Мәдібаева қанипаш қайсақызы



бет16/85
Дата01.03.2023
өлшемі1,9 Mb.
#70870
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85
Желі тұрды оңынан.
Ай мүйізді қошқардың
Бөрі тартты қоңынан.
Мұрттай ұшты Ақауыз
Бір мылтықтың оғынан...
Қырғыздың Ораз батырының ашынып шапқан шындығын – өмірлік драматизмді Нысанбай тағы да тауып айтады. Тұтас құйылған құрыштай тұлғалы, бітімді сөзбен ашады.
... Қайраты көп болған соң,
Найзасы аумай білектен.
Ораз келді жұлқынып,
Бастан ауған бағы бар.
Қатыны түсіп қазаққа
Қарайып жүрген қаны бар.
Қан құшып, жер бауырлай сүрінген Ораз батырдың ішінде кеткен өксігі қандай ауыр еді... Нысанбай жүрек суытар сөзбен оны да шынайы жеткізеді:
Найза бұрын кез келді
Ақбозаттың сол жақтан
Ораз батыр жығылды,
Қайтып адам болмастай
Шыбын жанна түңілді
Тілге келмей сол жерде
Жер бауырлап сүрінді...
Нысанбайдың “Қайырсыз болған Алатау” деп, ежелгі жыраулық сарында жаннан түңілуі – тағы да заманның қасіретке бөккен күйі.
“Шарықтап жүрген сұңқарлар, // Ілінді жаудың торына”.
Жырды зерттеуде назар аударылуы тиіс бір жай – әр кезеңдегі басылымдарға текстологиялық сараптау қажет.
Белгілі әдебиеттанушы ғалым Шәкір Ибраев бұл жырды “азаттық жыры” дейді. Алып-қосар сөз жоқ.
Бұл тарихи жырдың, Нысанбай жырының айқын құндылығын ғалым кеңінен қамтып, келістіріп айтады. Көрнекті фольклортанушы ғалымның Кенесары жырының құндылығын атап көрсетуінде, ХІХ ғасыр әдебиетіндегі жанрлық жаңғыру, түрлену, өзгеріс құбылыс фактісі зерделенген.
Бір ғажабы осы ақындар мұрасына ауыз әдебиеті үлгісінің аясында қарағанымызбен, олардың өзіне ғана тән қолтаңбасын көрмеу мүмкін емес. Ондай өзгешелік – ең алдымен ақындардың өзі жырлап отырған оқиғаны, жалпы ел басына түскен қасіретті өз басынан кешіруімен байланысты. Бұл ретте ең алдымен қобызымен күңірене жыр толғаған Нысанбай жырау көз алдымызға келеді. Оның өз басы куә болған ұлы оқиғалардың қайталанбайтыны сияқты, шығармасы да қайталанбас өрнегімен кестеленеді.
... Бұл – жыр ғана емес, тарихи шындық.
... Нысанбай лиризмінің бүкіл жыр бойындағы оқиғамен бірге әдіптеліп отыратынын айтпағанда, оның қадау-қадау үлгісін өзінің майдан даласынан зәресі ұшып қашқанынан, Кенесары, Наурызбай қолға түскеннен кейін қайғыны жоқтауға, мақсатты өкінішке айналдырған ақынның мүшкіл халінен көреміз...
“Жо-жоқ, ақын өз басы үшін емес, бүкіл халыққа түскен қайғыны көтере алмай езіліп кеткендей болады.
... Арманына жете алмай, қапаста қалған ел қайғысының ақын жеке бастың трагедиясымен ұштасқан мұндай үлгісі арғы-біргі әдебиетте некен-саяқ” [Қазақ халық әдебиеті, 11-12 бб.].
20, 40-жылдары Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқанов өздері бар ғұмырын арнаған қазақтың тарихи танымын, рухани талғам, ұлттық санасын жаңғыртып, түлетуге, оятып, қалыптастыруға ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық күрес батырлары жайлы жырларды қазақ әдебиеттану ғылымында арнайы әдебиет үлгісі есебінде бөле-жара қарап, ұлт тағдарындағы ұлы батырлардың көркемсөздегі бейнесінің – олардың ұлт тарихындағы ақиқат бейнесі екендігін айтуымен де өлшеусіз үлестерін қосты.
ХІХ ғасыр әдебиетінің көркемдік арналары, шеберлік алымдары туралы ендігі кең, келелі зерттеулерге ілгерідегі М. Әузов, С. Мұқановтың зерттеулерін міндетті түрде есте ұстай отырып бару керек.
ХІХ ғасыр әдебиетіндегі тарихи жырлардың тарихи негізі, туу себептері, ұлт-азаттық күрес, көтеріліс ақиқаты бүгінде әдебиеттану, тарих ғылымдары жағынан саяси жөнінен біршама қарастырылып қамтылды. Тарихи уақиғалар туғызған ел батырларының өмірі арқау болған тарихи өлеңнің жанрлық ерекшелік, тіл-қолданыс, т.б. жөндерден көркемдік сипаттамасы да жасалып келеді.
Мұхтар Әуезов “Әдебиет тарихында” Кенесары, Исатай, Бекет батырлар туралы жырларды “Тарихи өлеңдер” деп атады. Ахмет Байтұрсынов тарих жыр, тарихи жыр дейді.
Сәбит Мұқанов бұл жырларды “бостандық күрес әдебиеті” үлгілеріне жатқызады.
Ә. Қоңыратбаев, Р. Бердібаев, Е. Тұрсынов, С. Қасқабасов, З. Сейітжанов, т.б. ғалымдар “Тарихи эпос”, “нақты тарихи эпос” дейді. Тарихи жыр, тарихи өлең, тарихи эпос – не дегенде де нақтылы тарихтың ізімен, нақтылы тарихи тұлға өмірі, арқау етіліп туған әдеби үлгі жайлы М. Әуезовтің мына бір пікірі әдебиеттің көркемдік негіздері жөнінен келгенде көп түйіннің шешімін табар жолды көрсетіп тұрған тұжырым.
“Ел ескілігінің бір алуаны тарихи өлеңдер. Бұл уақытқа шейін біз қарастырған әдебиет жұрнақтарынан тарихи өлеңдердің бір үлкен айырмасы бар: бұдан бұрынғы ескілік кейде әңгімелі өлең туғызса, кейде ел салты мен ел сезімінің әр түрлі ауыр-жеңіл күйлерін шығарса, барлығында белгілі орынға байланбаған еркіндік бар-ды.
… Оларға қарағанда, тарихи өлең ел әдебиетінің жаңа бір ағымы, жаңа түрі (астын сызған бізҚ.М.) сияқты” [10, 140 б.].
Әдебиет зерттеушілер тарапынан қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі бір арна–тарихи жырлар табиғаты әріден зерттеліп келеді. Көбіне тарихи жырлар ауыз әдебиеті үлгісі есебінде қарастырылып отырды. Осы орайда тарихи жырлардың нақтылы оқиғалардан өрбитіндігі (аңыз-әңгіме емесҚ.М.), сонымен бірге олардың нақтылы шығарушысы (әсіресе, ХІХ ғасырдан бері туған жырларға қатысты Қ.М.) болатыны үнемі ескеріліп отырады. Тарихи жырлардың жанрына байланысты да аса елеулі пікірлер бар. Бүгінгі күнге шейінгі зерттелу жайына үңіле түссек, тарихи жыр төңірегінде, әсіресе таза ауыз әдебиет үлгісі екендігі жөнінде ойласатын мәселелер бар. Көрнекті қазақ фольклортанушысы Рахманқұл Бердібаев: “Ауыз әдебиетінің, соның ішінде эпостың сан тарау нұсқалары көп тиражбен басылып, жұртшылықтың рухани игілігіне айналды, ертегілер, айтыстар, мақал-мәтелдер, тұрмыс-салт жырлары, тарихи өлеңдер, т.б. жанр нұсқалары халықтың қолына жетіп отыр” [64,27 б.].
Ғалым ауыз әдебиеті жазба әдебиетке үлкен тірек, негіз болатындығын айтады. Қазақ сөз өнерінде әдебиет пен жазба әдебиеттің бірін-бірі байытып отыруы – тұрақты заңдылық дейді. Сөз жоқ, бұл заңдылық, бұл құбылыс
ХІХ ғасыр әдебиетінің туып жасауында да аса ықпалды болды.
“Әдебиетін, жырын халықтың рухани серігі етіп сақтап келген қазақтар ең алдымен тарихи жырларға ерекше мән берген. Бұл тұрғыда: “Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырып салма ақындар мен жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атынан кейінгі ұрпақ естерінде ұмытылмастай етіп белгілі бір сыбызғышы не қобызшы музыканттар тастап кеткен”, – деген Шоқан Уәлиханов сөзінің шындығына мойын ұсынуға болады.
…Мұндай жырларда тарихи адамдар тек өмірде болған күйінде емес, өмір шындығына сыйымды түрде қоспалармен әрленіп, қиялмен толықтырылып, жаңа таныс-бейтаныс” бейнеге айналды. Өмірде болған батырды халық қиялындағы батырдың бейнесімен араластырып, жаңа образ жасайды. Бұл сипат Ағыбай туралы жырлардан анық байқалады. Сонымен бірге оларда көптеген тарихи мәліметтер сақталады” [25, 40 б.].
Академик Серік Қирабаев Ағыбай батыр туралы жырлардың ерекшелігін саралай отырып, осыбір ойды айтады.
Академик Қ. Жұмалиевтің “Қазақ эпосы мен әдебиет тарихы мәселелері” (1958) еңбегінде тарихи жырларға арналған “Тарихи поэмалар” тарауы бар.
“…эпостық жырлардың қаһармандары – атса оқ өтпейтін, шапса қылыш өтпейтін, суға салса батпайтын, отқа салса күймейтін қасиеттері бар және Бабай түкті Шашты Әзиз, Қырық Шілтен тәрізді бағып жүретін иегері бар адамдар болып суреттелсе, тарихи жырлардың қаһармандары олардай емес ержүректі, күш-қайраты мол, оқ өтіп қылыш кесетін жай адамдар. Тарихи жырлардың уақиғалары да осы тұрғыдан құралады. Тілі жағынан алғанда батырлар жырлары мен тарихи жырлардың айырмашылығы бар.
Батырлар жырына тән поэтикалық ескі психологиялық параллелизм, шендестіру көбіне әсірелеу, кейіптеулердің кейбір ескі түрлері десек, олармен салыстырғанда, тарихи қолжазбалардағы қолданылатын көркем сөздерде жоғарыда аталған поэтикалық тілдер мейлінше аз, көпшілігінде психологиялық параллелизм жоқ” [16, 221 б.]. Қ. Жұмалиев алғаш рет тарихи жырдың эпостан айырмасын салыстыра қараған ғалымның бірі.
Қ. Жұмалиев тарихи жыр, тарихи поэма дегенді қатар қолданып отырды (алма-кезек).
Тарихи өлең төңірегінде әлі де ажырата аша түсуді қажет етіп, ғылыми негіздеуге сұранып тұрған мәселе аз емес. ХІХ ғасырдағы тарихи өлең – ауыз әдебиетінің үлгісі ме, әлде жазба әдебиет туындысы ма? Осы төңірегінде ілгеріден келе жатқан пікірлерге зер салсақ, айқындала қоймаған түйіндерді де байқаймыз. Әрине, тарихи өлең әлеуметтік мән, мазмұны жөнінен аз қарастырылған жоқ. Бұл тұста тұжырымдар белігілі, айқан. Ал жанрлық, көркемдік сипат, дәстүрлі арна, өзгешелік өрісі тиянақталып, тұжырымдалып болды деуге болмайды.
Тарихи жыр көптеген зерттеу еңбектерде ауыз әдебиетіне жатқызылады. Сонымен бірге олардың жазба түрде шыққандықтары туралы айтылып отырады. Авторының мәлім болып келетіндігі де тарихи жырдың өзіндік ерекшелігі есебінде көрсетіліп отырады.
Нақтылы тарих ізі жатқан, авторы бар бұл жырлар, әсіресе, ХІХ ғасырдың жырлары фольклор үрдісімен шығарылды дегеннің өзінде, таза фольклор үлгісіне де жатқызуға болмайтын шығармалар.
Жазып шығарылуы, авторы мәлім болуы – бұл жырлардың бір сипаты. Ендігі бір сипаты – қайсыбір жырдың көп нұсқалығы бар, жыр құрылымының, қайсыбір сарындардың, желілердің ауыз әдебиет дәстүрінде орындалып отыруы, т.б.
Осындай сипаты тарихи жырды біріңғай таза жазба әдебиетке де, ауыз әдебиетіне де жатқызуға мүмкіндік бермейді. Қисыны М. Әуезов айтқан ауызша әдебиетінен жазбаға өтердегі өтпелі дәуір әдебиетінің үлгісі дегенге көбірек келетіндей. Немесе ауызша – әдебиет.
Академик Қажым Жұмалиев өзінің “Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері” монографиясында (І том, 1958) “Бекет батыр” жырын тарихи поэмалардың үлгісі ретінде алғанын айтады. Оны тарихи жырдың өзіне тән ерекшелігін көрсетуге жарамды шығармалардың бірі дейді.
Қ. Жұмалиев Ығылман Шөрековтің “Исатай, Махамбетін” тарихи поэмалардың екінші бір көрнекті үлгісі дейді.
Тарихи жырлардың табиғатын ашуда Қ. Жұмалиев негізінен
В.Г. Белинскийдің ауыз әдебиет, жазба әдебиетке байланысты ұстанымдарына сүйенеді. Ал негізінде бұл әлем әдебиеттануының күні бүгінге шейінгі аражігі, айырмасы тұтас болмаған үлкен ғылыми проблемасы. Күрделі қисындары.
Әдебиет тарихы қазақ әдебиетінің тарихына қарағанда (ХІХ, ХХ ғасырға шейінгі Қ.М.) жұтаң, әдеби мұра қоржыны олқы орыс әдебиеттанушы ғалымдарының пікіріне, әсіресе қазақ халық ауыз әдебиетінің табиғатына барлау жасағанда бас шұлғи беруге болмас. Тегінде төл әдебиетіміздің өз табиғатына, өз бойына лайық өз шапанын кие бастаған осы кезеңінде ауыз әдебиет, жазба әдебиет өлшем, шарттарын тереңнен қозғай қараған жөн. Қайсыбір кереғар пікір, тұжырымды бір жөнге ыңғайлаған дұрыс болмақ.
В.Г. Белинский беделі мына бір тұжырым, анықтамадағы күмәнді тұстарға араша тұра алмайтындай.
“Ауыз әдебиетінің шығармалары тура халықтың рухынан туа отырып, мазмұн жағынан да, түр жағынан да сол халық рухының “белгісін өз бойына сақтап отырады: бұлардың өз араларындағы байланыс, қарым-қатыс осы түрде ғана болады. Бұлардың бірде-бірі екіншісіне әсер етпейді, осы секілді бұлардың бірі екіншісінің салдарынан туып та отырмайды, олар жеке-жеке бытыранды болады, сондықтанда бұлардың желілі тарихы да болмайды”.
Әдебиеттану, мәдениеттану ғұламасы Ә. Марғұланның “Ежелгі жыр-аңыздарында” орыс, Батыс ойшылдарына бұрылып, бас шұлғыған жері жоқ, қайта ойына да алмай, қажет көрмей өтетін тұсы көп. Осының өзі талай ойға тартпай ма?
Қ. Жұмалиев ауыз әдебиеті мен тарихи әдебиет, жазба әдебиет айырмашылықтарын алғаш тарата, ажырата қарастырушы ғалымның бірі болды. Ілгерідегі айтқанымыздай, жазылып шығу-жазба әдебиет деуге тұтас негіз емес. Осы мәселені Қ. Жұмалиев Белинский көзқарасына сүйене отырып көлденең тастайды.
“Жазу не жазбасы болу – ауыз әдебиетінен жазба әдебиетіне көшудің негізгі мәселесінің бірі саналатынын, солай ұғынудың дағдыға айналғандығын ұлы сыншы Белинский мойындаса да, ол тек қана сол жазу, жазылу негізгі шарт десек, бұл екеуінің арасындағы айырмашылығы дұрыс болмайды дейді” [16, 245 б.].
Жазба әдебиеттің айырым белгісі Қажым Жұмалиев саралауында: көркем әдебиеттің аты мәлім авторы болуы, ақындардың бірінің екіншісінің шығармасында әсерін тигізіп, өзекті сарындардың сабақтасып отыруы, көпшілігінің жаза білетін сауаты бар адамдар болып, қазақ жағдайында әуелде жазба түрде қалдыру мүмкіндігі болуы. “Қ. Жұмалиев “Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері” монографиясында тарихи өлеңді “Тарихи поэмалар” тарауында арнайы қарастырып, батырлар жырлары мен тарихи жырлардың айырмашылығы тарихи поэмаларда әсіре шендестіру, әсірелеу, психологиялық параллелизм болмайтындығы, көпшілік поэманың ел өміріндегі тарихи уақиға, тарихи күрес-тартысқа қатысқан нақты адамдар екендігін айтады. Және тарихи поэмаларды қазақ ауыз әдебиетінің аясында қарастырады. Сонымен бірге “Исатай, Махамбет” поэмасын Ығылман Шөреков жазды дейді. Яғни ХІХ ғасырда ауыз әдебиет дәстүріндегі шығармалар жазылып та шығарылды. Тегінде ауыз әдебиет, жазба әдебиеттің айырым белгісі тасқа басылған сөз фактісінде емес, шығарманың, туындының жазылу стилінде, дәстүр, үрдісінде, жанрында жатыр. Әйтпесе, жазылып шығарылды ендеше жазба әдебиет деген ұшқары пікірлерге ұрынып қалу да қиын емес.
Қ. Жұмалиев тарихи поэмаға тән ерекшеліктер: уақиғаға қиял араласпай реалистік түрде суреттеу; уақиғаның, қатысушы адамның тарихи шындығында дейді.
Сөйтіп, Бекет батырдың басынан өткен уақиғалардың тарихи негіздерін, Исатай, Махамбет көтерілісінің тарихтағы ізін шығармадағы уақиғамен астастыра қарастырып отырады.
“Тағы да бір факты келтірелік. Ақын бір тарихи эпизодты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет