Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында диагностика және емдеуді ұйымдастыру тәртібі



бет4/9
Дата09.03.2023
өлшемі51,78 Kb.
#72641
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
PMCP kz

1-параграф. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында диагностика және емдеуді ұйымдастыру тәртібі

14. МСАК ұйымына алғаш жүгінген кезде тіркеу орнында электрондық форматта медициналық ақпараттық жүйелерде № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасы ресімделеді.


Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда амбулаториялық пациенттің медициналық картасы қағаз түрінде ресімделеді, кейін медициналық ақпараттық жүйеге енгізіледі.


МСАК ұйымы бастапқы есепке алу медициналық құжаттың, оның ішінде электрондық түрде сақталуын қамтамасыз етеді.


15. Адамдар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүгіну себептері бойынша МСАК ұйымдарына жүгінеді.


16. Пациент шұғыл жай-күйіне, жіті ауруына (жай-күйі) немесе созылмалы ауруының асқынуына байланысты жүгінген жағдайда МСАК ұйымдарының мамандары клиникалық хаттамаларға сәйкес диагностика және емдеу әдістерін айқындайды.


Пациент жіті ауруына (жай-күйі) немесе созылмалы ауруының асқынуына байланысты МСАК ұйымдарына жүгінген жағдайда тіркеу орнының маманы немесе медицина қызметкері (учаскелік мейіргер (жалпы практика мейіргері), фельдшер, акушер) пациентті дәрігерге дейінгі кабинет (сүзгі) жібереді.


Дәрігерге дейінгі кабинетте (сүзгі) медицина қызметкері (учаскелік мейіргер (жалпы практика мейіргері), фельдшер, акушер) пациентті қарап болған соң қажетті дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді.


Білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету жағдайлары кезінде медицина қызметкері кезекші дәрігерді немесе учаскелік дәрігерді шақыртады. Көрсетілімі болған жағдайда медицина қызметкері жедел жәрдем бригадасын шақыруды және шұғыл нысанда бейін бойынша тәуліктік стационарға жіберуді қамтамасыз етеді.


Шұғыл емдеуге жатқызуды қарастырмайтын жағдайлар кезінде пациентті одан әрі байқау амбулаториялық деңгейде жүзеге асырылады, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қашықтықтан консультация беру арқылы жүзеге асырылады.


Коронавирустық инфекцияға күдікті пациенттерге және коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажет болған кезде бейінді мамандардың қашықтықтан консультациялары ұйымдастырылады.


17. МСАК ұйымдарының мамандары пациентті күндізгі немесе тәуліктік стационарға жоспарлы нысанда Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жібереді.


18. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) бекітілген Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларына сәйкес МСАК ұйымдарында да төртінші жеделділік санатындағы жедел медициналық көмек шақыртуларына қызмет көрсету жүзеге асырылады.


19. МСАК ұйымында үйге бару арқылы мынадай қызметтер:


патронаж;


пациентке белсенді баруы;


үйге шақыртуы;


үй жағдайындағы стационар;


3 деңгейдегі медициналық оңалту;


отбасын жоспарлау, жүктілікті қауіпсіз үзу, репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша қызметтер;


саламатты өмір салты бойынша іс-шаралар;


медициналық-әлеуметтік қолдау;


психологиялық көмек;


созылмалы ауруларды динамикалық байқау;


әлеуметтік мәні бар ауруларды динамикалық байқау;


рецепт жазу;


паллиативтік мобильдік бригаданың шығуы;


Коронавирустық инфекцияға күдікті пациенттерге және коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге мобильдік бригаданың шығуы жүргізеді.


20. Патронаж:


1) 5 жасқа дейінгі балаларға, оның ішінде жаңа туған нәрестелерге;


2) жүкті және босанған әйелдерге;


3) өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы қаупі анықталған 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті немесе босанған әйелдері бар отбасыларды байқау кезінде;


4) қозғалысы шектелген кезде асқынудан тыс созылмалы аурулары бар пациентке;


5) паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттерге жүргізіледі.


21. 5 жасқа дейінге балалардың, оның ішінде жаңа туған нәрестелердің патронажы Кодекстің 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес жүргізіледі.


22. Жүкті әйелдер мен босанған әйелдердің патронажы Кодекстің 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес жүргізіледі.


23. Патронаж кезінде МСАК ұйымы міндетті жоспарлы ауруды жүргізеді, баланың өмірі, денсаулығы немесе дамуы үшін медициналық немесе әлеуметтік тәуекелдер анықталған жағдайларда жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге және ерекше қолдауды қажет ететін балаларға жеке жоспар бойынша қосымша белсенді ауруды жүргізеді.


Патронаждық бақылау барлық жүкті әйелдерге және 5 жасқа дейінгі балаларға ұсынылады және жүкті әйелге (жүктіліктің 12 аптасына және 32 аптасына дейінгі мерзімде) 2 босанғанға дейінгі патронаждан және жүкті, жаңа туған нәрестелер мен 5 жасқа дейінгі балаларды дәрігердің немесе фельдшердің немесе орта медицина қызметкерінің үйде және МСАК ұйымдарында қабылдауда жалпы бақылау схемасы бойынша балаларға 9 келуден тұрады.


Қазақстан Республикасында педиатриялық және акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға патронаж жасаудың әмбебап-прогрессивтік тәсілінің схемасы (орта медицина қызметкерінің үйде патронаждық баруы) бойынша олардың өміріне, денсаулығына, дамуы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы тәуекелдер анықталған жүкті әйелдер мен балаларға патронаждық бақылау ұсынылады, Кодекстің 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.


24. Қызметті алушы туралы мәліметтер (пациенттің немесе заңды өкілдің тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекенжайы, телефондары) "Бірыңғай төлем жүйесі" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізіледі.


25. Учаскелік мейіргердің жүкті әйелдерді патронаждау нәтижелерін 077/е нысаны бойынша жүкті және босанған әйелдің жеке картасына енгізеді, ал жаңа туған және 5 жасқа дейінгі балаларды № ҚР ДСМ -175/2020 бұйрықпен бекітілген 052/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына енгізеді және отбасымен жеке жұмыс жоспарын, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелер арқылы қалыптастырады.


Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда қағаз түрінде ресімделеді, кейін медициналық ақпараттық жүйеге енгізіледі.


26. Патронажды жүзеге асыру кезінде МСАК маманы: сантиметр лентасын, дене температурасын және бөлме температурасын өлшеуге арналған термометрлерді, фонендоскоп пен тонометрді, қолды өңдеуге арналған дезинфектант, медициналық алғашқы көмек көрсетуге арналған ең аз жиынтық, ақпараттық материалдарды пайдаланады. Медициналық ақпараттық жүйелерді, оның ішінде мобилдік қосымшаларды енгізген жағдайда МСАК маманы ұялы қосымшасы бар планшетті немесе смартфонды пайдалана алады.


27. МСАК ұйымының аға мейіргері немесе ол болмаған кезде учаскелік дәрігер (жалпы практика дәрігері) патронаж ұйымдастыруды үйлестіреді.


28. МСАК ұйымдары маманының пациенттің үйіне, оның ішінде аула (пәтер) аралау арқылы белсенді баруы:


1) стационардан шығару немесе жедел медициналық көмек станциясынан ақпаратты (активтерді) берген ауыр жағдайдағы пациенттердің қозғалуы шектелген кезде;


2) жүкті әйелдер белгіленген күннен кейін 3 күннің ішінде қабылдауға келмеген кезде;


3) босанған әйел көрсетілген мерзімде қабылдауға келмегенде;


4) босанған әйел бекіту мәртебесіне қарамастан акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарынан келіп түскен мәліметтер бойынша қызмет көрсету аумағына келген жағдайда жүзеге асырылады.


Пациенттің үйіне белсенді баруды учаскелік медициналық мейіргер немесе фельдшер басымдықпен жүзеге асырады.


29. МСАК ұйымдарының медицина қызметкерлері үйге шақыртуға қызмет көрсетуді учаскелік (жалпы медициналық) қызметтің бөлім меңгерушісі, ол болмаған кезде учаскелік дәрігер (жалпы практика, терапевт (педиатр) дәрігер) үйлестіреді.


Үйге шақыруды қабылдауды МСАК ұйымының тіркеу орны және (немесе) учаскелік мейіргер немесе фельдшер жүзеге асырады.


30. Жеделділіктің төртінші санатындағы жедел медициналық көмекті шақыртуларды қоспағанда, қабылдауға денсаулығының жай-күйі мен аурудың сипаттамасы бойынша МСАК ұйымына келу мүмкіндігі болмаған жағдайда адамдардың МСАК ұйымдарына жүгінуі үйге шақыртуларға қызмет көрсету үшін көрсетілімдер болып табылады.


Учаскелік мейіргердің немесе фельдшердің үйде шақыртуларға қызмет көрсетуі үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:


1) шақырту кезінде дене қызуының 38
0С болуы;

2) жай-күйінің бұзылуынсыз артериялық қысымның артуы;


3) медициналық көмекті және үйде консультацияны қажет ететін жай-күйі, ауруы, жарақаттары (есінен айырылмау, қан кету белгілерінсіз, жай-күйінің кенеттен нашарламауы).


Учаскелік дәрігердің үйде шақыртуларға қызмет көрсетуі үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:


1) шақыртуға қызмет көрсеткен учаскелік мейіргердің немесе фельдшердің шақыртуды қабылдауы кезінде МСАК-тың тіркеу бөлімі бағалаған дәрігердің үйде тексеріп-қарауын қажет ететін жай-күйі;


2) вакциналаудан кейінгі жағдайдың нашарлауы.


5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге және босанған әйелдерге денсаулық жай-күйінің кез-келген нашарлауы кезінде, жедел медициналық көмек шақыртуларын қоспағанда, үйде қызмет көрсетіледі. 65 жастан асқан, қозғалысы шектелген адамдарға үйде қызмет көрсетіледі.


31. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген жүкті және босанатын әйелдерге белсенді бару нәтижелері жүкті және босанатын әйелдің жеке картасына № 077/е нысан бойынша енгізіледі, ал 5 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқан адамдардың амбулаториялық пациенттің медициналық картасына № 052/е нысан бойынша енгізіледі.


32. Емдеу емшаралары мен манипуляцияларды жүргізу және ұйымға бару мүмкіндігі болмаған жағдайда медициналық көрсетілімдері бойынша үйдегі стационар қызметтері жүргізіледі.


33. Пациенттерді үйде стационарда және күндізгі стационар жағдайында жүргізуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 16-тармағының 47) тармақшасына сәйкес бекітілген Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес МСАК ұйымының медицина қызметкерлері жүзеге асырады.


34. МСАК ұйымы Кодекстің 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді.


35. Амбулаториялық емді анықтаған және емдік шараларды тағайындаған жағдайда пациентке Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21493 болып тіркелген) бекітілген рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларына сәйкес дәрілік заттарға рецепт жазып беру жүзеге асырылады және МСАК ұйымының емшара кабинетіне немесе емдік шараларды үйде тағайындауға жолдама береді. Амбулаториялық емнің тиімділігін және оған түзету енгізуді емдеуге жолдама берген МСАК дәрігері жүргізеді.


36. Осы қызмет түріне аттестатталған медициналық білімі бар мамандарды (дәріхана объектілері жоқ елді мекендердегі дәрігерлік амбулаторияларды, медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттерді) қоспағанда, МСАК ұйымдарының медицина қызметкерлерінің дәрілік заттар беруіне жол берілмейді.


37. МСАК ұйымдарында ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бекітілген халықты дәрілік қамтамасыз ету Кодекстің 7-бабының 47) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет