Меңдігүл шындалиева



бет39/76
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#142883
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76
Байланысты:
Шындалиева М.Б. Публ.жанрлары мен пішіндері

ҮШІНШІ БӨЛІМ


ПУБЛИЦИСТИКАНЫҢ ТАЛДАМАЛЫ ЖАНРЛАРЫ

Публицистиканың талдамалы жанрлары индукция және дедукция, яғни талдау мен бөлшектеу әдісіне негізделген. Индукция – талдау. Бұл мәселені бөлшекке бөлу жолымен жасалады, яғни, жалпыдан – жекеге. Дедукция әлде бөлшектеу – мұнда мәселе жеке-жеке, содан кейін жалпы қаралады. Ақпараттық жанрлармен салыстырғанда талдамалы жанрлар деректі материалды кеңінен пайдаланып, маңызды оқиғалар мен құбылыстарды жан-жақты зерделейді.


Талдамалы жанрдың басқа жанрлардан негізгі ерекшелігі - журналист-сараптамашы деректерді тізіп айтумен ғана шектелмейді. Ол оқиғаны бағалап, сараптама жасап, өзге жәйттермен салыстырып, мәселені шешудегі өзінінің ұсынысын айтады. Сондықтан талдамалы жанрдағы ақпараттар ақпараттық жанрға қарағанда жан-жақты қамтылады. Белгілі бір уақыт аралығында журналист бір тақырып айналасындағы деректерді жинап, өзара топтастырып, ондағы маңызды аспектілерді айқындауға тырысады.
Талдамалы жанрдағы ең маңыздысы - мақала. Ол журналистке мәселені тұрақты, терең зерттеуге және шынайы құбылыстарды ұғындырып, теориялық жағынан топтастыруға мүмкіндік береді. Мақала негізінен ғылыми-көпшілік (ғылым мен техника жаңалықтарын жеткізеді) және проблемалық (сұрақты жан-жақты, терең талдауды қажет етеді) болып бөлінеді.
Корреспонденция да маңызды жанрдың бірі. Нақты материал негізінде атаулы бір мәселе шешімін табатын, шағын көлемдегі өзекті тақырып дайындалады. Корреспонденция ақпараттық (мысалы, шетел тілшілерінің хабарламалары), сараптамалық (болған оқиғаның себептерін ашады), бекіткіштік (журналист деректерді талдап қана қоймай, жаңа мәселелерді шығарып, талдауға қажетті жаңа сұрақтарды ұсынады) болып бөлінеді.
Рецензия – журналистің белгілі бір туындыға, театр қойылымына, кинофильмдерге, телебағдарламаларға, концерт, көрмелерге және т.б. баға беріп, сын айтатын талдамалы жанры. Талдамалы жанрларға сонымен қатар сұхбаттың проблемалық, портреттік түрлері де жатады.
Ақпараттық және сараптамалық жанрлардың кірігуі мен өзара ықпалы. Газеттік публицистиканың әр жанрының өзіне тән ерекшелігі бар. Адам мен қоғамның ақпарат пен оның сарапталуындағы қажеттілік жанрдың пайда болуына әкеледі. Ақпараттық және сараптамалық жанрлар ХІХ-ХХ ғасырларда дамыған. Негізгі жанрлар дәл осы кезде пайда болған. Өткен жүз жылдықта дүниеге келген барлық жанрлар қазірге дейін үлкен өзгерістерге ұшырап жетті. Қазақ журналистикасында сұхбат ерте пайда болғанымен, өткен ғасырдың 1980-1990 жылдарынан бастап күнделікті қалыпқа кірді. Сұхбат – ең алдымен фотографиялық портрет, натурадан лезде жасалған сурет. Бүгінгі күні газет беттерінде кездесетін сұхбатта портреттік очерк пен суреттеменің (эстрада жұлдыздары, саясаткерлер, қоғам қайраткерлерімен портреттік сұхбаттар) элементтері кездеседі. Сұхбат өзіне көбірек «өзгертулерді» қабылдайды: биографиялық анықтама, дәйексөз, құжат және т.б.
Осы күнгі журналистикада материалдарды жылдам, жедел беруге тырысады. ХХІ ғасырда жаңа жанр – дерек пен түсінік беру пайда бола да бастады. Оқиғадан кейінгі келесі күні газет дерек пен түсінік беруді лезде орналастырады. Ережеге сәйкес, жедел түсінік беру өткен күннің белгілі бір маңызды оқиғаларына арналады. Түсінік берудің тақырыптары әртүрлі оқиғаларға байланысты болады.
Жедел түсінік беру, соның ішінде дерекке түсінік беру негізгі сараптамалық жанрлар – корреспонденция мен мақаланы – біршама ығыстырды. Олардың түрлік құрамы тарылып, біздің жүзжылдығымыздың 1980-ші жылдарында газет беттерінен бас мақала ығыстырылды. Бүгінгі газет нөмірлерінде көкейкесті тақырыптағы журналистік материалдар жиі кездеседі.
Газетте нық орын алатын журналистік зерттеу жанры сараптамалық жанрларға да ықпалын тигізді. Сараптамалық жанрлардың аса күрделі бөлігі - журналистік зерттеу бүгінгі күні белсенді жанрға айналды.
Дәл соңғы үш-төрт онжылдықта ақпараттық және сараптамалық жанрлар бір-біріне үлкен әсерін тигізіп отыр. Ақпараттық қатардағы газеттік публицистика жанрлары сараптамалық жанрлардың кей белгілерін өздеріне сіңдірсе, сараптамалық жанрлар ақпараттық жанрлардың кейбір қасиеттерін иеленеді, атап айтқанда, репортажға тән серіктесу мен қатысу эффектісі.
Қазіргі таңда эмоциялық бастау мен авторлық «мен» хроникалық хабар-ошардан басқа жанрларда кездеседі. Бұл жерде байқалатын маңызды нәрсе – публицистикада эмоциялық бастауды қолдануда өлшем болу керек. Қазіргі басылымдар ақпараттық және сараптамалық жанрларды мейлінше кең қолданады. Таблоидтық және «сары» басылымдарға келетін болсақ, олардың беттерінде жанрлық палитраны минимумға дейін аз пайдаланады. «Инфо-Цес», «Караван», «Из рук в руки», «Республика», және тағы басқа басылымдар хабар-ошар мен репортажды әлдеқайда жиі қолданады.
1990-жылдары отандық журналистика шығармашылық ізденіске зор мүмкіндік ашты. Журналистің көзқарасы мен түсініктеріне ақпарат арнасында орналасуына әсер етеді. Сараптамалық журналистика әр елдің азаматтарының саясатта, экономика және әлеуметтік өмірде өз көзқарас, пікірін қалыптастыруына көмек беруі тиіс. Журналистік шеберлік шынайы өмірден алынады. Тыңдарман, көрермен, оқырманның барлығы телерадио, газеттен алатын ақпаратты өздерінің өмірге деген көзқарасына, өмірлік тәжірибесіне қарай қабылдайды. Өмірдің шынайлығын айқындай түсе, нарықтық заман мен әлеуметтік журналистика арасындағы ақпараттардың екі жақтылығын, объективтілігін, үгіт-насихат элементтері ретінде әлеуметтік тапсырыс орындалуы саяси тұрғыдан шартталған психологиялық, идеологиялық соғыс еді.
Кеңес заманындағы ақпараттық саясат журналистикада объективтілік белгілерін, деректі таңдаудан бастап, радио мен телебағдарламада берілуін бақылап отырды. Қазір де журналистің объективтілігі жөніндегі дау баспасөз беттерінде үнемі кездесіп отырады. Журналистикада шындық абсолютті болмауы бастапқы кезден белгілі, әр дерек объективті шындықтың бастауы болуы тиіс. Сараптаудың құрамында әрдайым ой жатады. Дерек – ой немесе эмоциялық, логикалық жүйеге кірістіріледі, дерек – дауласудағы дәлелдеме, пікір-таластың пішіні.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет