Медербек Зілхан Бағланқызы 101-топ 1950 жылдан бері лексикография саласында елеулі табыстарға жетті. Осы кезеңде сөздіктердің бірқатары шыққан болатын. Қазақ тілі білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бері жан – жақты зерттеле бастады. Қазақ лексикасының құрамын, тарихын, сөз мағынасының түрлерін анықтап зерттеген қаншама ғылыми еңбек пайда болды. Лексикологияның жалпы мәселелеріне Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ғ.Бегалиев, Ғ.Мұсабаев Ш.Бәйтікова еңбектері жарық көрді.
Қазақ тілі білімі 1950 жылдан бері лексикографика саласынада елеулі табыстарға жекен болатын. Қазақ тіл білімінде болуға тиіс негізгі сөздіктердің бірқатары осы кезеңде шықты. Олардың ішінде екі тілді аударма сөздіктер де, бір тілді сөздіктер де бар. Екі тілді сөздіктердің негізгілері: 50.000 сөз қамтыған.
Ұқсастығы:
1950 жылдарға дейін лексикология жеке пән ретінде оқытылмай‚ негізінен мақала көлемінде ғана сөз болып келсе‚ Ғ.Мұсабаев тұңғыш рет лексиканың ғылыми курсын жазды.
Сонымен қатар орыс‚ араб-иран‚ моңғол және Батыс Еуропа тілдерінің қазақ тілімен қарым-қатынасын зерттеуге мол материал беретін бірнеше екі тілді сөздіктер басылып шықы.
Кеңес тіл білімінде 1950 жылдардан бастап сөз мағынасын топтастыруда В.В.Виноградов ұсынған классификация негізге алынды. В.В.Виноградов сөздің лексикалық мағыналарын үш типке бөліп көрсетеді:
1) Тура немесе номинативті мағына;
2) Фразеологиялық байлаулы мағына;
3) Синтаксистік шартты мағына.
В.В.Виноградовтың сөз мағыналары және оларды топтастыру туралы пікірі қазақ тіл білімінде қолдау тауып отырды.
Н.М.Шанский сөздің лексикалық мағынасының қалыптасуын оның ұғымды білдіру сипаты мен белгілі бір лексика-грамматикалық топтарға қатыстылығымен байланыстырып қарайды.
М.И.Фомина лексикалық мағыналардың типологиясын ұғымдық-заттық қатынастан басқа сөздердің бір-бірімен байланыстылығы, мағыналардың уәжділігі, қалыптасуының тарихи себептері және сөз мағыналарының атқаратын қызметі тұрғысынан қарастырады.
Сөздің лексикалық мағыналарын топтастыру үш түрлі қатынасқа негізделеді: