театрында сахналануы тарихи маңызды оқиға болды.
Осылайша қазақ операсы алғаш рет Батыс Еуропаның театр сахнасында қойылды. Қазақ этникалық музыкасы батыс музыкашыларын қызықтырды. Мысалы, Алматы симфониялық оркестрі британдық сазгер К.Дженкинстің бірегей өңдеуімен ұлттық тақырыптағы сюита-ларды орындады.
Дүниежүзілік мәдени кеңістікке енудің сыртқы және ішкі түрі бар. Сыртқы түрі – фестивальдар, гастрольдер, көрмелер, олардың өзіндік ізденістері мен нәтижелерін көрсету. Басқа да халықтардың жетістіктерімен және өнердегі жаһандық үдерістерімен танысу маңызды. Ішкі түрі – дүниежүзілік мәдениет жетістіктерін меңгеру.
Жалпы тәуелсіз Қазақстанның мәдени өмірі жан-жақты дамыды. Ұлттық білім, тіл, музыка, сәндік-қолданбалы өнер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер мен мерекелер (мысалы, Наурыз ұлттық мейрамы), ұлттық спорт түрлері қайта жаңғыруда. Бұл мәдениет саласында мәселелердің (орыстандыру салдары, ауыл мектептерінің қала мектептерінен артта қалуы, жоғары білім мен ғылым мәселелері және т.б.)жоқ екендігін білдірмейді, бірақ олар біртіндеп өз шешімдерін табуда.
Қорытынды.Тәуелсіздік жылдары Қазақстан мәдениеті өте қар-қынды дамыды. Еліміздің мәдени өмірі жан-жақты өмір сүріп жатыр. Мәдениеттің дамуы ұлттық қайта өрлеумен қатар жүріп, оған қуатты әсер етеді. Идеологиясыздандыру, батыс мәдениетімен байланыстар, жаңа жанрлар мен стильдердің халық мәдениеті мен қазақ тілінің қайта жандануымен бір мезгілде пайда болуы, оларға мемлекеттік қолдау көрсету Қазақстан мәдениетінің қазіргі жай-күйін сипаттайды.
Өз білімдеріңді тексеріңдер.
1. Тәуелсіздік жылдарындағы білім, мәдениет салаларында жүргізілген реформалар туралы әңгімелеңдер.
2. Қазақстанның қазіргі мәдениетінің дамуын анықтайтын негізгі үш факторды атаңдар.
3. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда қандай жаңа мәдени орталықтар пайда болды?
4. Қазақстан үшін өнердің негізгі түрі неліктен музыка болып табылады?
5. Өз қалаларыңда (облыстарыңда) осы жылы қандай мәдени іс-шаралар болып өтті? Сендерге оларға қатысудың сәті түсті ме? Әңгімелеңдер.
Күрделі тапсырма.
Ұсынылғантақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңдар: «Менің сүйікті фильмім», «Менің сүйікті жазушым», «Менің сүйікті суретшім» және т.б. (тәуелсіздік кезеңіндегі туындылар).
https://youtu.be/B_4geS-hvSM