Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың


Шекер сөзінің мағынасына қарама-қарсы келетін мақал



Pdf көрінісі
бет77/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   243
Байланысты:
оқу сауаттылығы

3.Шекер сөзінің мағынасына қарама-қарсы келетін мақал 
A. Піскен астың күйігі жаман 
B. Бала тілі - бал 
C. Ашынғанның тілі ащы  
D. Асы бар аяқ әдемі  
E. Тіл тәтті, бауыр қатты 
4.Қант қызылшасының пайда болуына байланысты жай 
A. Шекер қамысын өндіру өте қымбат болғандықтан 
B. Француз императоры I Наполеонның бұйрығы бойынша 
C. Еуропа елдерінің дамуына байланысты 
D. Шекер өндірісі жақсы жолға қойылғандықтан  
E. Шекер жолдарының жабылып қалуына байланысты 
5.Тұңғыш шекер фабрикасы құрылған аймақ 
A. Полинезия 
B. Силезия 
C. Франция  
D. Үндістан  
E. Андалусия 
6.Шекер қамысының «арасыз бал беретін қамыс» аталу себебі 
A. Дәмі балға ұқсағандықтан 
B. Бал арасының азығы болғандықтан 
C. Түрі балға ұқсағандықтан 
D. Құны балмен пара-пар болғандықтан  
E. Бал өнімін алғандықтан 
 
1255-нұсқа 
3-мәтін 
Томас Эдисон 
Америкалық әйгілі өнертапқыш, XIX ғасырдың талантты бизнесмені, бірнеше ірі 
электр техникалық компаниялардың негізін қалаушы - Томас Эдисонның есімі 
ұлы өнертабыстармен танымал. Үлы эксиериментатордың есебінде 
электротехниканың әртүрлі саласындағы көптеген өнертабысы бар. Кәсіпкер 


әрі ұлы эксперимент жасаушы ретінде ғылым саласын коммерциялық жолға 
түсіреді. Ғылымдағы өнертабыстары мен жетістіктерінің көп бөлігін 
қолданысқа енгізудің жолын тапты. 
Болашақ данышпан 1847 жылы 11 ақпанда Огайо штатындағы шағын Милан 
қаласында дүниеге келген. Томас саудамен айналысатын ауқатты отбасының 
жетінші баласы болды. Ол 7 жасқа толғанда, әкесінің шығынға батуына 
байланысты, отбасы Мичиган штатындағы Порт-Гурон қаласына көшуге 
мәжбүр болған. 
1869 жылы ол өзінің өнертабысына ең алғаш патент алады. Оның өнертабысы 
дауыс беру кезінде пайдалануға жарайтын электронды дауыс жазу құрылғысы 
болды. Алайда патентті сатып алушылар болмады. Бұл Эдисонды 
онертабысымен әрі қарай жұмыс істеп, қалайда сұраныс болатындай етіп 
жасауға талпындырды. 1870 жылдың аяғында ол биржалық тикер - телеграф 
жасаудың арқасында қомақты ақшаға ие болады. Ол Ньюарктегі зертханасына 
келіп, тикерлерді шығару мен телеграфтың жұмысымен айналыса бастаған. 
Сәтті саудасынан тапқан ақшасына 1876 жылы Менло Парк зертханасын құрған. 
Бұл зертхана ендірістік зерттеу орталығының прототипі болды. Белл ойлап 
тапқан телефонға Эдисон индукциялық шарғы (катушка) мен көмір 
микрофонды қосып, Белл құрылғысының дыбыс деңгейі мен анықтығын 
арттырды. Эдисон патент бюросына ұсынған конструкция түпнұсқа екенін 
дәлелдеп, сол үшін 300 мың доллар алған. 
Эдисонның ең танымал өнертабыстарының бірі - электр шамы. Оның 
прототипін ағылшын Хемфри Деви 70-жылдары құрғанмен, Эдисон стандартты 
цоколь (электр шамдарының патронмен жалғасатын бөлігі) құрып, электр 
шамының спиралін жетілдіріп, қызмет ету мерзімін ұзартқан. Эдисон 1882 
жылы алғашқы орталық электростанция құрған кезде, жүйеге қажетті 
жабдықтар мен трансформатор ойлап тауып, Нью-Йорктің екі кварталының 
бәрін жарықтандырып, өзінің өнертабысының пайдалылығы мен оның 
практикалық қолданылуының маңыздылығын дәлелдейді. Эдисонның тағы да 
басты өнертабыстарының бірі - 1878 жылы патенттелген фонограф. 1875 жылы 
Эдисон сөз бен кескіндерді (суреттерді) ауыстыратын тәсіл ойлап тауып, оны 
«трафетті басып шығару әдісі» деп атаған. Қазіргі уақытта трафетті баспаның 
қабілетіне жапондықRIS0 компаниясы назар аударып, дәстүрлі баспа әдісі мен 
XX ғасырдағы технологияның жетістіктерін біріктіре алды. Ол Уэст-Оринджде 
зертханасында ризограф, фонограф, диктофон, флуороскоп жасайды. Оның 
өнертабыстарын бірнеше бағытқа бөлуге болады: электр жарығы, қозғалатын 
кескіндер (кинетоскоп), фонограф және дыбыс жазу, телеграф пен телефон, 
аккумулятор батареялары. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет