Гуманитарлық колледж
Қоғамдық пәндер оқытушысы
Казыгулова М.Я
Мәңгілік ел – болашақтың
жарқын жолы!
Еліміздің келешегі – жас ұрпақ ұлттық сана-сезімі
оянған, адамгершілігі және рухани ойлау дәрежесі
жоғары, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол,
салауатты, жоғары патриоттық санасы, өз елі үшін
мақтаныш сезімі қалыптасқан азамат етіп тәрбиеленуі
тиіс. Өйткені, ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдар
бойы асыл арманы болып келген «Мәңгілік Ел» болу
идеясын жүзеге асырушы, ол, әрине жас ұрпақ.
«Халық өмірі оның келесі ұрпағымен
жалғасып отырады. Сондықтан халықтың
Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман
жоқ. Мәңгілік Ел - бұл ертеңгі күнге есік
ашатын, болашаққа сенімді арттыратын
идея, бұл - кері қайтпайтын және берік
тұрақтылықтың символы...»
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген
сөзінен
2014 жылғы 15 желтоқсан
«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың
жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем
елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем
картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз
Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы
бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне
сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз
армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік
Елдің іргетасын қаладық»
Н. Назарбаев
«Мәңгілік Ел» құндылықтарын:
азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік,
адалдық, толеранттылық, шын
берілгендік пен патриотизм
біріктіреді»
Н.Назарбаев
“Патриот – ол Қазақстанды шын сүйетін,
ұлттық құндылықтарды қастерлейтін,
бойында адалдық, ар – намыс, ізгілік
қасиеттері бар, халқының дәстүрі мен
Отанына деген сүйіспеншілігі мол адам”
Президентіміз «Болашақ» бағдарламасы
бойынша шетелде білім алған түлектермен
кездесу барысындағы сөзінен
Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Ел патриоты болу – менің азаматтық борышым»
Мақсаты: Қазақ елінің болашағын айқындайтын, оны
тұрақты даму деңгейіне көтеретін бірден-бір
құндылық, ол жас ұрпақты отаншылдық рухта
тәрбиелеу.
Студенттерге өз пікірін ортаға салу үшін мынадай сұрақтар
беремін:
Патриоттық тәрбиені ойға алғанда бірінші санаға Отан түсінігі келеді.
Қандай даналық ой-пікірлер, көркем сөздер, мақал-мәтел білесіңдер?
Бір сәт «Отан», «Атамекен», «Туған жерге сағыныш» сөздерінің
мағынасын түсіндіріп берсеңіздер?
(Студенттердің ой-пікірлерін тыңдап, бүгінгі тақырыптың мәнін ашу
керек)
• 1. Отан – белгілі бір адам үшін, оның өзінің елі үшін
ғасырлар бойы өмір кешіп, жанын пида қылып күресіп келе
жатқан байтақ өңір. Отан – өлке ғана емес туған шаңырағы,
ата-ана, бала-шағасы, ағайын-туысы. Жырларда айтылатын
«Кіндік қаным тамған жер» деген қарапайым жолдарда
туған жерге, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік бейнеленген.
• 2. Біздің халқымыздың Атамекенді ардақтау сезімі өте
терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген
мінез, ежелге дәстүр. Бұл таным – біздің жанымызға ана
сүтімен тараған, ана тілімен дарыған, ақ нанымен бекіген.
Ұлы жырауларымыздың толғаулары, шешендік нақылдары,
туған жерді, Отанды ардақтауға толы және солардың өзі
қандай терең мәнді, керемет көркем сөз маржаны десеңізші!
«Отаның – алтын бесігің», «Ер елінде – гүл жерінде», «Жат
елде сұлтан болғанша, өз еұлтан бол!»- деген ғажайып
мақалдар қаншама десеңізші!
3.Мына бір аңызға тоқталайын: «Бір кісі бармақтай құсты
ұстап алып, торға қамап қояды. Тұтқын құс күні-түні дамыл
көрмей «Отан,Отан, Отан...» деп шырылдай береді. Құстың
иесі: «Мұның Отаны болғаны ма, ал Отаны болса қайда екен?
Құсты босатып жіберейін де ұшқан жағына қарап, ғажайып
елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды. Сөйтіп,
құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып, бар болғаны он
қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз
түп тікенге барып қонады. Сөйтсе, әлгі бұтада ұясы бар екен.
Демек, құстың отаны ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды
әлгі адам. Шынында адам түгілі құстар да ұя салып мекен
еткен жеріне бауыр басып кетеді екен!
• Адамдардың Атамекені өзі үшін қымбат, әрі мәңгілік
екені мына аңызда баяндалады: «Қапияда жау қолына
тұтқын боп түсіп, құлдыққа сатылған бұғанасы қатпаған
жас бала жылдар өте келе кіндік қаны тамған топырағын,
әлпештеп өсірген ата-анасын ұмытуға айналады.
Жат өлкеге бауыр басып, төзімі мен ақыл, қайратының
арқасында сол елдің билеушісі атанады. Жылдар жылжып
өтеді, күндердің бірінде алыстан келген керуен туған
жерінің бір түп жусанын жеткізеді. Жұпар иісі бұрқыраған
жусан билеушінің есіне бала күнгі дәуренін, туған жерін
есіне түсіреді. Көзінен жасы бұршақтап, сағыныш сезімі
оянып, шыдас бермейді. Енді оның жолына кесе-көлденең
тұру мүмкін емес еді. Талайларға арман болған таққа,
баққа, байлыққа да бұрылып қарамастан тұлпарына ер
салып, туған жеріне суыт аттанған деседі». Туған жер
киесін сезінген сүйіспеншілік сезімі қандай десеңізші!
Ой толғамдарын айтуға қажетті мынадай сұрақтар
жауап іздейді:
• Еліміздегі патриоттық тәрбиенің жүргізілу барысы
қандай деңгейде деп ойлайсыз?
• Теледидар хабарлары арқылы патриоттық тәрбиенің
берілуі қандай деңгейде жүргізілуде?
• Баспасөз материалдары қаншалықты патриоттық тәрбие
береді?
• Патриотизм дегеніміз не?
• Жастар арасында патриоттық сезімді көтеру үшін не
істеу керек?
• Қазіргі күні жастарымыздың бойындағы отаншыл рух,
патриоттық сезім қандай деңгейде?
• Отаншыл сезім жас ұрпақ бойына қайдан беріледі?
• Ата-ананың тәрбиелік ықпалы қандай және қаншалықты
деңгейде?
Тарих беттерін парақтасақ...
«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым
тереңде жатыр. Оған дәлелТоныкөк
абыздың өсиеті «Tүркі жұртының мұраты -
Мәңгілік Ел»
Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз
мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне
тарихтан бастау алатынын көрсетеді.
Тақырыбы: «Қазақстан – достық пен татулықтың киелі бесігі»
Қазақстан залқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесу
• Мақсаты: Бірлікті пен татулықты сақтауға, Отанына деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Міндеті: 1. Қоғамда этносаралық келісімді
және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау.
2. Қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып,
қазақстандық патриотизмді, республикадағы этносаралық келісімді
қамтамасыз ету. 3.Ел бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді қолдау
және дамыту.
• Өз Отаныңыздың алдында перзенттік парызды өтеу міндетін
ойлағанда қандай сезімде болдыңыз?
• - Атамекеннің дамуына үлес қосу үшін қандай касиеттерді
дамытуым керек деп ойлайсыз?
• -
Елдің бірлігі мен ынтымағының жарасымдылығы үлкен қуаныш,
Сіздің пікіріңізбен бөлісейік!
Кездесуге келген қонақтар:
1.Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі,
Парламент депутаты
Каппли Егор Яковлевич
2.Қазақстан
халқы
Ассамблея
орталығынан
Маслов Халил Борисович
Қазақстанның көп ұлтты халқының
татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі –
біздің еліміздің ең басты байлығы. Ел
бірлігі- ең асыл қасиет. Еліміздің еркін
өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де -
Тәуелсіздіктің нәтижесі.
Мемлекет тарапынан жастарды қолдауға бағытталған бағдарламалар жүзеге
асырылып жатыр, атап кетсек:
•
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы;
•
«Студенттік баспана» бағдарламасы;
•
«Жасыл ел» бағдарламасы;
•
«Болашақ» бағдарламасы;
•
«Серпін» бағдарламасы;
•
Студенттік құрылыс және жастар еңбек отрядтарының Республикалық штабы»
бағдарламасы (студенттік құрылыс отрядтарын ұйымдастыру) және т.б. бағдарламалар.
•
Қазіргі таңда елімізде 1000 – нан аса балалар және жастар ұйымдары жұмыс жасауда.
Жастардың қоғам өміріне еркін араласуына, ақпарат алуына қолайлы жағдай
жасалған:
•
«Жас Отан» жастар қанаты;
•
Қазақстан ауыл жастарының одағы»;
•
«Жас қыран»;
•
«Астана қаласының жастар және
балалар ұйымдарының Ассоцияциясы.
Барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының
іргетасын қалаған басты құндылықтар:
Біріншіден, бұл - Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.
Екіншіден, бұл - қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен
келісім.
Үшіншіден, бұл - зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Төртіншіден, бұл - индустрияландыру мен инновацияларға
негізделген экономикалық өсім.
Бесіншіден, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Алтыншыдан, бұл - тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Жетіншіден, бұл - еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және
бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан
қатысуы. Осы құндылықтар арқасында елімізді нығаюда
Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым
жеңіске жеттік, елімізді нығайттық. Жаңа
Қазақстандық патриотизмнің идеялық негізі
осы мемлекет құраушы, жалпы ұлттық
құндылықтарда жатыр деп ойлаймын. Бүгінгі
таңда ел болашағының іргетасын қалаған
басты құндылықтар жастарды отаншылдыққа
тәрбиелеуде негізгі құрал деп санаймын.
Мәңгілік ел – болашақтың жарқын жолы!
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |