Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет191/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   243
                                     2-мәтін 
 
Әйгілі жазушы Г.Бельгер: «Неміс тілі, қазақ тілі, орыс тілі - шабытымның үш кайнар бұлағы», 
-  деген  екен.  Бүгінгі  күні  бірнеше  тілді  қатар  игерген  адамдар  саны  күн  санап  артуда  деп 
әбден айтуға болады. Ондаған тілдерді қатар үйренуге қабілетті адамдарды «Полиглот» деп 
атайды. 
Орыс  жазушысы  А.П.Чеховтың  «Бірер  тіл  білмеген  адам  өзін  құжатсыз  жандай  сезінеді» 
деген қанатты сөзі бар, көп тіл игергісі келетіндерге бірнеше кеңес: 
1) 
Үзбей жаттығу. Атақты неміс археологы Генрих Шлиман үнемі жаттығуының арқасында 
күніне  прозалық  мәтіннің  жиырма  бетін  жаттап  алуға  қолы  жеткен.  Ол  орыс  тілін    6  апта 
ішінде үйренген. 
2) 
Алдымен негізгі тілдерді, ал содан кейін сол тілдерге жакын тілдерді үйрену қажет екен. 
Әрине, адам көбірек тіл білсе, жаңа тілді игеру де жеңіл болады. 
3) 
Ең  бастысы  -  қорыкпау  керек.  Тілді  үйрене  жүріп,  өз  ойыңызды  сол  тілде  түсіндіруге 
тырысу  керек.  Үйреніп  жүрген  тілде  сұрақ  қоя  отырып,  тіл  білетін  және  өзіңізге  көмек 
көрсете алатын адаммен барынша көбірек сөйлесіңіз. 
4) 
Музыканы  көбірек  тыңдап,  есту  қабілетіңізді  дамыта  беріңіз.  Өйткені  ол  -  шетел  тілін 
үйренуде жақсы көмекші. 
Олай болса, достар, полиглот болғыларың келсе, тек алға ұмтылыңдар! Антик 
философтарының «тілді бесіктегі деміңнен соңғы деміңе дейін үйренсең де аз» дегенін 
ұмытпайық! 
3. 
«Полиглот» деп кімдерді айтамыз? 
A) 
Жазушылық қабілеті бар адамдарды 
B) 
Өлең оқу мәнері жақсы адамдарды 
C) 
Он шақты тіл меңгергендерді 
D) 
Екі тілді меңгерген адамдарды 
E) 
Музыкалық қабілеті жоғары адамдарды 
4. 
Қандай мақал-мәтел берілген мәтіннің мазмұнын ашып тұр? 
A) 
Тілі тәтті жая жейді, тілі қатты таяқ жейді. 
B) 
Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы - ой. 
C) 
Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. 
D) 
Басқа пәле - тілден. 
E) 
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл. 
5. 
Бірінші кеңеске сәйкес тіл үйренуге негіз болатын басты әрекет 
A) 
Тілдердің ұқсастығы 
B) 
Музыка тыңдау 
C) 
Қоркынышты жеңе білу 
D) 
Адамның жеке қабілеті 
E) 
Күн сайынғы жаттығу 
6. 
Мәтін бойынша адамның есту қабілетін қалай арттыруға болады? 
A) 
Ән шырқау арқылы 
B) 
Әуезді саз тыңдау арқылы 
C) 
Әдемі сөйлеу арқылы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет