36. «Пластикалық хирургия» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары 119. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, хирургиялық бейін бойынша интернатура.
120. Оқыту ұзақтығы:
1) «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша хирургиялық бейінді интернатурасымен жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде 1080 сағат/20 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
121. «Пластикалық хирургия» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Білектің пластикалық және реконструкциялық хирургиясының өзекті мәселелері»;
«Иық өрімдерінің пластикалық және реконструкциялық хирургиясының өзекті мәселелері»;
«Пластикалық және реконструкциялық хирургиядағы іріңді хирургияның өзекті мәселелері»;
«Бастың, мойынның, көкіректің, жамбастың, бөксенің, балтыр мен табанның үлкен ақауларының пластикалық және реконструкциялық хирургиясының өзекті мәселелері»;
«Пластикалық және реконструкциялық хирургиядағы реплантология мен трансплантологияның өзекті мәселелері»;
«Ксометикалық хирургияның өзекті мәселелері».
37. «Онкология (химиотерапия, маммология (ересектер)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары 122. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, интернатура.
123. Оқыту ұзақтығы:
1) «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде - 864 сағат/16 апта; балалар онкологиясы бойынша қайта даярлау курсын қоса – 432 сағат/8 апта ересектер бейіні бойынша;
біліктілік арттыру курстарында – 54/1 сағат/аптадан 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
оқу аптасының ұзақтығы 54 сағат, оның ішінде 36 сағат – аудиториялық (академиялық) сағаттар, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік жұмысы. 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минут.
124. «Онкология (химиотерапия, маммология (ересектер)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде (таңдау компоненті) даярлаудың негізгі тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Онкологиядағы инновациялық технологиялар»;
«Онкологиядағы өзекті мәселелер»;
«Маммологияның өзекті меселелері»;
«Амбулатория жағдайында онкологиялық аурулардың ерте диагностикасы»;
«Онкологиядағы сәулелік терапия»;
«Онкологиядағы химиялық терапия мәселелері»;
«Онкологиядағы дәлелді медицинаның мәселелері»;
«Онкологиядағы патоморфология».