Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет30/36
Дата18.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#84046
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
Байланысты:
±9@K››0 ›>AK

55. «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
176. «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – қайта даярлау – медициналық және фармацевтикалық жоғары білім (денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін тұлғалар үшін).
177. Оқыту ұзақтығы:

      1. қайта даярлау циклінде – 864 сағат/16 апта.

      2. біліктілік арттыру курсында - 54/1 сағат/аптадан 216/4 сағат/аптаға дейін, сонымен қатар, сертификаттау циклінде – 108 сағат/2апта.

3) оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
178. «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Стратегиялық менеджмент»;
«Денсаулық сақтаудағы технологияларды бағалау»;
«Денсаулық сақтаудағы инновациялық менеджмент»;
«Денсаулық сақтаудағы тәуекел менеджменті»;
«Жоба менеджменті»;
«Аурухана менеджменті»;
«Бастапқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыру және басқару»;
«HR-менеджмент»;
«Корпоративтік басқару»;
«Қарым-қатынас ( коммуникациялық) менеджменті»;
«Медициналық көмек сапасын басқарудың өзекті мәселелері»;
«Менеджмент және көшбасшылық»;
«Денсаулық сақтаудағы статистикалық талдау»;
«Медицинадағы ғылыми зерттеулер менеджменті»;
«Фармацевтикалық менеджменті».
56. «Қоғамдық денсаулық сақтау/Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру здравоохранения (валеология, эпидемиология, статистика, әдістіама)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
179. Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті білім деңгейі – медициналық жоғары білім.
180. Оқыту ұзақтығы:
1) қайта даярлау циклінде – 864 сағат /16 апта.
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
181. «Қоғамдық денсаулық сақтау/Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру(валеология, эпидемиология, статистика, әдістіама)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Денсаулық сақтаудағы менеджмент пен маркетинг»;
«Денсаулық сақтау экономикасы»;
«Денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу»;
«Денсаулық сақтаудағы қаржы менеджменті»;
«Денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен басқару»;
«Фармацияны басқару мен фармация экономикасы»;
«Денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері»;
«Эпидемиология негіздері»;
«Инфекциялық бақылау»;
«Дәлелді медицина»;
«Денсаулық сақтаудағы этика»;
«Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік ғылымдар»;
«Денсаулықтың әлеуметтік детерминанттары»;
«Денсаулыққа үйрету»;
«Денсаулық психологиясы»;
«Әлеуметтік жұмыс»;
«Денсаулық сақтаудың бағалау технологиялары»;
«Салауатты қоғамдық саясат».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет