Механика пәні. Материялық нүктенің кинематикасы, Айналмалы қозғалыс кинематикасы


Әдебиет 1,3,4,5,8 №10 дәріс Тақырып



бет10/12
Дата15.02.2023
өлшемі0,66 Mb.
#68137
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
МЕХАНИКА ЛЕКЦИЯ

Әдебиет 1,3,4,5,8

10 дәріс Тақырып: “Арнаулы салыстырмалылық теорияның негіздері. Релятивистік кинематика”, “Арнаулы салыстырмалылық теорияның негіздері. Релятивистік динамика”




Дәріс мазмұны: “Жарық жылдамдығын анықтайтын тәжірибелер. Эйнштейн постулаттары. Лоренц түрлендірулері. АСТ-дағы жылдамдықтарды қосу. Кеңістік және уақыт туралы түсініктердің дамуы. “Бұрын”, “Кейін”, “Біруақытта” түсініктері. Кеңістік-уақыттық интервал. Жарық конусы. Меншікті уақыт. Меншікті ұзындық. Қозғалыс кезіндегі дененің көлемінің өзгеруі ”
Эйнштейн постулаттары. Релятивистік механика (латынша, relntivus – салыстырмалы) физиканың тарауы болып табылады. Мұнда жарықтың жылдамдығын салыстыратын ≈c жылдамдықтарымен қозғалатын денелердің заңдары қарастырылады. Релятивистік механиканың математикалық негіздері Ж.А.Пуанкаре (1854-1912) жəне Х.Лоренцтің еңбектеріне енді. Бірақ релятивистік механика ғылым ретінде 1905 жыл А.Эйнштейн жасаған арнаулы салыстырмалылық теориядан (АСТ) кейін қалыптасады. Теория негізінен нəзік жəне эффективті оптикалық эксперименттермен жəне шапшаң қозғалатын элементар бөлшектерімен жүргізілген тəжірибелерінен дəлелденді. Ол құбылыстарды жарық жылдамдығы жуық жылдамдықтар кезінде қарастырып, ал аз жылдамдықтарда ( )с≤ υ оның нəтижелері Ньютон механикасының нəтижелерімен сəйкес келетін барлық физикалық теориялардың негізіне енді. АСТ-ның негізіне тəжірибелік берілгендерді жалпыламалау үшін болып табылатын Эйнштейннің екі постулаты жатады.
11 дәріс“Денелердің тербелмелі қозғалысы”“Механикалық гармониялық тербеліс”
Дәріс мазмұны: “Тербеліс түрлері, белгілері, анықтамасы. Гармониялық тербеліс. Еркін, өшетін және мәжбүр тербелістер. Тербелісті сипаттайтын физикалық шамалар: амплитуда, циклдік жиілік, тербеліс фазасы, период, жиілік”Тербелмелі қозғалыстың табиғат пен техникадағы орны. Тербеліс түрлері, белгілері, анықтамасы. Бір өлшемді осцилятор. Гармониялық тербеліс. Еркін, өшетін жəне мəжбүр тербелістер.
Механикалық тербелістерді зерттеуге кіріскенде олардың қысқаша классификациясын берелік. Анықтама бойынша, уақыт бойынша бір немесе басқа бір қайталанатындай дəрежеге ие материалдық нысанның қозғалысы тербелмелі қозғалыс тербелістер деп аталады. Егер тербелістер жүйеде бастапқыда берілген энергияның есебінен жəне сыртқы əсердің есебінен жүзеге асатын тербелісті еркін тербелістер деп атайды. Ал тұтқырлық кедергі немесе үйкеліс күштері болған кездегі тербеліс өшетін тербелістер деп атайды. Сыртқы (қоздырушы) бойынша айнымалы күштердің əсері нəтижесінде пайда болатын тербелістер мəжбүр тербелістер деп атайды. Гармониялық тербелістер дегеніміз оларды сипаттайтын физикалық шамалар синус немесе косинус заңы бойынша өзгеретін тербелістер. Қарсы жағдайда тербелістер айырмашылықтар деп аталады, яғни гормониялық емес.

12 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет