Аудармашыға екі қасиет қажет. Бірі талғампаздық, екіншісі ой тереңдігі. Талғампаздық деп отырғанымыз Абайдың хакімдігінің бір қыры. Абай бас салып кім көрінгенді аудармағаң ол аудармақшы болған автормен өзі бәсекеге түскен. Абайдың аудармалары, шын мәнінде, ой жарыстыру. Сондықтан Абай жасаған аудармаларын оның ой кеңістігінің өрісі деп қабылдаған жөн. Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан таңдап, талғап, әсіресе екі ақынды аударған олар Александр Пушкин және Михаил Лермонтов. Абайдың талғампаздығына таң-тамаша қаласың. Орыс елімен, оның мәдениетімен мәңгілік қалатын, ешқандай өзге құндылық өлшемдеріне түспейтін екі ғалымды Абай бұлжытпай таныған және қазақ халқына таныстыру мақсатында, олардың шығармаларын қазақтіліне аударған. Абай орыс ақыны Александр Пушкиннің өлеңмен жазылған "Евгений Онегин" деген романын толық аудармағаң одан үзінділер тәржімалағак Абай: "Онегиннің сипаты," "Татьянаның Онегинге жазған хаты," "Онегиннің Татъянаға жауабы," "Онегин сөзі," "Онегиннің Татьянаға жазған хаты," "Татьянаның сөзі," "Ленскийдің сөзінен" және "Онегиннің өлердегі сөзі" - деп жеке-жеке сегіз шығарма етіп аударған Неге Абай романды қазақ тіліне толық аудармаған, әрине оның себебін дөп басып айту қиың бірақ мен ойлаймың егер "Евгений Онегинді" толық аударса, оны қазақ оқырмандары қабылдамас еді, сірә, Абай соны түсінген, Қазақ оқырмандары махаббат, ғашықтық тақырыбына "Ләйлі Мәжнүннен" бастап өңкей классикалық ғажап туындылармен сусындап келе жатқан қауым, сондықтан болар Онегиннің Татьянаға шалажансар сезімін қалайша қабылдамақ. Әрине, қабылдай алмайды. Шығыстық дәстүрде ғашықтар құрбандыққа дейін барулары керек, айталық Қозы Көрпеш-Баян сұлу сияқты. Осыны түсінген Абай "Евгений Онегиннен" үзінділерді таңдап алып аударып, олардың өзін қазақы ұғымдармен сөйлетіп қойғаң ол "Татьяна сөзін" "Тәңірі қосқан жар едің сен", деп бастайды.
Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауызданауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына - ауыл-аймағына, кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды.
Достарыңызбен бөлісу: |