Фердинанд де Соссюр (фр. Ferdinand de Saussure, 26 қараша 1857, Женева — 22 ақпан 1913) — Женевалық лингвистика мектебінің басында тұрған, семиология мен құрылымдық лингвистиканың негізін қалаған швейцариялық лингвист. XX ғасырдың лингвистикасының әкесі саналатын Фердинанд де Соссюрдың ойлары структурализм бағытына жол ашып, XX ғасырдың жалпы гуманитарлық ойларына қатты ықпал етті. Олжас Сүлейменов тіл мен санаға қатысты былай деген: «Адам сәби күннен сөз атмосферасына түседі. Сөз оны өсіреді, өшіреді, қуат береді. Сөз адамның көркемдік талғамын қалыптастырады, көзқарасын, сана-сезімін оятады». Адамның жан дүниесінің тілден көрініс табуы, яғни ой шындығының сөз арқылы бейнеленуі және оның қазақ мақал-мәтелдерінен мол көрініс беруі туралы жазған Қ.Жарықбаевтың пікірі де жоғарыда аталған ойлармен тоғысып жатыр.
Ежелгі қазақ жеріндегі мәдениет.
Бүгінгі тарих ғылымының зерттеулеріне қарағанда қазақ этносы, б.з.д. I—мыңжылдықтың басынан қытай жылнамаларында аталып өтіледі. Адамзат тарихы тас, мыс және темір дәуірі болып бөлінеді. Тас ғасыры өз кезегінде үш дәуірге бөлінеді: палеолит, мезолит жөне неолит. Неолит дәуірі шамамен б.з.д. 12-10 мыңжылдықтарды қамтиды. Бұл дәуірлерде Қазақстан тұрғындары көбіне кен өндіру кәсібімен айналысқан. Бүгінгі Қазақстан жеріндегі Атбасар мәдениеті, Маханжар мәдениеті (Торғай), Ботай мәдениеті, Андронов мөдениеті, Дәндібай Беғазы мәдениеті деп аталатын аймақтар болды. Бұл заттық мәдениеттерге ортақ ерекшеліктер тән. Олар:қыш құмыралардағы ою-орнектер, алтын, қоладан жасалған түрлі әшекейлер. Археологиялық мүраларға қарағанда бұл мәдениеттердің өкілдері мал мен егін шаруашылығын қатар жүргізіп отырған. Қазақстандық ғалымдар Ә.Х. Марғұлан, М.К. Қадырбаев, А.Г. Максимова, С.С. Черников сынды зерттеушілердің тұжырымдары бойынша қола жөне тас дәуірлеріндегі Қазақстан аумағын мекендеген ру тайпалардың кәсібі, қолөнер мәдениетінің бұйымдары б.з. XVII —XIX ғғ., қазақ даласының заттық бұйымдарынан ұқсастық көрініс табуы, мәдениеттің тарихи сабақтастық болмысын білдіреді. Тас дәуірінен қола дәуіріне өту процесінде пайда болған қару-жарақтардың әлеуметтік- экономикалық мәні зор болды. Қазақстан аумағындағы Қарасу
(б.д.д. ІХ-ҮІІІ ғғ.), Беғазы Дәндібай (б.д.д. X - VIII ғғ.), Таштық (б.д.д. VII - VI ғғ.), Пазырық (б.д.д. VII - V ғғ.), қорған - қалаларының формалары мен салыну жүйелері көшпелі, сақ тайпаларының материалдық мәдениетінің куәлары болды. Қола дәуірінде (б.д.д. II—мыңжылдық) Жезқазған өңірінде мыс өндіру біршама жоғары деңгейге көтеріліп, мыс пен қалайы қоспасынан жасалған сапалы қару- жарақтар жасалынды. Осы мәдени ошақтарды жасаған ұлыс тайпаларды Шығыстағы Қытай жазбалары — Хундар деген атаумен атаған. Көне грек саяхатшылары осы «Хундарды», «Скиф» деп атады. Араб-парсы әлемінің жазбаларында және түркі халықтарының жазба деректерінде көшпелі тайпалар сақтар деп аталынды. Қазақ халқының генетикалық негізі торт-бес этникалық топтардан құрылған деген ғылыми болжам бар. Қазақтардың этникалық негізінің құрылуына келсек, бұл тұста әйгілі сақтар мен ғұндардың рөлі өте ерекше болады. Ғылыми болжамдар бойынша «қазақ» деген үғым «қас» (нағыз), «зақ», «сақ» (сақ тайпасы немссе апаттан нағыз сақтанган тайпа деген түсінік білдіруі мүмкін). Сақтар мәдениетінің басты сипаты аң аулау, оларды қолға үйрету сонымен бірге олардың түрлерін тасқа, қышқа, әртүрлі әшекейлерге бейнелеу болып табылады. Ғұндар мәдениетіне тоқталсақ олар бірнеше тайпалардан қүрылған және материалдық мәдениет біршама жоғары дамыған. Айталық темір, мыс, бағалы металдарды өндіру жөне оларды қорту маңызды мәнге ие болған. Б.з-д- III ғасырдан бастап тарихи деректерде қырғыз, ұйғыр, қазақ, өзбек, сары ұйғыр, моңғол, татар этностардың этникалық құрылымдары осы ғұн тайпалары негізінде қалыптасты.