Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын



бет2/3
Дата17.10.2023
өлшемі37,8 Kb.
#117476
1   2   3
Байланысты:
Prikaz-612-prof-privivka-kaz

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 612 қаулысына
1-қосымша
Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесі
1. Мына инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды салу) егілетін адамнан вакцинация жүргізуден хабардар екені жөнінде келісім алғаннан кейін республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі:
1) жоспарлы профилактикалық екпелер:
"В" вирусты гепатиті;
b типті гемофильдік инфекция;
дифтерия;
көкжөтел;
қызылша;
қызамық;
пневмококк инфекциясы;
полиомиелит;
сіреспе;
туберкулез;
эпидемиялық паротит;
2) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер:
құтырма;
іш сүзегі;
көктемгі-жазғы кене энцефалиті;
оба;
коронавирус инфекциясы.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.03.2021 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Мына инфекциялық ауруларға қарсы эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша міндетті профилактикалық екпелер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды салу) егілетін адамнан вакцинация жүргізуден хабардар екені жөнінде келісім алғаннан кейін жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүргізіледі:
"А" вирусты гепатиті;
тұмау;
күйдіргі;
туляремия.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.03.2021 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 612 қаулысына
2-қосымша
Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидалары
1. Осы Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 85-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және профилактикалық екпелерді жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Міндетті профилактикалық екпелерді (бұдан әрі – екпелер) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, ересектерге және (немесе) балаларға консультативтік-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмекті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар жүргізеді.
3. Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу мерзімдері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес анықталған.
4. Екпелерді жүргізуге жоғары және орта медициналық білімі бар, екпелерді жүргізу техникасы қағидаларына, иммундаудан кейін жағымсыз жағдайлар өршіген жағдайда шұғыл көмек тәсілдеріне оқытылған, екпелерді жүргізуге рұқсаты бар адамдар жіберіледі.
Рұқсатты медициналық ұйымның жанынан арнайы құрылған екпелер жүргізуге рұқсат беру жөніндегі комиссия жыл сайын береді.
5. Екпелер жүргізуді ұйымдастыруды, екпелерді жүргізетін мамандарды даярлауды медициналық ұйымдардың басшылары жүзеге асырады.
6. Екпелер денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) білім беру ұйымдарының арнайы жабдықталған екпе кабинеттерінде жүргізіледі. Екпелер жүргізілетін үй-жайлар қолдануға арналған нұсқаулығы бар шұғыл және шоққа қарсы терапия жиынтығымен міндетті түрде қамтамасыз етіледі.
7. Елді мекенде екпелер жүргізу үшін жағдай болмаған кезде (денсаулық сақтау ұйымы, медицина қызметкері немесе вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сақтау үшін жағдай болмаса) екпелерді тиісті көшпелі екпе бригадасы жүргізеді.
Көшпелі екпе бригадаларының жұмыс режимін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдары белгілейді.
8. Екпелерді жүргізу үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген вакциналар мен медициналық иммундық-биологиялық препараттар пайдаланылады.
9. Екпелер парентеральды – өздігінен бұзылатын шприцтер арқылы және пероральды - ішке қабылдау арқылы жүргізіледі.
10. Егілетін адамға екпе жүргізетін күні дәрігер, дәрігер болмаған кезде - фельдшер медициналық қарап-тексеру және термометрия жүргізе отырып, иммундауға қарсы айғақтарды жоққа шығару үшін егілетін адамнан немесе оның заңды өкілінен сұрау жүргізеді және қарсы айғақтар болмаса, екпе жүргізуге рұқсат береді.
11. Медициналық қызметкер егілетін адамға немесе оның заңды өкіліне екпе туралы, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар мен жағымсыз жағдайлар, екпеден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпарат береді. Екпелер азаматтардан, кәмелетке толмағандардың ата-аналарынан немесе олардың өзге де заңды өкілдерінен және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардан егу жүргізуге ақпараттандырылған келісім алғаннан кейін жүргізіледі.
12. Кәмелетке толған егілетін адамды екпені жүргізу алдында медициналық тексеру олар денсаулық жағдайының нашарлауына шағым берген жағдайда және (немесе) аурудың объективті белгілері болған кезде жүргізіледі.
13. Екпелерді жүргізу алдында медицина қызметкері вакцинаның және басқа да иммундық-биологиялық препараттардың ампуласының (сауытының) бүтіндігін, жарамдылық мерзімін, таңбалануын, вакцинаның ерітіндіге және қоса берілген нұсқаулыққа сәйкестігін мұқият тексереді.
14. Иммундаудан кейін жағымсыз жағдайлар пайда болған жағдайда шаралар қабылдау үшін егілген адамдар өздері екпе алған медициналық ұйымда 30 минут бойы бақылауда болады. Екпелерді көшпелі екпе бригадасы жүргізген жағдайда егілген адамдар екпені жүргізген медицина қызметкерінің бақылауында болады.
15. Медицина қызметкері барлық жүргізілген екпелерді есепке алуы тиіс, онда мына мәліметтер қамтылады: препарат енгізілген күн, препараттың атауы, сериясының нөмірі, дозасы, бақылау нөмірі, жарамдылық мерзімі, препаратты енгізуге реакцияның сипаты, шығарушы ел. Аталған деректер медициналық құжаттардың есепке алу нысандарына енгізіледі:
1) балаларда – профилактикалық екпе картасы (063/у нысаны), баланың даму тарихы (112/у нысаны), баланың медициналық картасы (026/у нысаны), амбулаториялық науқастың медициналық картасына жасөспірімге арналған қосымша парақ (025-1/у нысаны), жаңа туған нәрестенің профилактикалық екпелерін есепке алу журналы (064-1/у нысаны), вакциналардың қозғалысы журналы (064-2/у нысаны);
2) ересектерде – амбулаториялық науқастың медициналық картасы (025/у нысаны), профилактикалық екпелерді есепке алу журналы (064/у нысаны).
16. Екпелер туралы мәліметтер екпе паспортына енгізіледі, оның нысанын "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Есепке алу құжаттамасы мен екпе паспортында екпелерді жүргізу туралы жазбаның дұрыстығын және шынайылығын екпелерді жүргізген медицина қызметкері қамтамасыз етеді.
17. Вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды енгізудегі реакциялар мен иммундаудан кейінгі жағымсыз жағдайлардың бәрі осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген медициналық құжаттардың есепке алу нысандарында тіркеледі.
Медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемі шеңберінде
міндетті профилактикалық
екпелерді жүргізу қағидаларына
қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет