Энергия – қозғалыстың және материя түрлерінің әсер ету мөлшерлерінің өлшемі.
Материяның әр түрлі қозғалыстарымен энергияның әр түрлері байланысты.Энергия техниканың барлық салаларында кездеседі.
механикалық
дыбыстық
химиялық
электрлік
жылулық
ядролық
Сәулелену
магниттік
Энергия – физикалық шама
Физикалық шама туралы не білуіміз керек?
Анықтамасын
Белгіленуін
Өлшем бірлігін
Энергия – дененің жұмыс жасай білу қабілетін сипаттайтын физикалық шама.
Энергия Е – әрпімен белгіленеді
Энергия джоульмен өрнектеледі. Е = 1 [ Дж]
Потенциалдық энергия Еп
.
h
Eп1
Eп0
Потенциалдық (латынша потенция- мүмкіншілік) энергия деп әр түрлі денелердің (немесе бір дене бөліктерінің) өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.
Ауырлық күші әрекет ететін жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясы сол дененің массасына және көтерілу биіктігіне тәуелді:
Еn= mgh (Дж)
m- дене массасы(кг)
g- еркін түсу үдеуі(9.81 H/кг)
h- биіктік(м)
Кинетикалық энергия
Кинетикалық (грекше кинетикос- қозғалыс) энергия деп денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергияны айтады.
Дененің кинетикалық энергиясы дененің массасы мен жылдамдығының квадратына тура пропорционал болады:
m- дене массасы
υ- дене жылдамдығы
Энергияның сақталу заңы
Тысқары күштермен әрекеттеспейтін денелердің идеал жүйесін тұйық жүйе деп атайды.
Тұйық жүйенің механикалық энергиясы денелерді кез-келген орналасу қалпында өзгеріссіз калады.