пайдаланылады. Осы ұлтабарды жармай айналдырып, уыз құяды да, аузын
буып, мәйек қапқа салып, керегенің басына немесе түтін шалу үшін
күлдіреуішке іле салады. Сүт құйған мәйек бес-алты күнде ашиды. Содан ірімшік
жасайтын сүтке әлгі мәйекті батырса болды, демде ұйытады. Әрине, сүт ашып
үлгермей ұйиды.
Мәйек салып ұйытқан сүтті пышақпен торлап тіледі де, қайната бастайды. Әрі-
беріден соң ұйыған сүт бөлектеніп, көк суы іркіліп, ақ ірімшікке айналады. Егер
тағы біраз қайната түссе, ақ ірімшік сарғайып, тіпті қып-қызыл болып, тамаша
иісі танауды қытықтап, сілекей үйіреді.
Бұл екі арада ірімшіктің сары суы да азайып, қызара қойылады. Егер қазан
түбіндегі қою қызыл сұйықты кесеге, тегешке құя қойса, шамалы уақытта қата
қалады. Мұны «сірне» дейді. Сірненің ғажайып тәттілігін балға да, қантқа да
теңестіруге болмайды. Бұл - бір теңдесі жоқ тәтті әрі қуаты күшті тағам.
Сонымен, қазандағы қызыл ірімшікті қотарып алып, сөреге жаяды. Сөреде
тұрып кепкен соң қапқа, кебежеге салып қойса, ірімшік бүлінбестен бір- екі
жылға, тіптен одан да көп уақытқа шыдайды.
Көшпелі елдің дастарқанындағы құрт, май, ірімшік, сірне сияқты күнделікті
ішіп-жемнен артылған тағамдарын жаз бойы бөлек қапқа салып жинап
отыратын дәстүрі болған. Өйткені алда алты ай қыс бар. Міне, осы күнделікті
ішіп-жемнен артылған тағамды «тірнек жинау» деп атаған. Бір нәрсені ерінбей,
аз-аздан, ұзақ уақыт жинағанда, «тірнектеп жүріп жиғаным ғой» деп келетін
қазақ тіліндегі тіркес содан
Достарыңызбен бөлісу: