6. Неліктен достардың өнімі азаймады? A)
Бір-бірінің үйіне өнім апарғандықтан
B)
Екеуі еңбексүйгіш болғандықтан
C)
Жерлері құнарлы болғандықтан
D)
Өнімді үнемдеп пайдаланғандықтан
E)
Өнімді көп жинағандықтан
3-мәтін Tay етегі. Жалпақ аңғардың теріскей беті сірескен қалың қарағай. Күнгей беті тақырлау.
Өрге тырмысып, жотаның төбесіне қарай өрмелеген, таспадай тартылған жалғыз аяқ жолдың
жағасында бармақтай-бармактай шілтиген кішкене көкшіл гүлдер өсіп тұр. Әлденедей үмітпен
алысқа, көкпеңбек аспанға телміреді.
- Сонша қадалып, қайда қарап тұрсыңдар? - деп сұрады гүлдерінің желкесіне өрмелеп шығып
алған қызғылт түсті, белі қылдырықтай, буындары бунақ-бунақ құмырсқа.
- Бір қиырға созылып, бел-белестерден асып кетіп жатқан жалғыз аяқ соқпақтың қайда
барып тұйықталатынын білу үшін соның түкпіріне көз жіберіп тұрмыз.
- Оның сендерге не қажеті бар? Мына өсіп тұрған жерлеріңнің өзі қандай әсем, жаннат секілді.
Шөбі де қою, құйқадай ұйысқан.
- Жаңа ғана алақандай қызыл қанат көбелек төбемізден елпелектей ұшып өтті. Соның басқан
жолының түбін бағдарлап тұрмыз. Күндердің күнінде ұша қалсақ, адаспаспыз.
- Қолдан келмейтін әрекеттің қамын жеп, босқа әуреленбей-ақ қойындар.