Мәдібаева қанипаш қайсақызы



бет17/85
Дата01.03.2023
өлшемі1,9 Mb.
#70870
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85
Бір мың жылда сегіз жүз
Және бір отыз алтыда
Ашуланып Жәңгір хан
Жарлық салды халқына
Соғыс пәрмен бұйырды
Өзіне ерген жалпыға –
деп суреттейді.
Бұл да тарихқа дәл келеді. 1836 жылы 17 мартта, Жәңгір хан Исатай, Махамбеттерді ұстау үшін Қарауыл Қожа Бабажан ұлын бас етіп, 522 адам қарулы әскер аттандырады. Исатай, Махамбет 200 дей қаруланған жасақпен Қарауыға қарсы шығады. Бұлар 4 апрель күні Қиялы-мола деген жерде кездеседі. Поэмада ақын тарихи датаны дәлме-дәл күйінде алған” [16, 225 б.].
Тарихи жырдың қазақ әдебиеті тарихындағы орнын, жанрлық сипатын, шығу төркінін зерттеу мәселелері 1979 жылы жарық көрген “Қазақ тарихи жырларының мәселелері” атты жинақта беделді, белгілі ғалымдар тарпынан жан-жақты қарастырылып, ғылыми негіздемелер жасалды.
Көрнекті ғалым Сейіт Қасқабасовтың “Тарихи жырлардың зерттелуі мен жанрлық сипаты” зерттеуінде Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде “исторический джир” деген (Ш.Уәлиханов. Шығармалар. І том. 1961, 201-бет). қолданыс кездесетініне назар аудартады. С. Сейфуллиннің 1926 жылы Жанқожа батыр туралы өлең, жырды “Жаңа мектеп” (№6) журналында жариялағанын, 1932 жылғы “Қазақ әдебиеті” оқулығында тарихи жырлардың өзіндік ерекшелігіне көңіл бөлгенін айтады. С. Қасқабасов М. Әуезовтің тарихи өлең мен тарихи жырды бір деп қарағанын, Жұмалиевтің де тарихи жырды өзіндік жанр деп бөлгендігін, кейінде Ысмайыловтың де тарихи жырды жеке жанр ретінде танығанын, жанрлық ерекшелігін анықтағанын (“В поисках нового”, А., 1967), Н. Смирнованың “Тарихи эпос” қазақ фольклорының дербес жанры, тарихи жыр екіаралық жанр деп, тарихи өлеңді бөліп қарағанын келтіре отырып, тарихи жырдың ғылыми негіздемесін бекіте түсті.
Осы тұста ол кезде Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедұлының ардақты есімдері әлі “ақталмағандықтан”, олардың тарихи өлең, жырға қатысты дерек, тұжырымы айтылған жоқ.
Х. Досмұхамедұлы “Қазақ халық әдебиетінде” (Ташкент, 1928) халық әдебиетін ғылыми жүйелеудің, негіздеудің ілгерідегі Шоқан бастаған, Радловпен жалғасқан, ғасыр басында қазақ басылымдарында (“Қазақ”, “Айқап”, т.б.). көрінген бастамасын ілгері оздырды.
Халел Досмұхамедұлы әдебиет мәселелерін кеңінен қозғау қажеттігін былайша жеткізеді: “Бұл аталған мәселелердің бәрі соншалықты маңызды да мәнді, сондықтан да олардың әрқайсысы ұзақ тер төгіп, арнайы зерттеулерді қажет ететін тақырыптар…
Орыс әдебиетінде қазақ халық әдебиеті туралы сан жағынан едәуір мақалалар болғанымен, бүкіл халық әдебиетін түгел қамтитын жүйелі де толық очерк жоқ.
…Өкінішке орай, қазақ тілінде де халық әдебиетін азды-көпті болсын толық қамтитын шолу жасалған емес” [13, 14 б.].
Аталған еңбекте Халел Досмұхамедұлының әдебиет шаруасын соншалық көреген түйсікпен меңгерген, білімдар ғылыми өресі биік ғалым екендігі көрінді. Өзінің арнайы қарастырмайтын мәселесін айтып отырып та ғалым қазақ әдебиеті тарихының, қазақ әдедбиеттану ғылымының былайғы даму барысын, қарастыруға тиіс құбылыстарын қадау-қадау атап айтады. Олар: халық әдебиетінің даму тарихы бұл әдебиеттің осылайша жан-жақты дамуына ықпал еткен себептер мен жағдайлар, сырттан болған әсерлер мен қазақтарға туыстас халықтардың халық әдебиеттерімен өзара ауыс-түйіс мәселесі, халық әдебиетінің европаланған қазақ көркем әдебиетінің пайда болуы мен дамуындағы ролі, осы жаңа әдебиеттің жекелеген өкілдеріне халық әдебиетінің ықпалы, халық әдебиетінің әдебиеттанудағы ғылыми терминдерді қалыптастырудағы мәні, халық тарихын, қоғамдық дамуын, тұрмыс-тіршілік, қазақтың жеке бас мінез-құлқын танып білудегі орны, халық әдебиетінің болашағы туралы топшылаулар жасау.
Х. Досмұхамедұлының аталған еңбегі М. Әуезовтің “Әдебиет тарихы” (1927) оқулығына тиым салынғаннан кейін шықты. Ол халық әдебиетін тек ауыз әдебиеті негізінде қарастырған жоқ. Тек жаңа, еуропаланған әдебиеттен ғана ажырата қарастырған. Мұның өзінде ғылымға олжа салар сырлар жатқаны; бүгінде сол бір ғасыр басындағы әдебиет мәселелері қарастырылған ғылыми негіздемелерден көп тиянақ-тұғыр тауып жатқанымыз, табарымыз даусыз.
Х. Досмұхамедұлы қазақ халық әдебиетінің арналы саласы батырлық жырлар (героический эпос) мен тарихи өлеңдер (исторические песни) дейді [13, 26 б.]. Ғалымның батырлық жырлар, Алтын Орда мен Қазақ хандығы тұсындағы батырлар жайлы деген пікірі – өте назар аударар, елеулі жай. Яғни, кейінде Қ. Жұмалиев, т.б. жекелеген ғалымдар тарихи эпосқа жатқызып жүрген Қаракерей Қабанбай, т.б. ХVІІІ ғасыр батырлары жайлы жырларды
Х. Досмұхамедұлы авторы белгісіз батырлық жырларға кіргізеді. Және бұл Алпамыс, Қобыландылар жайлы батырлық эпосқа да телінбей, бөлек, біртұтас Алтын Орда, Қазақ хандығы жасаған уақыт батырлары жайлы батырлық жырлар деп қарастырылған сияқты.
Х. Досмұхамедұлының тарихи өлеңді ажыратуы да нақты, айқын, аса қисынды.
Ол тарихи өлеңдерде белгілібір кезеңде өмір сүрген аты белігілі адамдар, әрине көптеген әсірелеу, әспеттеумен, негізінен жоңғарларға және орыс импералистеріне қарсы қазақтардың бас бостандығы үшін күрескен кездегі тұлғалар жырланатынын, Кенесары, Исатай, Бекет және басқалар туралы өлең-жырларды мысалға келтіруге болатынын, көптеген батырлық жырлар мен тарихи өлеңдер нағыз эпопея болып келетінін айтты.
Ахмет Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқыштағы” аса мол құнды тұжырымының бүгінде ой көзімен үңіліп, олжа іздер тұсымыздың бірі мынадай: “Әуезе жыр мен тарихи жырдың арасындағы айырмасы сол, тарих жырындағы адамдар, уақиғалар турасында сөйлеген сөздер тарихтағы мағлұматтардың арнасынан аса алмайды.
…Әуезе жырды шығарушының қиялы еркін болады.
…Әуезе жыр мысалдары. Мұхамбетжанның “Топжарғаны”, Шәкәрімнің “Жолсыз жазасы”, “Қалқаман-Мамыры”, Мағжанның “Батыр Баяны” сияқты сөздер” [12, 451 б.].
А. Байтұрсынов тарих жыр дегеніне (кейде тарихи жыр дейдіҚ.М.) анықтама бергенімен, нақтылы шығарманы атап мысал келтірмеген.
М. Әуезов тарихи өлең, тарихи жыр, тарихи әңгіме дегенді қатар қолдана отырып, сол тұстағы тарихи өлеңдерді ажыратып атаған болатын. Тарихи өлеңдерден біздің қолымыздағысы – “Кенесары”, “Исатай, Махамбет”, “Бекет” (“Әдебиет тарихы”, 148-бет). Назар аударар бір жай, Абылай, Қабанбайды бұлардан бөліп атады. Осы ұстанымды кейін Х. Досмұхамедұлынан көреміз.
Мұхтар Әуезов тарихи жырдың тууы қазақ әдебиетінде ежелден келе жатқан дәстүр екеніне назар аудартады.
“Осы сияқты ел ортасына ертеден орнаған салт бойынша қазақтың өлең өлшеуіне түскен тарихы жасалды. “Исатай” жырының тарихи өлең болатын зор себебінің бірі – осы” [10, 159 б.]. Әуезов “Исатай-Махамбетті” жазылған дейді. “Кенесары” жырына қатысты “айту” дегені бар, “жазу” деген жоқ. М. Әуезовтің тарихи өлеңге тоқталуындағы және бір аса елеулі тұс – бұл ғалымның тарихи жырдың әдебиет тарихындағы жаңа бір көркемдік бағыт екенін айтуы. Яғни, шығарманың реалистік сипатына қатысты тұжырым-түйіндері. Қазақ өлеңінің, батырлық жырдың өмірге жақындай түсуін айтуы.
“Бұл жағынан қарағанда Кенесары, Исатай жырлары сияқты тарихи өлеңдер әдебиетте жаңа бағыт туғызып, өмірге жанасуды мақсат қылған сияқтанады. Ел әдебиетіндегі өміршілдік, нағызшылдық пішінде ең алғашқы рет осы өлеңдерден шығады.
…Сол ақылға бой ұру барлық тарихи өлеңдердің бояуын бұзып, бағытын өзгертіп, жоғарыда айтқан өміршілдік сарынын күшейткен” [10, 24 б.].
Сонымен бірге М. Әуезов жырға көшкен ескі үлгілерді де атайды. Мәселен, “Кенесары” жырының жоқтау үлгісімен басталуы.
“Бекет” жырының көбіне ауыз әдебиеті үлгісінде келгенімен, тарихи жырға қосылатын себебін М. Әуезов былай түйіндеген: “Жырдың ішінде “Бекетті” тарихи өлеңнің нағыз батыры қылып көрсететін жалғыз-ақ жер бар. Ол Арыстан ханның өлімі туралы…
Бекеттің тарихи ісі осы. Батыр атын әперген ұлы дәуір жорығы да осы. Заманында Исатай істеген ерлікті істеп, қалың елдің қамын ойлап, көптің тілеуіне сүйеніп, өз басын құрбандыққа шалған. Қылышынан қан тамған ұлықты өлтіріп, патша үкіметіне қазақ елінің жүрегінде жатқан қарсылықты ақырғы рет осындай үлкен іспен көрсеткен. Сондықтан Бекеттің даңқы қазақ даласына көп жайылып, жоғарыда айтқандай ертегіге ұқсас әңгіме болған. Бекетті тарихи өлеңнің қаһарманына қосатын себеп осы” [10, 167 б.].
М. Әуезов тарихи жырға: “Заманның толық суреті сияқты болып түскен әңгімелі өлеңі – тарихи өлең болады” [10, 162 б.] – деп анықтама берді.
Тарихи жырдың көркемдік, жанрлық қырлары еш уақытта елеусіз, ескерусіз қалмағаны, қазақ әдебиетінің тарихындағы аса айқын әдеби мұра үлгісі есебінде қай кезеңде де жан-жақты қарастырылып отырғаны мәлім. Тіпті, Кенесары Қасымұлы “тарихтан аласталған” тұста да бұл әдеби мұраның ғылым нысанында қарастырылуы жалғасып отырды.
Белгілі ғалым Рахманқұл Бердібаев сол зерттеулердің бел асқан белесіндей болған “Қазақ тарихи жырларының мәселелері” жинағына (1979) ерекше назар аударып, бағалады. Фольклор туындыларын нақтылы әрі тереңдеп тексерудің жемісті қадамы, өзінен бұрынғы зерттеулерге қарағанда тарихи жыр, тарихи өлең мәселесіне ақыр-тақыр шешіп тастамағанымен, ғылым талаптарына неғұрлым жақын келген еңбек екенін айтты [27, 109 б.].
Ғалым сол тұста әлі күнге эпостың генезисі, эволюциясы, полистадиялығы, типологиясы тәрізді мәнді мәселелер арагідік сөз болғанымен, түпкілікті тексерілмей келе жатқанын, тіпті эпостың ішкі жанрлық жіктері де толық айқындалып болмағандығын айтады.
Эпостың бұрынғы батырлық және ғашықтық жырлар деп бөлініп жүрген тобынан өзгешелеу тұрған нұсқаларға сипаттама беру қажеттілігі үлкен дей отырып соның бірі тарихи жырлар дейді. Әрине бұл жерде ғалым ілгеріде зерттеулер болғанымен, кең ғылыми негіздеме, айқын тұжырым жасалып болмағандығы туралы айтып отыр. Сол үшін де Р. Бердібаев аталған жинақтың әсіресе тарихи жырдың генезисі мен даму ерекшеліктері жайында теориялық таяныштары берік тараулардың (С. Қасқабасов, Е. Тұрсынов жазғанҚ.М.) тарихи жырдың эпос дамуындағы жаңа қадам екенін, жанрлық ерекшеліктерін көрсеткенін айрықша атап өтеді.
Сол тұрғыда, осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын ілгері, соңғы зерттеулерді саралай, сабақтай отырып, Р.Бердібаевтың тарихи жыр сипатын белгілібір мөлшерде ашып көрсеткенін айтқан жөн:
“Тарихи жырларда ежелгі классикалық эпостың бірталай сипаттары (әсірелеу, қиял-ғажайыптың араласуы, т.б.) кездесетіні, сонымен қатар бұларды тарихи дәуір колориті анағұрлым нақтырақ сезілетіні, кейде болып өткен оқиғаның суымаған ізі баяндалатыны, айтушының шеберлік деңгейі айқынырақ байқалатыны, т.б. мәселелер салдарлы сөз болған. Әрине, тарихи жырлар жайында бұдан бұрын зерттеу болмаған дегелі отырған жоқпыз. Аталған еңбекте тұңғыш рет жанр табиғаты ескерілген демекпіз” [27, 110 б.].
Көрнекті ғалым Әуелбек Қоңыратбаев жанр байлығы жағынан келгенде қазақ фольклоры жазба әдебиетке жетеқабыл дейді.
Осы тұста мына бір жайды айтпасқа болмайды. Ілгеріде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет жайлы Белинский пікіріне сын көзбен қарау қажеттігін құлаққағыс еткен едік. Сол ойды бекіте түсер пікірді Ә. Қоңыратбаев зерттеуінен де кездестіреміз.
“Фольклор шығармалары ауыз әдебиетімен сабақтасып, жазба әдебиетке жол салған “Дария басы-бұлақ” демекші қандай да болсын көркем сөздің алғашқы үлгісі – фольклор. Ауыз әдебиеті, одан соң жазба әдебиет туғанда оның көптеген сюжеттері фольклордан алынған. Бұл дәстүр бүгінгі әдебиет тәжірибесінде де бар” [56, 16 б.].
Аталған еңбектің “Тарихи жырлар” тарауында тарихи жырларды
Ә. Қоңыратбаев қазақ фольклорының мазмұны бай, келелі салаларының біріне жатқызды. Р. Бердібаевтың “Қазақ эпосы” (1982) тарихи сипаты бар өлең-жырларды екі салаға: тарихи өлең, эпикалық дәстүрде дамыған тарихи жырлар деп сәтті бөлгеніне тоқталады. Әрі соған орай өзінің ой-тұжырымын ұсынады.
Тарихи жырларды өзінің реалистік сипатына қарап бірнеше салаға жіктеуге болатынын айтады.
Мысалы, ноғайлы жырларында ескі мен жаңа араласып, тарихи оқиға көмескі. Айтушы сюжетке аңыз-миф желісін қосқан. Бірақ белгілібір тарихи оқиға желісіне құрылған. ХҮІІІ ғасырда құрылған туған эпикалық жыр геройы көбіне әдеби-тарихи арнада көрінеді. Сюжет көптеген эпос айтушының әдеби өңдеуінен өткен. Образ бірде әдеби, бірде тарихи. Реализм айқындау, авторлық белгісі де басым.
ХІХ ғасыр оқиғасынан алынған “Бекет батыр”, “Жанқожа”, “Досан”, “Сұраншы батыр жырлары”, 1916 жыл поэзиясы таза тарихи сипатта көрінеді. Көркемдік пен реализм тепе тең. Тарихи реалистік арна кейде басым.
Тарихи жырларға тоқталғанда Ә. Қоңыратбаевтың назар аударған бір құбылысы – Қоқан, Хиуа хандықтары езгісінде болып келген Сыр және Жетісу қазақтарының Ресейге қосылуы, сол орайда туған тарихи өлең-жыр. Ілгеріде, ХІХ ғасырдың тарихи, саяси сипаттамасын жасаған Сәбит Мұқанов бұл құбылысқа ерекше назар аударған болатын. Ә. Қоңыратбаев “Бекет батыр” жырының басылым жайынан мәлімет беріп, Жанқожа жайлы жырларға, 1916 жыл поэзиясына тоқталуында тарихи жырды әр қырынан ашып, ғылыми негіздеуге өз ойын қосады. Нысанбай, Жанкісі, Шоңбай, Мұсабай жыраулардың өмірдерегінен мәлімет береді. Ілгерідегі М. Әуезов, С. Мұқанов Е. Бекмаханов, Е. Ысмайылов зерттеулерінен кейінгі уақытта Нысанбайдың атының алғаш аталуы сияқты.
Ә. Қоңыратбаевтың Жанқожа батырдың өмірі, оның ерлігін жырлаған жыр-дастан, оларды шығарушылар жайлы дерек-мәліметі мол, құнды. Жанқожа жайлы жырлардың көркемдік сипатына Ә. Қоңыратбаев жасаған талдау, барлау – басқа тарихи өлеңдерді зерттеуде де тиімді болар әдіс, тәсілдер.
Жанқожа жайлы кезекті бір жырға тоқталған Ә. Қоңыратбаев мынадай тұжырым жасайды: “Жыр үлгісінде жырланатын бұл дастанның көркемдік сипаты өзгеше. Ұйқасы аралас бірде шалыс, бірде шұбыртпалы ізде дамып отырады. Тілі де көркем. Тарихи жырлардың мұндай үлгілерін жоғары оқу орындарының оқу-хрестоматияларына қосып, көптеп жариялау керек. Сонда ғана бұл саладағы ізденістеріміз жаңа биіктікке көтерілмек” [56, 267 б.].
Қазақ әдебиетінің жанр, стиль, тіл мәселесін зерттеген ғалым Құлмат Өмірәлиев тарихи өлең, тарихи жырды жанр ретінде арнайы қарастырмағанымен, Махамбет өлеңдерінің қайсыбірін тарихи өлеңге келеді деген ой айтады.
Махамбет поэзиясын өзіне дейінгі поэзия үлгілерімен байланыстыра қараған тұсында: “Махамбеттің “Соғыс” өлеңі эпостық жыр үлгісіне жақын өлеңнің:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет