Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет118/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   243
Байланысты:
оқу сауаттылығы

1168-нұсқа 
1-мәтін 
Тасып жүргенім жоқ... 
Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен мықтыны 
теңгере алмадың, біреу біреуді шауып жеп жатыр, оны басқара алмадың», -  деп өкпелепті. 
Нұралыға бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда Нұралы: 

Батыр, қайырылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау! - депті. Сонда Сырым: 

Хан, тасып жүргенім жоқ, алты алаштың басын қоса алмай сасып жүрмін, - депті. 
 
1.Мәтінде қолданылмайтын қарамақарсы ұғымдар. 
A)Ақ пен қара 
B)Тату мен араз 
C)Тасу-сасу 
D)Аз бен көп 
E)Нашар мен мықты 
2.Сырым Нұралы ханның қандай әрекетіне өкпелі? 
A)Көпшілдігіне 
B)Өктемдігіне 
C)Қаталдығына 
D)Тілінің қыршаңдығына 
E)Әділетсіздігіне 
 
2-мәтін 
Албанның Алжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған 
Райымбектің жаужүректілігі жастайынан байқалған. Жиендердің жанарынан от байқаған 
Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарына бәсіреге жүйріктің тұқымын, қолға ұстарға шымболаттан 
құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба, нағашы жұрт ортасында бұлаң салған 
баланың бәйгеде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян.  Осы өр рух кейіннен жоңғарға қарсы 
салған Райымбек Түкеұлы ерліктерінің арасында ерекше аталатыны – қазірде Алматы-
Нарынқол тасжолының 167 шақырымында тұрған Ойрантөбеде қалың қалмақты жекпе-жекке 
шақырып, бөрі тиген қойдай дүрліктіруі. 
  Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеңілген қалмақ нояны 
Бадам-бахадүрдің есімімен байланысты екнін көп адам біле бермейді. Кеген деген жер атауын 
да қалмақ тайшысы Гегенге теңейді. Кей деректерде Геген діни лауазым дейді. 
  Райымбек батыр жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, Бөгенбай 
сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжаның әскерін талқандаған. 
3.Мәтіннің екінші азатжолы бойынша түйін 
A)Қазақтың кейбір жер атаулары жоңғар-қалмақ шапқыншылығымен байланысты. 
B)Райымбек батырдың жастайынан байқалған жаужүректілігі. 
C)Қазақтың көптеген жер атауларына елін қорғаған батырлар есімі берілген. 
D)Алматы жақта Райымбек есімімен аталатын елді мекен бар. 
E)Алматы-Нарынқол тасжолының бойында тарихи деректер көп. 
4.Баланың бәйгеде өз атын өзі ұрандаған әрекеті нені білдіреді? 
A)Баланың бәйгеде озғандығын 
B)Баланың өрлігі мен рухының биіктігін 
C)Баланың атақұмарлығын 
D)Баланың өзімшілдігі 
E)Баланың бәйгеге деген сүйіспеншілігін 
5.Орақ батыр Райымбекке кім болады? 
A)Жиен 
B)Аға 
C)Бала 
D)Әке 
E)Нағашы 
6.Райымбектің ерекше ерлігін танықан шайқас. 


 
A)Бадам-бахадұрмен шайқас 
B)Гегенмен шайқас 
C)Аңырақай шайқасы 
D)Ойрантөбедегі шайқас 
E)Сары Мыңжанмен шайқас 
 
3-мәтін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет