Медициналық қызметтің сапасын сараптауды



бет1/2
Дата08.04.2023
өлшемі23,36 Kb.
#80551
  1   2
Байланысты:
5 тапсырма


Медициналық қызметтің сапасын сараптауды
ұйымдастыру және жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Медициналық қызметтің сапасын сараптауды ұйымдастыру және жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және медициналық қызмет сапасын сараптауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Медициналық қызметтің сапасын сараптауды медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган), сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 15 қаулысымен бекітілген тәртіппен аккредиттелген тәуелсіз сарапшылар жүргізеді. P091559
3. Медициналық қызметтің сапасын сараптау:
1) көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасын, медициналық ұйымдарды қаржыландыру мөлшерінің негізділігін белгілеуді;
2) медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің салалық нормативтердің талаптарына сәйкестігін белгілеуді;
3) медициналық құралдармен жабдықтандырудың белгіленген нормативтерге сәйкестігін белгілеуді;
4) денсаулық сақтау саласында азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуді;
5) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмек пен медициналық қызметтердің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін белгілеуді;
6) лицензиямен белгіленген медициналық көмектің түрлеріне сәйкестігін белгілеуді;
7) сапасыз медициналық қызмет көрсету себебін анықтау, оларды жою жөнінде шаралар қабылдау және медициналық көмек көрсетуді жетілдіруді қамтиды.
4. Осы Ереже меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалардың (бұдан әрі - денсаулық сақтау субъектілері) денсаулық сақтау ұйымдарына таралады.
5. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) медициналық қызметтің сапа индикаторлары - медициналық қызметтің тиімділігі, толықтығы және медициналық қызметтің денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестік көрсеткіші көрсетілетін, мыналарды қамтитын өлшемдер:
құрылым индикаторлары - адам, қаржы және техникалық ресурстармен қамтамасыз етілу өлшемдері;
процесс индикаторлары - алдын алу, диагностика, емдеу және оңалту технологияларының орындалуын бағалау өлшемдері;
медициналық қызмет нәтижесінің индикаторлары - медициналық ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың медициналық көмекті көрсетуі немесе көрсетпеуі нәтижесінде денсаулыққа келтірілген зардаптарды бағалау өлшемдері;
2) бастапқы медициналық құжаттама - халықтың және көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру және денсаулық сақтау қызметтері басқару үшін оның сипатын, көлемін және сапасын көрсететін жеке тұлғалардың денсаулық жағдайы туралы деректерді жазуға арналған құжаттар жинағы, соның ішінде амбулаторлық және стационарлық сырқаттың медициналық картасы, донордың медициналық картасы, жедел медициналық жәрдем станциясы бригадасының шақыру картасы (бұдан әрі - медициналық карта).
2. Медициналық қызметтің сапасын сараптаудың мәні мен қағидаттары
6. Медициналық қызмет сапасының деңгейін айқындайтын индикаторлардың негізінде көрсетілген медициналық қызметтің нәтижелерін талдау және бағалау сапаны сараптаудың мәні болып табылады.
7. Медициналық қызметтің сапасын сараптаудың негізгі қағидаттары:
1) жүйелілік: құрылым, процесс пен нәтиже индикаторлары өзара байланыста болуы үшін медициналық қызметтің сапасын сараптау жүзеге асырылады;
2) объективтілік: денсаулық сақтау саласындағы бекітілген стандарттарды пайдалана отырып, медициналық қызметтің сапасын сараптау жүзеге асырылады;
3) жариялылық: денсаулық сақтау өкілдерінің қатысуымен медициналық қызметтің сапасын сараптау жүзеге асырылады.
3. Медициналық қызметтің сапасын сараптау түрлері мен кезеңдері
8. Медициналық қызметтің сапасын сараптау түрлері:
1) ағымдағы сараптама - медициналық қызметтің сапасын сараптау сәтінде медициналық қызмет алып жатқан емделушілердің медициналық карталары;
2) ретроспективті сараптама - медициналық қызметтің сапасын сараптау сәтінде медициналық қызмет алған емделушілердің медициналық карталары.
9. Медициналық қызметтің сапасын сараптау кезеңдері:
1) медициналық карталарды талдау;
2) денсаулық сақтау субъектісінің және олардың қызметін регламенттейтін денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарының құжаттамаларын зерделеу;
3) индикаторларды пайдалана отырып, сараптама нәтижелерін математикалық үлгілеу арқылы медициналық қызмет сапасының деңгейін айқындау;
4) медициналық қызметтің сапасын сараптау нәтижелерін талдау және қорытындылау, шешімдерді қалыптастыру;
5) өткізілген медициналық қызметтің сапасын сараптау қорытындысын қалыптастыру;
6) денсаулық сақтау субъектісін медициналық қызметтің сапасын сараптау нәтижелері туралы хабардар ету;
7) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің және медициналық қызметтің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындау.
4. Медициналық қызметтің сапасын сараптауды жүргізу тәртібі
10. Сапаны сараптауды өткізу кезінде тексерілген жұмыс кезеңіндегі (ай, тоқсан, жарты жыл, жыл) статистикалық есептердің деректері пайдаланылады.
Тексерілетін көрсеткіштердің орындалуын бағалау осы медициналық ұйым бойынша өткен жылдың ұқсас кезеңімен, сондай-ақ орташа республикалық және орташа облыстық көрсеткіштерімен салыстыра отырып, жүзеге асырылады.
11. Медициналық қызмет көрсету сапасының деңгейін анықтау нақты жағдайда медициналық ұйымның қызметін және медициналық көмектің сапасын бағалау индикаторларын пайдалана отырып, жүзеге асырылады.
12. Құрылым индикаторлары медициналық ұйымдарды ресурстық қамтамасыз етудің уәкілетті орган бекіткен нормативтері мен талаптарына сәйкес келуімен сипатталады.
13. Процесс индикаторларын анықтау уәкілетті орган бекіткен стандарттарымен нақты бір емделушіге көрсетілген медициналық қызметтің технологияларын салыстыруды көздейді.
14. Нәтиже индикаторлары медициналық ұйым қызметінің тиімділік көрсеткіштерін талдауды көздейді.
5. Медициналық қызметтің сапасын бағалау
15. Стационардағы медициналық қызметтің сапасын бағалау осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес стационардың әрбір бөлімшесі бойынша кемінде 10 стационарлық сырқаттың медициналық картасының сараптама нәтижелері бойынша айқындалады.
Одан басқа:
1) өлім жағдайлары;
2) ауруханаішілік жұқпалардың пайда болу фактілері;
3) асқынулар, оның ішінде операциядан кейінгі асқынулар;
4) бұрынғы сапасыз емдеудің салдарынан бір ай ішінде сол ауруы бойынша қайтадан емделуге жатқызудың барлық оқиғалары медициналық қызметтің сапасын сараптауға жатады.
16. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес әрбір дәрігерлік учаске мен әрбір маманның бейіні бойынша кемінде 20 амбулаторлық сырқаттың медициналық картасы сараптауға жатады.
Одан басқа:
1) балалар мен жасөспірімдердің мониторингке жатқызылатын ауруларымен еңбекке жарамды жастағы адамдардың үйдегі өлімі;
2) мониторингке жататын аурулар бойынша бастапқы мүгедектікке шығу;
3) азаматтарды мониторингке жататын аурулар бойынша стационардан шыққаннан кейін бақылау;
4) онкологиялық аурулар мен туберкулездің асқынған нысандары;
5) жүктіліктің орта ауыр және қауіпті дәрежесінің ағымы асқынулары;
6) нәресте өлім-жітімі;
7) балалар өлімі-жітімі;
8) ана өлімінің барлық оқиғалары медициналық қызметтің сапасын сараптауға жатады.
17. Жедел медициналық жәрдем көрсететін медициналық қызметтің сапасын бағалау кезінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес әрбір жалпы бейін мен мамандандырылған бригадалардың кемінде 10 шақыруының медициналық картасы сараптамаға жатады.
Одан басқа:
1) бір тәулік бойы сол ауру бойынша қайталанған шақырулар;
2) шақырулар кезіндегі өлімдер: бригада келгенше болған өлім, бригада келгенде болған өлім;
3) сырқаттарды ауруханаға жатқызған жағдайда жедел жәрдем бригадасы мен қабылдау бөлімі диагноздарының айырмашылығының барлық оқиғалары медициналық қызметтің сапасын сараптауға жатады.
18. Қан қызметінде қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігін, сапасын бақылау сапасының деңгейін айқындау кезінде осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес ақылы және тегін негізде қан тапсырған кемінде 50 донордың медициналық карталары сараптамаға жатады.
Одан басқа медициналық қызметтің сапасын сараптауға:
1) функционалдық блоктар мен оларды ұстаудың болуы;
2) "Суық тізбек" жағдайы;
3) техникалық қызмет көрсету тұрақтылығы, медициналық жабдықтарды іріктеу;
4) кіріс бақылауының нәтижелері;
5) карантиндеуді сақтау;
6) қатерлі кезеңдерді анықтау рәсімдерінің болуы;
7) қан өнімдерінің жұқпалы және иммунологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
8) қанды консервілеу кезіндегі жарамсыздықтың болуын қоса алғанда, қанды дайындаудың және сақтаудың кезеңдері мен технологиялары жатады.
19. Әрбір индикатор бойынша (ол анықталған жағдайда) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалау кезінде (құрылым индикаторлары) кемістік дәрежесі мәндерінің бірі айқындалады. Мәндер қосылады, алынған сомалар индикаторлар санына (құрылым индикаторларының кемістіктері сомасының орташа мәні) бөлінеді, бұл ретте қолданылмаған индикаторлардың кемістік дәрежесі нөлге теңеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет