Медициналық экология бойынша сұрақтар Ірі қалаларда қандай әлеуметтік-экологиялық проблемалар бар?



Дата17.02.2022
өлшемі16,66 Kb.
#25817
Байланысты:
Балнур экология кейс




Медициналық экология бойынша сұрақтар

  1. Ірі қалаларда қандай әлеуметтік-экологиялық проблемалар бар?

Жалпы экологиялық проблема табиғаттың адамға, немесе керісінше яғни адамның табиғатқа тигізетін әсерлерінен пайда болады. Әлеуметтік-экологиялық факторларға автокөліктерді жатқызуға болады. Яғни автокөліктердің арқасынан, қалада ауаның ластануын байқап жатырмыз.Сонымен қатар, судың ластануын, пайдалы қазбаларды қазып алу және өндіруді де проблемаларға жатқыза аламыз.

Заманауи қалалардың проблемалары:

● Халықтың тығыздығы

● Қалалық ортаның бет-әлпетсіздігі

● Экологиялық мәселелер: ауаның ластануы, шу, қалдықтарды шығару және т.б.

● Әлеуметтік байланыстардың отбасы, достық, т.б.әлсіреуі және соның салдарынан немқұрайлылық пен жалғыздықтың өсуі

● Бұқаралық мәдениеттің таралуы

● Девиантты мінез-құлықтың өсуі

● Ресей үшін моноқалалардың көптігі күрделі мәселе болып табылады.


  1. Қазіргі жағдайда әлеуметтік-экологиялық мәселелерді шешудің қандай жолдарын ұсына аласыз?

Автокөліктердің әсерінен ауаның немесе атмосфераның ластануының мәселелерін шешуде машиналардың сапасына және жанармай сапасына да мән беру керек.

Өнеркәсіптік өндіріс қалдықтарын азайтуымызға болады. Және де суару үшін өзен суының шығынын да азайту керек. Суаруды көп талап ететін егістерді, суды аз талап ететін егістерсмен алмастыру да оң нәтиже береді.


  1. Ұйқы безі ауруларының қалыптасуына экологиялық факторлар қалай әсер етеді?

Ұйқы безі ауруларының қалыптасуына экологиялық факторлар әсері жайлы айтатын болсақ:

● ауа, атмосфера, судың ластануы;

● халықтың денсаулығына нем­құрайлылықпен қарайтындығы;

● ауруы асқынғанда ғана аңғарғандай аң-таң күй кешіп келетіндігі;

● дәрігерге қаралған науқастар дәрігер ұсыныстарын дұ­рыс қолданбағанның кесірінен емнің де қонбауы ;

● онымен қоса аурулардың жастар арасында көбейіп бара жатқан себебі, соңғы кездері жүйкеге көп күш түсу жағдайы жас­тарды жаншып жібере жаздап тұр.

ТМД елдерінің халықтарын­да құрт ауруымен қоса алкоголизм, нашақорлық індеті жайылып барады. Соның салдарынан ұйқы безінің аурулары туындауда.

Сонымен қатар Алкоголь - ұйқы безінің зақымдануының ең көп тараған себебі, ол созылмалы панкреатит жағдайларының 70% -на дейін тудырады.



  1. Салауатты өмір салты қолайсыз экологиялық факторлардың әсеріне ағзаның тұрақтылығына қандай рөл атқарады?

Салауатты өмір салтын ұстану үшін, адам уақытында тамақтану керек, тамаұ құрамында ағза үшін қажетті барлық витаминдер, көмірсу, белок және де майлар т.б болғаны дұрыс. Сонымен қатар спортпен айналысу қажет. Олда біздің денсаулығымызды нығайтуға өз септігін тигізеді. Жалпы салаутты өмір салты қолайсыз экологиялық факторлардың әсеріне ағзаның тұрақтылығында маңызды рөл атқарады. Яғни, адамның дені сау, имммунитеті жоғары болса сырттан келген факторларға, әсерлерге төзіп бере алады және де кері әсер көрсете алады.



Жм-20-008 2к Абдурахманова Балнур

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет