Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Мейіргерлік іс (жоғарғы білім)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет31/36
Дата18.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#84046
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
±9@K››0 ›>AK

57. «Мейіргерлік іс (жоғарғы білім)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
182. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті білім деңгейі – медициналық жоғары білім немесе жоғары мейіргерлік білім.
183. Оқыту ұзақтығы:
1) «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде 864 сағат/16 апта,
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
184. «Мейіргерлік іс (жоғары білім)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде (таңдау компоненті) даярлаудың негізгі тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Мейіргерлік істі ұйымдастырудағы өзекті мәселелер»
«Мейіргерлік істі амбулатория-емхана жағдайында ұйымдастыру»
«Мейіргерлік істіің инновоциялық технололгиялары»
«Мейіргерлік істі стационарда ұйымдастыру»
«Мейіргерлік істі терапияда ұйымдастыру»
«Мейіргерлік істі хирургияда ұйымдастыру»
«Мейіргерлік істі педиатрияда ұйымдастыру»
«Мейіргерлік істі стоматологияда ұйымдастыру»
«Мейіргерлік істі акушерия мен гинекологияда ұйымдастыру»
«Мейіргерлік істі неврология мен психиатрияда ұйымдастыру»
«Мейіргерлік істі зерттеуші-оқытушы»
«Мейіргерлік істі анестезиология және реанимацияда ұйымдастыру»
«Мейіргерлік істі паллиативті медицинада ұйымдастыру»
«Мейіргерлік істі зертханалық диагностикада ұйымдастыру»
58. «Фармация (жалпы фармацевтикалық практика); фармация экономикасы және басқару (фармацевт (провизор), ұйымдастырушы фармацевт (ұйымдастырушы провизор), менеджер, инспектор, информатор, маркетолог/тауартанушы); дәрілер технологиясы (фармацевт (провизор), фармацевт-технолог (провизор-технолог); дәрілік құралдардың сапасын бақылау және сертификаттау (фармацевт (провизор), фармацевт-аналитик (провизор-аналитик); аналитикалық диагностика және сот-химиялық сараптамасы (химик–токсиколог)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
185. Қосымша фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті білім деңгейі – фармацевтикалық жоғары білім (еңбек өтілінде 5 жыл үзіліс болған тұлғаларға қажеттілігі бойынша).
186. Оқыту ұзақтығы:
1) қайта даярлау циклдерінде: фармацевтік бейінді мамандықтар бойынша еңбек өтілі және білімнің алдыңғы деңгейі - 864 сағат/ 16 апта.
2) біліктілікті жетілдіру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, дәлірек сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта.
3) оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, олардың ішінде 36- аудиториялық (академиялық) сағаттар, 18 сағат - тыңдаушының өзін-өзі оқытуына арналған (өзіндік жұмыстар). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы - 50 минут.
187. «Фармация (жалпы фармацевтикалық практика); фармация экономикасы және басқару (фармацевт (провизор), ұйымдастырушы фармацевт (ұйымдастырушы провизор), менеджер, инспектор, информатор, маркетолог/тауартанушы); дәрілер технологиясы (фармацевт (провизор), фармацевт-технолог (провизор-технолог); дәрілік құралдардың сапасын бақылау және сертификаттау (фармацевт (провизор), фармацевт-аналитик (провизор-аналитик); аналитикалық диагностика және сот-химиялық сараптамасы (химик–токсиколог)» мамандығы бойынша біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау циклдерінде (таңдау компоненті бойынша) төмендегі тақырыптар (бағыттар) негізгі болып табылады:
«Дәрілік құралдар саласындағы ұлттық саясат»;
«Дәрілік құралдар айналымын реттемелеу»;
«Дәрілік құралдарды ұтымды пайдалану»;
«Заманауи кезеңдегі фармацевтикалық көмек»;
«Дәрілер технологиясының өзекті мәселелері»;
«Дәрілік құралдар өндірісінің инновациялық технологиясы»;
«Дәрілік құралдардың сапасын қамтамасыз ету жүйесі (GLP, GCP, GMP, GDP, GPP) »;
«Заманауи препараттар және өсімдік текті табиғи биологиялық белсенді қоспалар»;
«Дәрілік өсімдік шикізатын дәріхана және фитоөндіріс жағдайында өңдеу және талдау»;
«Дәрілік құралдардың айналымындағы тұлғааралық қарым-қатынасты басқару»;
«Кадр менеджменті: фармация саласындағы мамандардың біліктілігі мен құзыреттілігі»;
«Сот-химиялық сараптама»;
«Аналитикалық талдау әдістемелерінің валидациясы»;
«Химиялық-токсикологиялық зерттеудегі иммунды талдау әдістері»;
«Тиісті фармацевтикалық іс-тәжірибе GXP»;
59. «Зертханалық диагностика (зертханашы, зертханашы дәрігердің көмекшісі)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
188. «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті білім деңгейі – «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби медициналық білім (арнайы орта, кәсіби орта) немесе («Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша медициналық орта білім медициналық білім) немесе «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриат.
189. Оқыту ұзақтығы:
1) Зертханалық бейінді мамандықтары бойынша жұмыс өтілі/ және білім деңгейі бар мамандықтар үшін қайта даярлау циклінде – 432/8 сағат/апта; зертханалық бейінді емес мамандықтары бойынша жұмыс өтілі/ және білім деңгейі бар мамандықтар үшін қайта даярлау циклінде – 648/12 сағат/апта;
2) біліктілікті арттыру циклінде – 54\1\сағат/аптадан 108/2 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификациялық циклда 108 сағат/2апта;
3) оқу аптасының ұзақтығы 54 сағаттан 60 сағатқа дейін, оның ішінде 36- 40 аудиториялық (академиялық) сағат, 18-20 – тыңдаушының өзіндік жұмысы. 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минут.
190. «Зертханалық диагностика (зертханашы, дәрігер-зертханашы көмекшісі)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде (таңдау компоненті) даярлаудың негізгі тақырыптары (бағыттары) мыналар:

«Зертханалық диагностикадағы инновациялық технологиялар»




«Бактериологияның өзекті мәселелері»




«Биохимияның өзекті мәселелері»




«Гистологияның өзекті мәселелері»




«Вирусологияның өзекті мәселелері»




«Паразитологияның өзекті мәселелері»




«Иммуногематологияның өзекті мәселелері»




«Иммунологияның өзекті мәселелері»




«Серологиялық зерттеу әдістері»




«Медициналық генетиканың өзекті мәселелері»




«Аса қауіпті инфекциялардың зертханалық диагностикасы»




«Радиологияның өзекті мәселелері»




«Рентгенологияның өзекті мәселелері»




«ИФТ (ммуноферментті талдау) – диагностикасының өзекті мәселелері»




«Радиациялық гигиенаның өзекті мәселелері»




«Коммуналды гигиенаның өзекті мәселелері»




«Тағам гигиенасының өзекті мәселелері»




«Еңбек гигиенасының өзекті мәселелері»




«Медициналық-қылмыстық зерттеулердің замануи әдістері»




«Малярияның зертханалық диагностикасы»




«Дерматомикоздар зертханалық диагностикасы»




«ПТР (полимеразды тізбек реакциясы)-диагностикасы»




«Цитологияның өзекті мәселелері»




«Зерттеулердің замануи клиникалық әдістері»

«Зерттеулердің замануи биохимиялық әдістері»

«Зерттеулердің замануи бактериологиялық әдістері»

«Зерттеулердің цитологиялық- гистологиялық әдістері»

«Паразиттік аурулардың зертханалық даигностикасының әдістері»

«Санитариялық- гигиеналық зерттеу әдістері»

«Физикалық-техникалық зерттеулердің замануи әдістері» (соттық-медициналық зертханалардың зертханашытары үшін)

«Рентгенологиялық және радиологиялық зерттеу әдістері»
«Соттық-медициналық қызметтегі зертханалық диагностика сұрақтары»
«Соттық-медициналық зертханалық диагностикадағы инновациялық технологиялар»







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет