Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет94/243
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#20464
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   243
Байланысты:
оқу сауаттылығы

 
 


 
2-мәтін 
 
1. Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі туған ата-анасының қуанышы ғана емес, бүкіл ауылдың 
қуанышы  болып  есептеледі.  Міне,  осы  күндері  «шілдехана»,  «шілде  той»,  «шілдехана  күзет» 
өткізіледі.  Тойға  жиналғандар  сәбиге  ізгі  тілектерін  білдірісіп,  ән  айтып,  ойын  ойнап,  көңіл 
көтереді. 
2.  Шілдехананы  Жетісу  өңірінде  «шілде  күзету»  деп  атайды.  Әдетте,  шілдеханаға  ауыл 
үлкендері  қатыспайды.  Жаңа  туған  нәрестені  әр  түрлі  жын-  шайтан,  перілердің  салқынынан 
қорғап, күзету  -  халық сенімі бойынша  тек жастардың міндеті болған. Ерте заманда бесіктегі 
нәрестені  күзету  Ұмай  анаға  жүктелген.  «Жаңа  туған  баланы  алғашқы  күндері  шырақ  жағып 
күзетпесе,  оны  перілер  әкетіп,  орнына  басқа  бала  тастап  кетеді»  деген  сенім  болған.  Осы 
сенімнің сілемі қазақ арасында соңғы уақытқа дейін сақталған. Шырақ жағып күзету  - соның 
бір түрі. 
3.  Немерелі  болған  әже  сүйінші  сұратып,  жас  балаларын  жан-жаққа  жібертеді.  Сүйінші 
сұраушылар  «Кім  туды?»  деген  сұраққа  ұл  болса  -  «тізгін  ұстар»,  «күл  шашар»,  «ноқта 
жетектер»,  ал  қыз  болса  -  «қырық  жеті»  деген  сияқты  тұспал  сөздермен  жауап  қатады. 
Сүйіншіге  ағайын-туыстары  мал  атап,  кейбіреулер  ақшалай-заттай  сый-сияпат  беріп,  әйтеуір 
қолын бос қайтармайды. Бөпелі болған қуанышты отауға ізгі ниеттерін білдіруге келген ауыл 
адамдары «Бауы берік болсын!» деп, жылы лебіз, жақсы тілектерін айтады. 
4.  Жаңа  туған  нәрестенің  той-томалағында  жүрген  әйелдер  бөпені  көрсетіп,  келушілерден 
көрімдік  алады.  Құтты  болсын  айтып  келгендер:  «Тіпә,  тіпә!  Тіл-  көзім  тасқа,  өзі  жаман  бала 
екен!» - деп түкірген болады. 
5.  «Туғанда  дүние  есігін  ашады  өлең»  деп  ұлы  Абай  айтқандай,  қазақта  ән-  жырсыз  өтетін 
мереке, қуанышты күндер жоқ. Той да жастар суырып салып өлең айтып, сөз қағыстырады. 
3. Бірінші және бесінші азатжолдардың мазмұндық ұқсастығы 
A) Қуаныштың ән мен жыр арқылы тойлануы 
B) Немерелі болған әже куанышы 
C) Ескі наным-сенімдердің сақталуы 
D) Тіл-көзден сақтау ырымдары 
E) Шілдехананың әр өңірдегі ерекшеліктері 
4. Құтты болсын айтып келгендердің: «Тіпә, тіпә! Тіл-көзім тасқа, өзі жаман бала екен!» деуінің 
мәнісі 
A) Балаға көз тимесін деген ниет көрінісі 
B) Нәрестеге көңілі толмағандықтан 
C) Ел ішінде сәбиді еркелетудің сондай салты қалыптасқан 
D) Баланың түр-тұлғасына қарата айтады 
E) Баланың дені сау болып өссін деген ниет 
5. Халықтың ескі наным-сенімі мәтіннің қай бөлігінде сөз болады? 
A) Екінші          B) Үшінші          C) Төртінші          D) Бесінші          E) Бірінші 
6. Сүйінші сұраушылар қыз бала дүниеге келгенін жұртқа қалай жеткізген? 
A) «Тізгін ұстар» деген сөз арқылы 
B) «Ат ұстар» деген сөз арқылы 
C) «Күл шашар» деген сөз арқылы 
D) «Ноқта жетектер» деген сөз арқылы 
E) «Қырық жеті» деген сөз арқылы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет