“Жала жабу” бабы бойынша қылмыстық қудалауды алып тастау
“Жала жабу” бабы бойынша жазалау сөз бен БАҚ бостандығының деңгейіне кері әсер ететіні ақиқат. Медиа саласының заңгерлері осы жа-
заның нәтижесінде елдегі демократиялық режимге қауіп төніп тұр деген пікірде. Егер журналистерді түрмеде қамап немесе олардың кәсіби
қызметтері үшін қылмыстық жазамен қоқан-лоқы көрсетілсе, онда БАҚ бостандығы ешқашан болмайды.
ҚР Қылмыстық кодексінде “жала жабу” туралы былай делінген:
1) Жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер
тарату –
2) бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3) 2. Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол
іс-әрекет –
4) екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5) 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп
айыптаумен ұласқан, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –
6) үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыста-
рына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға
жазаланады./
/// Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi // 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ.
Журналист құқылы: - алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге. (ҚР БАҚ туралы заңы 20-бабы, 6-тар-
мағы)
Әркім жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардан ақпаратқа қол жеткізуге құқылы. Мемлекет олар-
дың ақпарат алуға. зерттеуге, шығаруға, беруге және таратуға деген құқын қорғайды.
Заңда бұл туралы не деген?
ақпаратқа қол жеткізу – мемлекет кепілдік берген, Қазақстан Республикасының Конституциясында және
заңдарында бекітілген, ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен әркімнің еркін алу және
тарату құқығы.
Толығырақ ҚР “Ақпаратқа қол жеткізу туралы” Заңын қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: