Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет213/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   243
2-мәтін 
 
Екі  дос  бір  егістікте  жұмыс  істейтін.  Бірі  үйленген,  3  баласы  бар.  Екіншісі  -  бойдақ.  Күн 
батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің 
бірінде  бойдақ  болғаны  ішінен:  «Өнімді  және  шыққан  пайданы  тепе-тең  бөлгеніміз  дұрыс 
болмады»,  -  деп  ойлайды.  «Мен  жалғыз  тұрамын,  сондықтан  да  айтарлықтай  көп 
қажеттілігім  де  жоқ».  Осындай  ойымен  түн  сайын  үйінен  шығып,  бір  қап  өнімді  жасырын 
түрде досының үйінің алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: «Өнім 
мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар - 
қартайғанымда  олар  маған  қарайтын  болады.  Досымның  болса  ешкімі  жоқ,  қартайған 
кезінде оған қарайтын адам болмайды», - дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден 
шығып досының  қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы 
қаптар  саны  неліктен  еш  азаймағанын  екі  доста  түсінбей  жүреді.  Бір  түні  жасырын  түрде 
бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған 
жағдайды  түсінеді.  Қаптарды  жерге  қоя  салып  достардың  бір-біріне  деген  адал  ниеті  мен 
достығы алдында көз жастарын тыя алмады. 
3. 
Неліктен достардың өнімі азаймады? 
A) 
Екеуі еңбексүйгіш болғандықтан 
B) 
Өнімді көп жинағандықтан 
C) 
Өнімді үнемдеп пайдаланғандықтан 
D) 
Жерлері құнарлы болғандықтан 
E) 
Бір-бірінің үйіне өнім апарғандықтан  
4. 
Екі дос неліктен өнімді бір-бірінің үйіне тасыды? 
A) 
Өзі үйленбеген, бойдақ болғандықтан 
B) 
Досына қарыз болғандықтан 
C) 
Досы өтініш жасағандықтан 
D) 
Досы отбасын асырай алмағандықтан 
E) 
Досына көмектескісі келгендіктен ' 


 
 
5. 
Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай? 
A) 
Ниеттес адамдардың мейірімділігін үлгі ету 
B) 
Адал еңбек етуге шақыру 
C) 
Адамдарды кәсіппен айналысуға шақыру 
D) 
Көркем мінезді үлгі ету 
E) 
Үлкенді сыйлауды дәріптеу 
6. 
Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді? 
A) 
Ақымақ достан ақылды қасың жақсы. 
B) 
Ақыл - дария, алсаң да таусылмайды, Жер - қазына саусаң да 
таусылмайды. 
C) 
Жақсы жұмыс - жанға тыныс. 
D) 
Еңбегің қатты болса, 
Татқаның тәтті болар. 
E) 
Айтулы достың малы бір, 
Кемедегінін жаны бір. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет