Мәди Бәпиұлы 1880 жылы бұрынғы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Едірей болысы, №3 ауылда дүниеге келген. Туып, өскен жері Үшқара деген биік коңыр тау. Оның руы өзі асқақ әніне қосқан — Қаракесек



Дата04.04.2022
өлшемі3,57 Mb.
#29831
Байланысты:
Презентация (8) (копия) 3


Тілеу Айханым

Орындаған Досымбек Нұргүл



. Мәди Бәпиұлы 1880 жылы бұрынғы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Едірей болысы, №3 ауылда дүниеге келген. Туып, өскен жері Үшқара деген биік коңыр тау. Оның руы өзі асқақ әніне қосқан — Қаракесек.Аса көрнекті тұлғалар Қаз дауысты Қазыбек бидің (1667-1764) ұрпағы және Алшынбай бидің (1801 ж.т.) немересі бола тұра тартысты ғұмыр кешті.

Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сияқты саңлақтармен кездесіп, өнеге алған. Жала жабылып, абақтыға түскен. Түрмеде елін, жерін сағынып, әділетсіз заманға налыған Мәди "Қаракесек" әнін шығарды. Бұдан басқа оның "Үшқара", "Шіркін-ай", "Мәди" атты әндері бар. Олардың дені кейін "Қаракесек", "Ер Тарғын", "Қыз Жібек" қазақ операларында пайдаланылды.



Академик Ахмет Жұбанов:  «Мәдидің «Қаракесегі» бүкіл қазақ халқының әнұраны десе болғандай. Мәдидің қазақ перзенті үшін орны бөлектігі де осындай ұлы шығармалар тудырған қайталанбас талантында» – деп жоғары бағалаған.

Атақты әнші-композитор Мәди Бәпиұлы өз шығармаларында бостандықты, адам жанының тереңдігін, қазақ халқының тамаша дәстүрлерін жырға қосады. Кең тынысты, салтанатты, шаттыққа толы оның әңдері күні бүгінге дейін ел аузында. Олар опералардан, сиюталардан, кантаталардан тұрақты орын алды. Композитордың тағдыр-талайынан терең сыр қозғайтын Мәди Бәпиүлының әндері талайларды тебірентумен келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет