Медициналық философия Медицина философиясы



Дата15.12.2023
өлшемі16,53 Kb.
#139740
Байланысты:
Медициналық философия Малика


Медициналық философия


Медицина философиясы – бұл медицинаның пәні мен әдісі,яғни медицинаның басқа ғылымдар мен адам қызметінің салаларының арасындағы орны, оның қазіргі қоғамдағы танымдық және әлеуметтік рөлі, жаратылыстану ғылымының ажырамас жүйесі ретіндегі философиялық сипаттағы жалпылама пікірлер жүйесі болып табылатындығын сипаттайтын гуманитарлық білім болып табылады.
«Медициналық философия бізге не үшін қажет?» деген сұраққа тоқтала кетер болсақ, философия дәрігерлерге таным процесі, оның мәні, ұйымдастыру принциптері және оның әдістері туралы түсінік береді. Осылайша, дәрігер медициналық теория мен практиканың мәселелерін зерттеу мен шешуді негіздеуге мүмкіндік алады.
Философия да, медицина да мақсат бір және ортақ әдістемелерді пайдаланады. Бұл ғылымдардың екеуі де біріккен күш-жігерімен бір мәселені шешуге шақырады - жер бетінде адамзат баласының өмір сүруін қамтамасыз ету және оның сыртқы факторларға бейімделуін күшейту.
Дәрігердің кәсіби мәдениетінің негізін қалауда философия негізгі рөл атқарады.Кәсіби мәдениетті қажетті деңгейде меңгеру негізгі сатылардан құралады,соның ішінде маңыздысы моральдық таңдау жағдайына құндылық-практикалық тәсілдердің синтезін жүзеге асыру болып табылады,оны жүзеге асырмайынша меңгеру мүмкін емес. Философия курсы медициналық тәжірибенің стратегиясын әзірлеу кезінде шешім қабылдаудың құндылық негізі ретінде этикалық ойлау мәдениетінің негізін қалайды.
Дәрігерлік этика ұғымына тоқтала кетер болсақ,этиканы толық меңгеруге көмектесетін медициналық деонтология саласын негізге ала аламыз. Медициналық этика (медициналық деонтология) – медициналық этиканы, дәрігер мен әріптестер мен пациенттердің өзара әрекеттесу ережелері мен нормаларын зерттейтін қолданбалы этика бөліміндегі пән. Медициналық этиканың негізгі қағидаларын Гиппократ (Гиппократ анты) тұжырымдаған деп есептеледі.

Медициналық деонтология қамтитын қағидалар мынадай:





  • Медициналық құпияны сақтау мәселелері;

  • Пациенттердің өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік шаралары;

  • Медициналық қоғамдастықтағы қарым-қатынас проблемалары;

  • Дәрігер мен пациенттер және олардың туыстары арасындағы қарым-қатынастағы проблемалар;

  • Американдық медицина қауымдастығының этикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі комитеті әзірлеген дәрігер мен пациент арасындағы жақын қарым-қатынасқа қатысты ережелер.

Және де биоэтикалық 4 принцип:



  • «Зиян жасама».

  • «Жақсылық жаса».

  • «Науқастың құрметте».

  • «Әділ бол.»

Қатерлі болжам туралы хабарлау


Кез келген диагнозды және болжамды құзыретті ересек пациентке сезімтал түрде жеткізу керек деп саналады. Балаларға ауыр ауру және нашар болжам диагнозы туралы айтылмайды, дегенмен олардың ата-аналары толық ақпарат алуы керек. Тәжірибелі дәрігерлер емделмейтін аурулар үшін болжам туралы хабарламаларды өте дұрыс түрде, керемет уәделерсіз, бірақ үміт үзбейтін түрде беруге кеңес береді.

Этика,психология және де философия ғылымдарын жетік деңгейде меңгеріп,тек теория жүзінде ғана емес , практика жүзінде,яғни іспен көрсете білу әр денсаулық сақтау саласындағы маманның міндеті дер едім.Себебі,пациентпен жеткілікті деңгейде этика ережелерін сақтай отырып коммуникация құра алатын болсақ,соның нәтижесінде пациенттің өзін еркін ұстауы мен сенімділігіне қол жеткізе аламыз.


Дәрігер философ болуымен қатар психолог та бола алуы қажет,себебі, пациент дәрігерге тек физикалық ауырсынуларды емдеу үрдісі үшін ғана емес,сонымен қатар моральды көмек алу үшін де келетіні анық.Түрлі ауырлық деңгейдегі ауырсынуды басынан өткізу үстіндегі пациентке қолдау мен эмпатия(жанашырлық) қажет.
«Сіз оңалу үстіндесіз», «Барлығы жақсы болады», «Өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?» деген сияқты қолдау сөздерді айта отырып,пациент жағдайын үнемі бақылауға алу қажет.


Философиялық біліктіліктерді меңгеру-дәрігердің терең де кең көлемді ойлауына,дамуына орасан зор үлесін тигізеді.Қоршаған орта,яғни қоғамдағы өз орнын білумен қатар гуманитар мен жаратылыстану бағыттарындағы ғылымдардың негізін біле отырып, Ибн Сина,Гиппократ,Гален,Парацельс секілді дәрігер философтардан үлгі ала отырып,жауапкершілігі мол саланың маманы ретінде тек даму мен ізденіс,өзіңді жақсы жаққа қарай өзгерту секілді өзіндік дамуды тоқтатпау керек деген ойдамын

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет